1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет5/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Əңгiмелесу əдiсi. Бұл əдiс те ғалым-тəрбиешi мен тəрбиеленушiнiң екеуiнiң де бiрдей
педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жəрдемiн тигiзедi. Соның арқасында ол көрiнiс берген құбылыстардың мəнi мен септерi жөнiнде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтiрiлген оқушылардың сабаққа деген əртүрлi мiнезқұлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеушi бұл құбылыстың себептерi жөнiндегi өзiнiң пiкiрiн мұғалiмнiң ойымен салыстырғанды жөн табады. Бұл үшiн ол мұғалiммен əңгiмелесудi бiрден-бiр жол деп, сабаққа кезiккен құбылыстардың себебiн түсiндiрiп беруге мұғалiмдi ойыстырып, оның пiкiрiн бiлуге ұмтылады. Белгiленген сұрақтар бойынша, мұғалiм мен оқушы пiкiрлерiнiң өзара сай келуi немесе алшақтығы, өң берген педагогикалық жағдайдың түп төркiнiн айқындауға себiн тигiзерi, əлбетте сөзсiз.
Мектептiк құжаттар мен оқушылардың шығарма-шылық өнiмдерiн зерттеу əдiсi.
Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың
шығармашылық iс-құжаттарын көздеп отыру үлкен маңызға ие. Мысалы, оқушылардың күнделiктi сабақ бағаларының олардың жалпы үлгерiмiне ықпалын бiлу үшiн мектеп жорналымен, өткен жылдар-дағы табельдерiмен танысып шығу орынды. Мектеп кiтапханасындағы балалардың
оқырман карточкесiмен танысу олардың қызығу өрiсiнен хабар бередi. Үй тапсырма дəптерлерiн
көре отырып, зерттеушi баланың үйге берiлген жұмыстарды орындауға деген қатынасын байқайды. Белгiлi бiр тақырыпта еркiн шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым
оқушының дүниеге, қоғамға көзқарасын болжауы мүмкiн жəне т.б.
Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдас-тырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты
белгiленген мұғалiм мен оқушылардың педагогикалық iс-əрекетi. Бұл сипаттағы эксперименттер
əртүрлi: жетiскен бiлiм деңгейiн анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттерi.
Жетiскен бiлiм деңгейiн анықтау эксперименттi- зерттеу жұмыстарының бастапқы
сатысы болып, зерт-телiнуi тиiс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негiз болады.
Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шəкiрттердiң өзiн бақылауы зерттелiнуi қажет болса, осы эксперимент арқылы жəне басқа əдiстердi (əңгiмелесу, анкета) қолдана отырып, ғалымоқушылардың өзiндiк бақылау əдiстерiн қаншалықты бiлетiнiн анықтайды. Нəтижеде
оқушылардың өз оқу жұмысына өзiндiк бақылауының мүмкiндiктерi жөнiнде қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет