1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет27/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Фонетика лекция

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Тіл үндестігі.

  2. Ерін үндестігі.

  3. Ә.Жүнісбековтің «Сингармонизм» жөніндегі пікірі.

  4. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі.



Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер

  1. 1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.

  2. 2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
    Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.

  3. 3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет

  4. 4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015

  5. 5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.

  6. 6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.

  7. 7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.

  8. 8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.

9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999


__11_ тақырып
Ассимиляция және диссимиляция
Дәріс жоспары:

  1. Дыбыстардың бір-біріне ұқсауы.

  2. Ассимиляция түрлері.

  3. Артикуляциялық ұқсастығы жоқ дыбыстар.



Мазмұны
Ассимиляция(лат. ұқсау) – морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табуы. Бұларда бірін-бірі дауыстың қатысы (ат-ты, ат-қа) және артикуляциясы жағынан игеріп тұрады. Соңғыға мысал қаңға (қан-ға), башшы (бас-шы) т.б.
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қараған жөн.
1) Прогрессивті ассимиляция
2) Регрессивті ассимиляция
3) Тоғыспалы ассимиляция
Прогрессивті ассимиляция.Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық (дауыс қатысы) жақтан ықпал етіп игеріп тұрады. Бұл әсіресе сөз (түбір) бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады. Мұның өзі сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыздарға да тікелей қатысты. Дауыссыздардың әр түріне байланысты прогрессивті ассимиляция мынадай болады:
1. Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап тұра алады және олар дауыстылар сияқты өзінен кейінгі морфеманың тек ұяң, үндіден басталуын талап етеді: мал-дың, мал-ға т.б. Қатаң дауысыздардан ерме с және ш ғана болып бұл заңға көнбейді: мал-сыз, мал-сақ т.б. Өзгелік етістіктің қатаң т жұрнағы да соңы л, н,р,й үнділеріне аяқталған туынды етістіктерге жалғана алды: жөнел-т, айнал-т т.б. Ал бунақтағы кейінгі сөздің басқы дыбысы к,қ қатаңдарынан басталатын болса, өзінен бұрынғы сөздің соңындағы үнділердің прогрессивті ықпалына ұшырап, ұяңданып кетеді: малғора (мал қора), тауғайда (тау қайда).
2. Қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан тек ж, з дыбыстары ғна сөз соңында келеді. Оның өзінде ж дыбысына аяқталатын сөздер санаулы-ақ (лаж, мұқтаж, таж, уәж). Әдетте, орыс тілінде сөз соңында ұяң дауыссыздар айтылмайды. Ал орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген сөздердің соңында ж, з әріптері жазылса, олар дыбыс болып айтыла да береді: гараж, тираж, фиксаж т.б. Қатаңдардан с,ш дыбыстарынан басталатын ерме қосымшалар ғана қосыла алады. Оның өзінде сөз соңында ұяңдар ж,з регрессивті ассимиляцияға ұшырап (с,шж) алмасады жасса (жаз-са), жашшы (жаз-шы) т.б.
3. Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алды. Сөз соңындағы қатаңдар өзінен кейінгі морфемалардың тек қатаң дауысыздардан басталуын талап етеді: тас-қа, тас-ты т.б. Түбір мен қосымша арасында қатаңның прогрессивті ықпалынан пайда болатын, бірақ алмасу кездеседі: соңы қатаң ш-ға аяқталған с дыбысынан басталатын қосымша жалғанса, с дыбысы ш-ға алмасады: ашша (аш-са), шешше (шеш-се)т.б.
Ал бунақта кейбір қатаңдардың ұяңдарға азды-көпті прогрессивті ықпалы болады. Атап айтқанда:
а) бунақтағы сөздердің алдыңғысы қатаңдарға аяқталып, келесі сөз ұяң б, г,ғ дыбыстарынан басталса, онда олар қатаңданып айтылады: кешполды (кеш болды), бесқасыр (бес ғасыр).
ә) бунақ ішінде тж қатар келсе, ж қатаңданып ш-ға жуықтап айтылады: шетшер (шет жер), итшеккен (ит жеккен).
б) сондай-ақ сд, тд, шд қатар келгенде, д қатаңданып, т-ға жуықтайды: тастәуір (тас дәуір), бестыбыс (бес дыбыс).
в) қатаң даукысыздарға аяқталған сөздерден соң де көмекші етістігі келгенде д қатаңданады: ақте (ақ де), көкте (көк де).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет