Корпорация – біріккен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған адамдардың жиынтығы. Мұнда меншікке құқық акциялар негізінде бөлінеді. Артықшылығы
Корпорация – біріккен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған адамдардың жиынтығы. Мұнда меншікке құқық акциялар негізінде бөлінеді. Артықшылығы: акциялар мен облигацияларды сату арқылы капиталды өзіне қаратудың мүмкіншілігі бар. Кемшілігі: екі рет салық салынады, бірінші кәсіпорын пайдасына салынса, екінші акция иесінің жеке табысына салынады. Акционерлік қоғам – бұл заңдық құқығы және жарғысы бар қоғам. Жеке адам және заңды тұлғалар акционерлер бола алады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар. 1. «Капитал айналымы» деген не?
2. Өндірістік капиталдың қандай бөлімі негізгі және айналым капиталы болып есептеледі?
3. Негізгі және айналмалы капиталдың айналымының фазалары қандай?
4. Амортизация деген не?
5. Амортизациялық қор не үшін қажет?
6. Инвестицияның экономикалық мәні неде?
7. Инвестицияның түрлері қандай?
8. Моральдық тозудың түріне әсер ететін себептер қандай?
9. Кәсіпкерлік пен бизнес арасында қандай айырмашылық бар?
10. Кәсіпкерліктің Қазақстандағы даму бағыттары қандай?
Тақырып бойынша тест тапсырмалары. 1. Өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық кәсiпкерлiк деп кәсiпкерлiктi қандай белгiсiне байланысты жiктеген?
А. қызмет мазмұнына байланысты
Б. көлемiне байланысты
В. ұйымдастыру нысанына байланысты
Г. меншiк нысанына байланысты
Д. барлық белгілеріне байланысты
2. Негiзгi қорды пайдалану барысында оның өзiнiң негiзгi қасиеттерiн жоғалтуы не деп аталады ?
А. моральдық тозу
Б. физикалық тозу
В. негiзгi қордың тозуы
Г. амортизация
Д. инфляция
3. Негiзгi қордың физикалық жағынан жарамды болса да, экономикалық жағынан тиімсіз болуы не деп аталады ?
А. негiзгi қордың тозуы
Б. физикалық тозу
В. моральдық тозу
Г. амортизация
Д. инвестиция
4. Рухани құндылықтар мен тауарларды, қызметтерді өндірумен байланысты кәсіпкерлік түрі.
А. қаржылық
Б. сақтандырушы
В. делдалдық
Г. өндірістік
Д. коммерциялық
5. Капиталдың белгілі бір кезеңдерден өтіп қайтадан өз формасына келуі қалай аталады?
А. амортизация
Б. кәсіпкерлік
В. тозу
Г. бәсекелестік
Д. кәсіпорын капиталының айналымы
6. Бір өндіріс процесінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын дайын өнімге толық өткізетін өндірістік капиталдың бір бөлігі.
А. айналмалы капитал
Б. негізгі капитал
В. ақша капиталы
Г. тауар капиталы
Д. өндіріс капиталы
7. Экономикадағы әртүрлі сала кәсіпорындарына салынатын ұзақ мерзімді капитал салымдары қалай аталады?
А. инфляция
Б. инвестиция
В. экономикалық өсу
Г. капитал айналымы
Д. кәсіпкерлік
8. Кәсіпкер – пайда табу және коммерциялық идеяны жүзеге асыру үшін экономикалық тәуекелділікке баратын меншік иесі деген кім?
А. Карл Маркс
Б. Ричард Кантильон
В. Адам Смит
Г. Иозеф Шумпетер
Д. Давид Рикардо
9. Өзара келісім-шарттарда қызығушы жақтарды кездестіруші қызметін атқаратын кәсіпкерлік түрі – бұл:
А. қаржылық
Б. сақтандырушы
В. коммерциялық
Г. делдалдық
Д. жеке
10. Өндірісті ашуға және дамытуға қажетті қаражаттар:
А. тауар капиталы
Б. өндірістік капитал
В. жеке капитал
Г. мемлекеттік капитал
Д. ақша капиталы