Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі. Қазіргі қазақ тілінде б, в, д,ғ ұяңдарынан басқа дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады және бұларға дауыстылардан басталатын қосымшалар ретіне қарай жалғана береді.Бұған көз жеткізу үшін зат есімдерді тәуелдеп, етістіктерді есімше, әсіресе көсемше формаларында айтып көру жеткілікті: ас (зат есім). Түбір соңындағы дауыссыздардың ішінде келесі морфеманың басында кездесетін дыбыстың сапасына сергек қарайтын үш дыбыс бар. Олар – қ, к, п. Түбір соңындағы қатаң к, қ, п дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда ұяңданып ғ,г,б дауыстыларымен алмасады. Мысалы: тарағы (тарақ-ы) т.б.
Бір қарағанда бұлжымастай көрінетін осы заңнан ауытқуда ұшырайды. Атап айтқанда:
а) еліктеуіштер бұл заңға илікпейді: жарқ етті ,(жарқ-ыл) т.б.
ә) екінші буындағы қысаң дауыстылар түсіп қалған жағдайда: үрк-ек, үрк-е т.б.
б) сын есім тудыратын ы жұрнағы жалғанғанда: қазақы, қалмақы, тозақы.
в) фамилияға –ов, -ев қосылғанда: Беков, Қазақов т.б.
г) тәуелдік жалғауы жалғанғанда екі сөздің соңындағы п сақталады: тарапы, сапында т.б. Бұл жалпы заңнан ауытқу ғана.
Қарапайым сөйлеу тілінде бұдан басқаша айту да кездеседі:
а) әлгіндей бунақта қатаң п және көмекші етістіктің құрамындағы қысаң і дыбысы мүлдем түсіп қалады: айтыжбер (айтып жібер), қаражбер (қарап жібір).
ә) негізгі етістік ұяң з-ға аяқталса көсемшенің жұрнағы мүлдем түсіп қалады да, з регрессивті ықпалға ұшырап ж-ға айналады жажжбер (жазып жібір), ежжбер (езіп жібір).
б) етістік с, сы-ға аяқталса с, шы-ға жуықтайды: кешіжберші (кесіп жіберші), тешіжбер (тесіп жібір).
Сондай-ақ сөйлеу тілінде кейбір бунақтың алдыңдағы сөзді қысаң дауыстыларға аяқталып, келесі сөз әр түрлі дауыссыздардан басталса, әлгі қысаң дауысты түсіп қалады: Қажғали (Қажығали), Қажмұқан (Қажымұқан). Тіпті соңғы буындағы дауыссыздың кейінгі сөздің басындағы дауыссызбен үндесуіне де қысаңдар кедергі келтірмейді: қожжаурұн (қозы жауырын), ошшақ (осы шақ, осы жақ). Ал екі сөзінің қатаң к, қ –ден басталатын сөздермен үндесуі өз алдына: еккүн (екі күн), еккелді (екі келді).