1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі


Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық негізде жіктелуі



бет9/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Фонетика лекция

Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық негізде жіктелуі.
Сапархан Мырзабек «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» (1999): Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен 3 топқа бөлінеді: а) ерін (лабиаль) фонемалар: п,б,в,ф,м,у; ә) тіл (лингваль) фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,гқ,ғ,ң,л,р,й; б) көмей(фарингаль) фонемасы: һ.
Ерін фонемалары іштей еріндік (п,бм,у) және ерін мен тіс (ф,в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п,б,м) немесе дөңгелене ерін үстіңгісі (күрек) тіске жуысады.
Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т.б. түрде бөлінеді. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның мәні аз.
Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерінің қатысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен, қан, қон сөздерінің соңындағы н дыбысы қосымша жасалған кезде ң (айтылуы қаңға, қоңған) кейде м (айтылуы «(қанмен, қамды)болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.
Үнсіздер артикуляциялық жақтан ұқсастығының арқасында б,п, және м фонемалары қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады. Мысалы: -бын/-пын/-мын;-мыз/-пыз/-быз; -мен /-бен/-пен, -ма/-ба/-па т.б. сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыбыстардың әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: ақпала(ақ бала), сәтпай (сәтбай), қабады(қап-ады). Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып(тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп).

М.Дүйсебаева: «Қазақ тіліндегі қос ерінді (билабиаль) б дыбысы екі дауысты дыбыстың арасында, сонар дыбыс пен дауысыты дыбыстың арасында , ұяң з дыбысы мен дауысты дыбыстың арасында в дыбысына жуық айтылады. Мысалы: Бурабай, әрбір, Ақтөбе, қабақ, әдеби, жазба, жабу, табу, сабақ сөздері Бұуравай, әрвір, ақтове, қавақ, әдеви, жазва, жавұу, тавұу, савақ түрінде айтылып тұр»- дейді.


А.Айғабылов в-ның өрісін ұзарта түседі. Оның түсінігінше, дыбдыр, сыбдыр, күбжіңде, абзал сөздері «тек дывдыр, күвжіңде, авзал» түрінде айталыды., сондай-ақ алып жібер, сатып же, доп жоқ тіркестері айтылуда алыв жібер, сатыв же, дов жоқ болып айтылады.
М.Серғалиев: «Қазақ тілінің табиғатын толық игергісі келген адамның сөйлеу тіліндегі б дыбысының әр алуан дыбысталуын білгені жөн. Сөз ішінде немесе сөз аралығында а,ә,е,о,ө,ұ,ы,і дыбыстарынан кейін екі дауыстының аралығында, сондай-ақ з,й,л,р,у дауыссыздарынан кейін келсе және д,з,ж, дауыссыздарының алдында тұрса, в дыбысына жуық айтылады: жав-жаңа, (жап-жаңа), бір вет(бір бет), бөкевай (бөкебай), кевенек(кебенек).
1941 жылы М.Балақаевтың үлкендер мектебіне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» өңделіп 3-рет басылды. Қаулы мен енген аталған үш әріп (в,ф, х) дауыссыздарыдың қатарынан орын алды.
Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары» (1987) еңбегінде аталған әріптердің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сыналып ену жолын қадағалайды. Ол 1944 жылы педучилищеге арналған «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығының авторлары Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтің «қазақ сөздерінде қолданылмайтын ф,в,х дыбыстарын қазақ фонемалары тобына қосуларына болмайды»- десе, аталған оқулығының түзетіліп, тек өз атымен ғана 1953 жылы шыққан басылымында Н.Сауранбаев жоғарыда көрсетілген ф,х,в,һ дыбыстарын қазақ фонемалары құрамынан шығарып тастағанын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет