1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет74/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Тұрақтышығыстардыесептеу

Тұрақты шығыстар, теңге

7500

Қызметкер

2500

Жалға алу

4000

Жарнама шығыстары

1000

Залалсыздық нүктесін есептеу

Сату көлемі, дана

200

Сату көлемі, теңге

12500

Бағасы 95 тг болғанда сатудың табыстылығы (рентабельділігі)

34%

Формулаға қолда бар деректерді қойып, біз (7500+25*200)/200 = 62,5 тең- гені құрайтын ең төмен бағаны көреміз. Сөйтіп, бағасы 62,5 теңге болса, жобамыз шығынсыз болады. Бұл баға 95 теңге болса, сатудан қосымша пайда алуға мүмкін- дік беретінін және компания үшін тиімді болатынын білдіреді.


Бұл ретте бағасы 95 теңге болғанда, сатудың табыстылығы 34% болады:
Есептеудің екінші нұсқасы: бағасы мен шығыстарды білеміз.
Осы нұсқа әлемдік тәжірибеде кең таралған. Көп жағдайда компания жобаны іске асырар кезде нарық тауарды қай бағамен сатып алуға дайын екенін және қай бағамен тауар өзінің нарықтағы жайғасымына сәйкес келетінін, сонымен қатар жобаның дамуына жұмсалатын тұрақты және ауыспалы шығыстарды біледі. Осы жағдайда біз шығыстардың қазіргі деңгейінде нөлдік пайдаға шығаратын көлемді анықтауымыз қажет. Бұл ретте залалсыздық нүктесін табуға формула көмектеседі:
X = FC / (P-VC), мұнда VC – өнімнің 1 бірлігінің өзіндік құны, Р – тауардың 1 бірлігінің бағасы, ал FC – жобаның тұрақты шығыстары.
Excel-де екінші тәсіл бойынша залалсыздық нүктесін қалай есептеуге болаты- нына мысал келтірейік. Біз алма өндіретін компания ашып жатырмыз делік. Өн- дірісіміздің тұрақты шығыстары 7500 теңге, 1 бірліктің өзіндік құны – 35 теңге, ал тиелім бағасы – 75 теңге құрайтынын білеміз. Жобаның залалсыздық нүктесінде өндіріс көлемін есептеу қажет, ол үшін жоғарыдағы формуланы қолданайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет