27-тапсырма. Орфографиялық сөздіктен түбір тұлғалары өзгеріп, біріккен түрде жазылатын екі-үш түбірден құралған сөздерді теріп жазыңдар.
Үлгі: бүгін, биыл, көгала, қарлығаш
28-тапсырма. Орфографиялық сөздікке қарап отырып, араб-парсы тілдерінен енген 15-20 сөзді тауып жазыңдар, олардың қалай жазылатынын есте сақтаңдар.
29-тапсырма. Берілген мәтіннен орфографияның принциптеріне сай жазылған сөздерді табыңыздар.
Ертістің үлкен суына қарай үңілген еңіс, құлай берісте пар ат жеккен жеңіл трашпеңке зырлап келеді. Козлодағы көшір божыларды бар пәрменімен шалқая тартса да болар емес. ¦зақ күнгі жүрістен талмаған екі жарау баран ат шоқыта шабады. Бұл жүргіншілер осы бетімен ағындап барып Ертіс суына түсіп кетердей. Бірақ жотадан сондай жақын көрінген Ертіс онша тақау емес екен. Жаңағы кезеңнен соң да сәл жайылатын алаң бар боп шықты. Сол алаңда аттардың желігі басылып, жай бүлкекке ауысты. Енді біразда пар атты арба жар жаға-сын жағалай жүріп кетті. Жүріс бәсеңдеген соң байқалды, жел де жоқ, салқын да білінбейді екен. Қазір июльдің ортасы. Ол – қаланың ең ыстық шағы. Соған орай мынау кеш те тымырсық, қапырық. Әуе тұнжыр ғана тұнып тұр.
Жақын аққан үлкен дария да сәл ғана жұлдыз жарығымен сәулелене түсіп, үнсіз жым-жырт көрінді. Қыбыр-қимыл жоқ, бейне бір қалғып қалған тәрізді.
(М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясынан)
30-тапсырма. Қазақ тілі орфографиясы мен орфоэпиясы (Сөздік-термен жұмыс)
31-тапсырма. Берілген мәтіннен орфографияның принциптеріне сай жазылған сөздерді табыңыздар.
Мақсатым – тіл ұстартып,өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып,көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.(Абай)
Аулым қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақ сұңқар баласына.
Лашынға лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба? (Ақан сері)
32-тапсырма. Берілген сөздерді орфографиялық сөздікпен салыс-тырып қарап, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
Алаңғасарлық, ала ауыз, браунингіге, жаздыкүні, күжбан, оқымысты, оркестрге, тәжрибе, тебіңгі, уәкілдігі, уағдалы, цифрға, шай, шертпекіл,іш көйлек, эксперименттік, педагогі, киоскіге, бинокльдер, паркі, айтыппысың, юрисі, бояғы, дискже-тек, ептеп-септеп, керметөсек, мықыраю, мүкі-тақы
Достарыңызбен бөлісу: |