Регрессивті ассимиляция. Қазақ тілінде регрессивті ассимиляцияның күшті екендігі айтылады. Бұл заң бойынша алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссызды дауыстың қатысы (акустика) жағынан өзіне сәйкестендіріп, толық тәуелді етіп тұрады. Алайда бұл заңға кейбір қосымшалардың басында кездесетін с,ш қатаңдары көне бермейтіні ескертілді. Сондай-ақ прогрессивті ассимиляция кезінде артикуляциялық жақтан да игерілмей қалатын дыбыстар бар. Әсіресе мұндай оралымсыздықтар (сәйкессіздіктер) сөз бен сөздің аралығында көбірек ұшырайды. Алайда тіл бір яғни, үйлестік заңы мұндай сәйкессіздіктерге жол беріп отыра алмайды. Сөйтіп, прогрессивті ассимиляция кезінде акустика-артикуляциялық жақтан қалған дыбыстардың арасындағы сәйкессіздіктерді регрессивті ассимиляция керісінше, яғни кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді. Мұны алдыңғы молрфеманы (сөзің) соңында кездесетін үнді, ұяң және қатаң дауысыздар түрінде қараса да жеткілікті. Өйткені регрессивті ассимиляция сөз соңындағы дауыссыздарға кейінгі морфеманың (қосымша не сөз) басқы дауыссыздардың ықпалы түрінде ғана болады.
1. Үнді дауыссыздар да дауыстылар сияқты басқа дауыстыларға күштілік жасайды да, оларға ықпал етіп тұрады. Прогрессивті ассимиляция кезінде үнділер алмасуға ұшырайды. Ал, регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасатын бір-ақ дыбыс бар. Ол тіл алды - н. Бұл дыбыстың тіл арты ғ.,г үнсіздерінің (қ,к қатаңдары үнділерден кейін ұяңдайтыны белгілі) алдынан келіп айтылу мүмкіндігі мүлде жоқ. Сондықтан да тілімізде ертеректе енген кейбір орыс сөздерінің құрамында кездесетін нг, нк тіркесіндегі н дыбысы біржола ң дыбысына айналып кеткен: бәтеңке (ботинка), кәрзеңке (корзинка).
Сонымен н мынадай жағдайда регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасады:
а) соңы н дыбысына біткен сөздерде тіл арты ғ және г дыбыстарынан басталатын қосымшалар жалғанған кезде тіл алды н тіл арты ң дыбысына алмасады: күңгө (күн-ге), қаңға (қан-ға) т.б.
ә) соңы н дыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымша м, б дыбыстанынан басталса, онда тіл алды н қос ерін м дыбысына алмасады: қаммен (қан-мен), әммен (ән-мен) т.б. Мұндай құбылыс сөзбен сөздің аралығында да байқалады: омбір (он бір), омбес (он бес). Алдыңғы сөз н дыбысына аяқталып, кейінгі сөз п дыбысынан басталса, тіл алды н дыбысы қос ерін м дыбысына алмасады: омпарақ (он парақ), жампида (жан пида).
2. Үнділерден қазақ тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ған морфеманың құрамында ұшырайды, ал з дыбысы одан әлдеқайда актив. Бұл жіктік (сыз, сіз, мыз, міз, пыз, піз), тәуелділік (ңыз, ңіз, ыңыз, іңіз, ымыз, іміз) жалғауларында да кездеседі.
Орыс тілінде араб, клуб, архив, забод түрінде жазылғанмен, сөз соңында ұяңдар айтылмайды. Алайда қазақ тілнде гаж, тираж сияқты сөздердің соңындағы ж, з айқын айтылады да, оларға қосымшалар ұяң, үнді дауысыздарынан жалғанады: газ-дың, газ-ға, газ-бен.