Экономикалық теория – шекті ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін, сонымен қатар қоғамдағы өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну араларындағы байланысты талдайтын ілім.
Экономикс - барлық экономика ғылымдарының жетістіктерін жинақтайтын, бизнес заңдарын және оларды іске асыру тетігін, шаруашылықты жүргізу әдістерін, экономикалық саясатты, экономиканың кез-келген саласындағы практикалық қызметтің проблемасы мен қайшылықтарын ашатын ғылыми пән.
Экономикалық ғылымды, яғни экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Экономикалық теорияның зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілердің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономикалық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық процестер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет және сыртқы орта.
Экономикалық теория адами, қоғамдық ғылым ретінде қоршаған ортаны және өмір тіршілігін танып білудің көптеген әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның жалпы әдістеріне мыналар жатады:
Диалектикалық әдіс барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан жәй түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырады.
Логикалық әдіс құбылыс пен процестің пайда болуын, дамуын, өсу жолдарын көрсету үшін пайдаланылады.
Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстың кездейсоқ, өткінші жақтарын оқшаулап, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету үшін қолданылады.
Индукцияәдісінде жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.
Дедукция жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің, процестердің жеке ерекшеліктерін сипаттайды.
Экономикалық үлгі модельдер – экономикалық құбылыстардың өзгеру себептерін, заңдылықтарын, олардың нәтижелерін анықтауға, экономикалық процесстерді болжауға мүмкіндік береді.
Анализ - зерттелетін экономикалық процесті немесе құбылысты жеке бөліктерге бөліп, әрқайсысын тұтас процестің немесе құбылыстың бір бөлігі ретінде қарастырады.