Мәліметтердің желілік моделі (МЖМ).
Желілік модель құрылымы жалпы түрдегі графпен көрсетілетін МБ ұйымдастыруға мүмкіндік береді (Мжм мысалы – 3.3 суретте). Желілік моделдегі мәліметтердің ұйымдасуы CODASYL версиясы бойынша мәліметтер құрылымдануына сай келеді. Графтың әрбір төбесі мәндер (жазбалар) экземплярларын және басқа типтегі мәндермен топтық қатынастар жайлы мәліметтерді сақтайды. Әрбір жазба мәндер экземплярына сай келетін атрибут мәндерінің (мәліметтер мен агрегат элементтерінің туынды санын) сақтауы мүмкін.
Топтық қатынастар мына белгілерді сипаттайды.
Бағынышты жазбаларды реттеу тәсілі.
Реттеудің үш тәсілі қолданылады:
Кезек – тізім соңына қосу (FIFO – first input6 first oufput).
Стек – тізім басына қосу (LIFO – last input6 first output) .
Кілт мәндері бойынша сорттау. Бұл жағдайда кілттік өріс беріліп, қайтадан түскен жазба осы өріс (кілт мәніне) мәніне сай реттелген тізімне қосылады.
Бағынышты жазбаларды қосу режимі.
Қосу режимі автоматты және қолмен болады.
Автоматты режим кезінде бағынышты жазба міндетті жазбаның жазба – иесімен байланыста болатындықтан, ол топтық қатынасқа қосылып, МБ – на енгізу сәйкес жазба – иесіне бекітіледі.
Қолмен қосу режимі кезінде бағыныштыжазба МБ- да болып, жазба – иесіне бекітілмейуі мүмкін. Ол топтық қатынасқа осы қатынас(байланыс) туындаған кезде қолмен қосылады.
Бағынышты жазбаларды шектеу режимі.
Шектеу режимі мүшелік класымен анықталады. Мүшеліктің үш класын бөліп көрсетуге болады: тіркелген, міндетті және міндетті емес.
Тіркелген мүшелігі бар жазбалар жазба – иесімен бірге жойылады. Міндетті мүшелігі бар жазбалар жазба – иесі жойылғанша жабылуы тиіс. Міндетті емес мүшелігі бар жазбалар жазба – иесін жою кезінде МБ – да қалады.
МЖМ – де мәліметтермен жұмыс істеудің мына операциялары қолдаылады:
МЖМ – дегі жазбалар арасындағы байланыстар негізінен нұсқағыштар түрінде орындалған.
Мәліметтердің желілік моделінде мәліметтерді манипуляциялау мен навигациялаудың арнайы тәсілдері қарастырылған. Графикалық моделдердегі навигациясы аппараты мәліметтерді манипуляциялаудың кезекті операциясы орындалатын мәліметтер обьектілерін орнату үшін қызмет атқаруы мүмкін. Мұндай обьектілер ағымдық деп аталады. МЖМ – де мына өтулер болуы мүмкін:
Белгілі бір типтегі жазбаның ағымдағы экземплярынан осы типтегі жазбаның басқа экземплярына өту;
Ағымдағы төбеден ағымдағы топтық қатынаспен байланысқан кез – келген төбеге өту.
МЖМ жүзеге асырудың ең кең тараған және стандартталған түрі болып CODASYL моделі табылады. Осыған сай МБ сызбасының операциясы COBOL тілінде, ал мәліметтерді манипуляциялау – жоғары деңгейлі бағдарламалаудың қосу тілі көмегімен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |