Озат педагогикалық тəжiрибенi үйрену жəне жинақтау. Бұл əдiс оқыту мен тəрбие жұмыстарын табысты өткiзiп жатқан озат мектептер мен мұғалiмдердiң тəжiрибесiн үйрену жəне оны теориялық пайымдауға негiзделген. Көп жағдайларда мұғалiмдер күнделiктi сабақ тəжiрибесiмен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалық-тарға жетiп отырады, бiрақ олардың бұл пайдалы iстерi педагогикада танылмай, тиiстi зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшiлiкке жетпей, қалып кете бередi. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы педагогикалық практика теориялық ой-пiкiрi ме, əдiстемелiк қорытындысына жетпейдi. Оқыту-тəрбие-леудiң озат тəжiрибесi теориялық пайымдау мен талдауға түссе ғана педагогикалық ғылым жүйесiнде орнығуға мүмкiндiк алады.
Педагогикадағы əлеуметтiк зерттеу əдiстерi. Жоғарыда қарастырылған əдiстер бiршама
құндылығымен қатар жалғыз-ақ елеулi кемшiлiкке ие: ғалым ол əдiстердi қолдана отырып, тар
өрiстi деректердi ғана дамытуы мүмкiн, яғни зерттеу қорытындысы болмашы сандағы мектептер
мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбiр мəселелердiң шешiмi
ауқымды зерттеудi талап етедi. Бұл ретте педагогтар əлеуметтiк зерттеу əдiстерiн (анкета
жүргiзу, рейтингтiк бағалау) алға тартады. Мұнымен қойылған мəселенi жылдам əрi көп сандағы
оқушыларға сұрақ қойып анықтауға болады.
Педагогикадағы əдiстер тiзбегi аталғандармен шектелмейдi.Олардың түрi мен формасы
педагогикалық теориямен айналысқан зерттеушi - ғалымдар мен озат мұғалiмдердiң ынта-ықылас
iзденуiне байланысты, əдiстердiң жаман, жақсысы болмайды, олардың əрбiрi өз орнында құнды.
өкiнiшке орай, сталиндiк жеке басқа табыну мен брежневтiк тоқырау жылдары педагогика
ғылымының рөлi төмендеп, оның қызметi мектеп пен бiлiм мəселелерi бойынша жоғарыдан
түскен ңданалықң көрсетпелерге түсiндiрме берiп, олардың ''тек дұрыс'' екенiн негiздеумен болды.
Бұл теориялық ой-пiкiрдiң дамуына, үлкен кедергi болып, шығармашылық ой ұмтылысын тұсаулап тастады.