1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Педагогика пәнінің міндеттері мен негізгі категориялары



бет3/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

Педагогика пәнінің міндеттері мен негізгі категориялары

-Педагогика сөзінің анықтамасы грек тілінен аударғанда «баланы жетеле» деген мағынананы білдіреді. Ол философияның білім жүйесінен тәрбиені зерттейтін ғылым ретінде бөлініп шыққан сала. Нақтырақ айтатын болсақ, педагогика – тәрбие туралы ғылым. Ал тәрбие – педагогикалық ұғымдардың бірі, тарихи жолдан өтіп, қоғамның алғаш пайда болуымен туылып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын процес.


Педагогиканың қарастыратын мәселелері олар: оқыту мен тәрбиенің жалпы теориясы және педагогикалық басқару теориясы. Оның объектісі – тәрбие ықпалымен дамитын адам, жеке адамның қалыптасуы. Пәннің өзі адамға білім берудегі әдіс-тәсілдер, заңдылықтар, түрлі формалар және принциптерді қамтиды. Әрбір ғылымның өзіне тән ұғымдары (категориялары) бар, ал педагогиканың негізгі категорияларына: тәрбие, оқу немес оқыту, білім беру мен дамыту ұғымдары жатады. Педагогиканың көптеген міндеттері бар. Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алу принциптерін, мазмұнын, әдістемесін, жасау, оның әдістемесінің әдіснамалық проблемасын ұсыну және тәрбие мен білім процесін басқару технологияларын анықтау, тәрбие мен оқытудың тәжірибесін қорытындылап, практикаға енгізу, білім беру жүйесін дамытуды ғылыми негіздеп, педагогикалық процесті ұйымдастырудың формаларын жасау, педагогтардың кәсіби шеберлігін қалыптастырып, дамыту жолдарын зерттеу дегендер педагогиканың міндеттері болып табылады.



  1. Педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы



едагогикалық теориялар: 1. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. 2. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. 3. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы. Негізгі ұғымдар: тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, басқару, тұтас педагогикалық үдеріс теориялары.
Ғылыми теория білімдердің жүйесі бола отырып, айналадағы обьективті шындықты танудың негізгі құралы болады. Ғылыми теория мұғалімнің іс-әрекетін танымдық деңгейде талдап, педагогикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті негізінде оны одан әрі дамыту мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет