8 тақырып: Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары.
Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, оның экономикадағы ролі.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері.
Кәсіпкерліктің түрлері, нысандары мен жіктелуі.
8.1. Кәсіпкерлік заңмен рұқсат етілген, меншік, жалданған мүлік есебінен табыс табу мақсатымен жүргізілетін шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік шаруашылық ізденіссіз, жаңашылдықсыз мүмкін емес. Бәсекелік күресте тек жоғары сапалы өнім өндіріп, оны әрқашан жаңартын отыратын ғана кәсіпорын жеңе алады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының ерекшелігі ол экономика дамуының маңызды және ұзақ мерзімді факторы ретінде қарастырылады.
Ел басының 2005 жылдың ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауына келесідей делінген: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Сондықтан да біз шағын және орта кәсіпкерлікті датытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзетуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кіріп, иннновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс». (№-- 2дебиет) Осы жолдау сөздерінен кәсіпкерліктің экономикадағы үлкен маңыздылығын көруге болады.
Қоғам дамуының тарихи процесінде кәсіпкерлер орны олардың атқаратын қызметтерімен анықталады:
олар ресурстарды, жер, капитал, және еңбекті тауар және қызметтердің өндіріс процесіне ұштастыру инициативасын алады;
олар - жаңашылдар, себебі коммерциялық негізде жаңа өнімдерді, өндірістік технологияларды, бизнес ұйымдарын еңгізеді:
кәсіпорында тиімді есеп жүргізу жүйесі, өндіріс шығындарымен жіберу бағасының пропорционалды қатынасы пайдаланылады;
адамдар қажеттілігін қанағаттандырады, ең алдымен күнделікті еңбекке;
нарық жағдайында адамдардың әлеуметтік қорғалуының кепілі ретінде туындайды, олардың арқасында еңбекпен қамту мәселелері шешіледі;
мәдениет пен ғылымның дамуына, экологиялық және қоғамның тағы да басқадай мәселелерін шешуде көмегін тигізеді;
адамдардың әл- ауқатының жақсаруына әсерін тигізеді, нәтижесінде тұтуны ынталандырылады.
Осы факторлердің негізінде кәсіпкерлікті нарықтық шаруашылықтың экономикалық өсуінің қозғаушы күші ретінде бағалауға болады. Олар келесілерді туындайды:
жұмысшылардың материалды және мәдени деңгейінің жоғарлауы, олардың мүдделерінің шеңберінің кеңеюі – бұл жағдай олардың күнделікті тұтыну тауарларына деген қажеттілігімен қоса жекелік сипаттағы қажеттілдіктерді де тудырады, бұл қажеттіліктерді шағын кәсіпорындар қанағаттандыра алады, ал ірі кәсіпорындар үшін бұл қызмет түрлері тиімсіз болып табылады.
тұрғындар табысын тарту (қонақ үйлерін, т.б. халыққа қызмет көрсету орындарын салу);
монополияға қарсы заңнама жағдайында өндіріс бәсекесін қалыптастыру;
еркін баға қалыптастыру, алынған пайданы қолдану құқы;
ғылым және өндіріс мүдделерін ұштастыру;
шетелдік әріспестермен инвесторлерді тарту;
азаматтардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуы оларға келесідей мүмкіндіктер береді: өз өнерін, қабілеті мен еңбек дағдыларын ортақ мүдде үшін пайдалануға; тұрғындардың қаржылық құралдарын, қосымша еңбек ресурстарын (зейнеткерлер, студент, үй шаруашылығындағы және еңбек қабілеті шектелген адамдарды) өндіріске тартуға; өзіне, туғандарына өмір сүрудің дұрыс жағдайларын камтамасыз етуге.
Кәсіпкерлік өздігінен өзі дамымайды оны дамыту бойынша іс- шаралар жүргізу қажет. Бұл шараларды келесідей негізгі факторлық топтарға біріктіруге болады: