Тоғыспалы ассимиляция.Морфемалар аралығында қатар келген дауысыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция дейміз. Яғни тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші дауыссыздар әрә прогрессивті,әрі регрессивті ассимиляцияға бірдей ұшырайды. Бұл екі түрлі жағдайда ғана, оның өзінде сөзбен-сөздің аралығында кездеседі:
a) Алдыңғы сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ немесе к қатаңдарынан басталса онда нк және нқ түріндегі дыбыс тіркесі ңғ, ңг дыбыстарына алмасады. Мұның себебін былай түсіну керек: алдымен прогрессивті ассимиляция заңы бойынша ұяң н дыбысы қатаң қ, к дыбыстарының ұяң ғ,г дыбыстарымен алмасуға мәжбүр етеді де, тіл арты ғ,г тіл алды н дыбысына артикуляциялық жақтан регрессивті ықпал етіп, оны тіл арты ң дыбысымен алмастырады: амаңгелді (аман келді), оңгүндүк (он күндік).
ә) Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, онда бұлардың екеуі де ш дыбысымен алмасады. Сонда алдымен с қатаңы ұяң ж дыбысын қатаң ш-ға айналдырады, кеісінше, қос фокусты ш бір фокусты с дыбысын толық игеріп, ш мен алмастырады: ташшол (тас жол), башшақта (бас жақта), ошшақ (осы жақ) болып та келеді. Халық тілінде қос ш қысқарып та айтылады: Қошан (Қосжан), Ешан (Есжан).
Сонымен морфемалар аралығында қатар келген дауысыздардың алдымен алдыңғысы кейінгісін дауыс қатысы жағынан тәуелді етіп тұрады. Бұл заң бойынша қосымшалардың басқы дыбысы әбден игеріледі. Алайда артикуляциялық жақтан кейбір селкеуліктер (сәйкессіздіктер) қалады. Мұны регрессивті ассимиляция реттейді.
Диссимиляция.Диссимиляция (лат. ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді. Яғни диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. Олар бір-бірімен қатар (контактілі диссимиляция) және араға басқа дыбыстар салып (контактісіз диссимиляция) тұруы мүмкін.
Бұл - әдеби тілде сирек құбылыс, көбіне нормаланбаған тілде (диалект, қарапайым тілде және балалар тілінде) кездеседі. Ассимиляция сияқты бұл жа прогрессивті және регрессивті болады. Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба, трамвай сөзін бонба, транвай түрде айту ұшырайды. Яғни б-мен ерін қатысы жағынан жарасым тауып тұрған м дыбысы «аласталып», оның орнын тіл алды н алады. Сондай-ақ коридорды колидор түрде айту бар. Бұлар регрессивті диссимиляция.
Ал февральді феврарь түрде айту – прегрессивті диссимиляция. К.Аханов «Шығу төркінінде молла (араб сөзі) түрінде дыбысталатын сөз қырғыз, қазақ тілдерінде молда түрінде айтылады. Бұл сөздің құрамындағы үнді л дыбысының ұяң д дыбысына айналуы да диссимиляция болар еді, ал біздің тіліміз үшін түсініксіз құбылыс емес, табиғи заңдылық болса керек. Бұдан гөрі диалектілік айту: маңлай (маңдай), таңлай (таңдай), түңлүк (түңдік), қарапайым сөйлеуде кездесетін айдалайын («Айман Шолпанда») немесе айланайын (айналайын), балалар тіліндегі қол-бақ (қолғап) осы заңға орай жасалған деуге болады.Әсіресе орфоэпияны елемей, сезді жазылуынша жанбады. (айтылуы жамбады) жанған (жаңған), Жан-пейіс (Жәмпейіс), Жанбота (Жамбота), он мың (ом-мың), көзсіз (көссіз), жұмысшы (жұмұшшы) түрде бұзып айту диссимиляцияға әрі нақты, әрі мол мысал бола алады. Тілдегі эпентеза, гаплология, метатеза
құбылыстары осы диссимиляцияның негізінде пайда болған.