1-тапсырма


-тапсырма. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз



бет2/9
Дата21.10.2023
өлшемі124 Kb.
#120379
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-тапсырма

6-тапсырма. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.


Бала би: «Жерден аур не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» - деп сұраған екен. Жауапты ешкім таппаған соң , Бала бидің өзі шешіп беріпті дейді:
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім;
Судан терең дегенім – оқу-ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі;
Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.


7-тапсырма. Берілген мәтінге кешенді фонетикалық талдау жа-сау, анализдеу
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айрылған тобылғы да қуқыл реңді. ¦зарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып, елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. Салқын түннің қалың шыңы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып, шашасына дейін суландырған. (М.Ә.)

8-тапсырма. Мәтінде кездесетін дауысты дыбыстарға талдау жасаңыз.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады (Абай).
Сөздің саласын табу қиын емес,
Анасын табу қиын (Жамбыл).
Жақсының сөзі майдай,
Жаманның сөзі найзадай (Қашаған).
Пайдасыз мың сөзден бармақтай ғана пайдалы іс артық (Ғ.Мұстафин).
өткеніңді білмей, бүгінгімен өмір сүрмей, ертеңге көз салуға болмайды (М.Горький).

9-тапсырма. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
Балалар, бұл – жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра, қалалық па?!
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! (А.Байтұрсынұлы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет