1-тапсырма


-тапсырма. Мәтінде кездесетін дауыссыз дыбыстарға фонети-калық талдау жасаңыз



бет3/9
Дата21.10.2023
өлшемі124 Kb.
#120379
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-тапсырма

10-тапсырма. Мәтінде кездесетін дауыссыз дыбыстарға фонети-калық талдау жасаңыз.


Тілі бардың ақысы кетпейді. Сөзі ырайлының жүзі шырай-лы. Жолдасы жақсы – жолды болар, жолдасы жаман – қолды болар. өнер көзі – халықта. Бала соққан кездіктің басы жарық. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Түсі игіден түңілме. Ит жоқта шош-қа үреді. Келбеті келгеннен кеңес сұра. Халуа-халуа дегенмен ауызға бәрібір түспейді.(Мақалдар)


11-тапсырма. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.


Бүгінгі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой – жаман індет,
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек.
Оқыса, басқа елдердей қатарға енбек.
Білімге ел боп аңсап, құмарланса,
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.
Ел болуға алдымен білім тірек,
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек.
Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,
Алты ауыл азғын болсаң қоян жүрек.
(С.Торайғыров)
12-тапсырма. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қо-сымшалар (Абай, С.Торайғыров, М.Мақатаев өлеңдерінен мы-салдар теру)


13-тапсырма. Мәтіннен үндестік заңына сай келетін сөздерді табыңыз.
өте ертеде бір дана қария көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып:
Балам, менің дүниемен қоштасар күнім жақын. өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқсатып қолдан,- депті...
Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптыр-майды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан ақыл сұрайды.
Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ,- деп ақылгөй қа-рия аталы сөздің шешуін айтыпты. (“Ел аузынан” кітабынан)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет