1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет4/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

Педагогикалық теория дегеніміз – педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі, Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.

  1. Педагогика ғылымының зерттеу әдістері

Қазiргi кезеңде педагогикалық зерттеулер əртүрлi əдiстердiң бүтiн бiр жүйесi жəрдемiмен


алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, əңгiмелесу, мектеп құжаттарын зерттеу,
оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педгогикалық тəжiрибенi үйрену жəне
қортындылау, əлеуметтiк талдау (сұрақ, анкета жүргiзу, тестен өткiзу, рейтингтiк сараптау),
математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткiзу
жəне т.б. əдiстер.
Педагогикалық бақылау əдiсi. Бұл əдiс педагогикалық зерттеудiң қай-қайсысында да
қолданыс табады. Себебi педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушiге педаго-гикалық
жұмысқа қатысы бар деректердi үйренiп, жинақтап, белгiлеп алуды қажет етедi. Мысалға, ғалым
сабаққа қатыса отырып, оқушылардың, егер мұғалiм сабақ материалын қызықты түрде баяндаса,
жым-жырт отырып, зейiндi тыңдайтынын аңғарады. Одан əрi зерттеушiге аян болатыны: бiр
оқушылар өзiн сабақта белсендiлiкпен көрсетiп, мұғалiмнiң сұрақтарына ықласпен жауап беруге
тырысады; жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгiзедi, өздерi сұрақ қоя отырып, сабақ
мазмұнын тереңдете ұққысы келедi жəне т.б. Ал кейбiреулер сабаққа деген енжарлығы мен
зейiнсiздiгiн байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушiге алғашқы болжам-дарын
қортындылауға мүмкiндiк бередi. Оның мəн-мағынасы келесiдей болуы ықтимал:
1) оқушылардың зейiндiлiгi сабақтың мазмұндығына байланысты,
2) сабақта зейiндiлiк жəне белсендiлiк танытқан оқушы-лардың бiлiмi бiршама жоғары дəрежеде.
Бақылау əдiсi, осылайша, нақты теориялық ойпiкiрлерге нəр берiп, кейiн олар басқа да əдiстердiң көмегiмен тереңдете зерттелiп, тексерiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет