1-тапсырма


-тапсырма. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз



бет4/9
Дата21.10.2023
өлшемі124 Kb.
#120379
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-тапсырма

14-тапсырма. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.


Жер жүзіне ер атағым жайылған,
Жан емеспін оттан, судан тайынған,
Қайраты мол қандыбалақ қыранмын,
Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.
Еркін ырғып шыққан асқар Алтайға,
Қырда тұрып садақ тартқан Қытайға.
Талай тайғақ тар кешуде таймаған
Батыр жүрек, қайрат енді алдай ма?
(М.Жұмабаев)
15-тапсырма. Құрамында дыбыс үндестігі кездесетін 15 мақал-мәтелді теріп жазыңыз.


16-тапсырма. Сөйлемдерден жазылуы мен айтылуы үйлеспейтін сөздерді табыңыз. Олардың қандай ықпал түріне сәйкес келетінін анықтаңыз.
Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда Абай келіп сәлем береді... Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін Абай :
Ата, сізден сұрақ сұрауға бола ма?- депті. Жанқұтты рұқсат бергеннен соң Абай:
Ата, арзан не, қымбат не, даусыз не?- депті. Жанқұтты:
Шырағым, арзан - өтірік, қымбат – шындық, даусыз кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен – ақындығың шы-ғар, маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халқыңның қа-лаулы азаматы бол,- деп батасын беріпті. (“Ел аузынан” кітабынан)


17-тапсырма. Мәтінде кездесетін ықпал түрлерін табыңыз, асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.


Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.(Абай)


Біліммен ойлап білген сөз
Бойға жұқпас сырғанар,
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.(Абай)


Сөзің сиқыр, есті тұман басқандай,
Ессіз жүрек дария болып тасқандай,
Күлкің, күнім, күндей күміс табаққа
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай. (М.Жұмабаев)


Ертеде Түркістанда Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.,
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен. (М.Жұмабаев)


О, Муза,
Тағдырыма иембісің?
Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,
Сен мені жаралғансың сүйеу үшін. (М.Мақатаев)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет