Кәсіпкерлік пайда – табыстың ерекше түрі, жеке бизнес саласындағы іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік пен коммерциялық табыс әкелетін жаңа идеяларды, техникалық және ұйымдастырудың жаңа әдістерін жүзеге асырудан айқындалатын жаңашылдық үшін сыйақы.
Пайда қуу кәсіпкерлерді өз капиталын тәуекелге тігіп, қызметкерлерді жалдап және тауарларды өндіру мен қызмет түрлерін ұсыну үшін қажет болатын нәрсенің барлығын сатып алуға мәжбүрлейді. Пайда сонымен қатар үлкен ынталандырушы күш болып табылады.
Алайда, адамдарды бизнеспен айналысуға итермелейтін жалғыз себеп пайда табу ғана емес. Өз ісін бастауға сонымен қатар жеке басының тәуелсіздігіне қол жеткізу және сүйікті ісімен өзіне ыңғайлы болатын уақытта айналысу мүмкіндігі, өз қабілетін ашуға немесе отбасылық дәстүрлерді жалғастыруға деген ниеті ынталандыруы мүмкін.
Өз бизнесіңізді құру кезеңдері
Шешім қабылдамас бұрын өзіңіздің келешек кәсіпорныңыздың табысты болатынына Сіздің қаншалықты сенімді екеніңізді ойлап көріңіз. Себебі жеке өз бизнесің дегеніміз – бұл ермек емес, бұл адамның соған толық берілуін қажет ететін жұмыс.
Егер Сіздің ниетіңіз (мотивацияңыз) болса, Сіз өз-өзіңізге сенімді болып және кәсіпкерлердің көп санды әскерінің құрамына енуге дайын болсаңыз – ТЭН (өз бизнесіңіздің техникалық-экономикалық негіздемесін) жасауға кірісіңіз. Асықпаңыз, өз ісіңізбен байланысты алдағы уақытта күтіп тұрған барлық ықтимал жағдайларды, мүмкіндіктер мен тәуекелдерді есептеп шығыңыз. Мұндай негіздеме, ең алдымен, Сіздің өзіңізге қажет. Оны құрастыру кезінде Сіз мүмкін, бизнесіңіздің сондай бір қуантарлық картинасына ие болмайтын боларсыз, алайда Сіздің табысқа жету жолында қандай қиындақтарға кез болатыныңызды түсінетін боласыз. Келешек бизнесті сипаттау бізге өзіміздің келешек айналысатын кәсіпкерлік қызметімізге неғұрлым түбегейлі көзқараспен қарауға көмектеседі.
Бизнеске ТЭН беру үшін кәсіпкерліктің ең басты құжаттарының бірі – бизнес-жоспарды құру қажет, оған бизнес-идея, маркетинг жоспары, қаржы, қызметкерлер бойынша жоспар кіреді. Сонымен қатар Сізге толыққанды жұмыс істеу үшін қандай бастапқы капиталдың қажет болатынын түсіну керек. Бастапқы капитал мен көздері туралы төменіректе берілген мәліметтерді оқып, біле аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |