18-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп жазып, буын түрлерін ажыратыңыздар.
Бір сапарында Құлтума мырза болып аты шыққан бір үйге келіп, әдетінше жайбарақаттанып,шешіне бастайды. Үй иелері қазақ салты бойынша еш нәрсе дей алмай,мақұлдаған болады. Құлтума домбырасын алып,төрдің қақ алдында сүйеп жатқанда, үйдің иесі тұрып: “Мына қара дөңбек басымызға шыға ма?”-десе керек. Сонда Құлтума домбырасын алып, сүртіп, тиегін орнына қойып, бір айқайлап алып: Алдыма өңгергенім қара дөңбек, Дәулетіне сіздердің болдық еңбек. Жеті атаң Жетімберген мырза еді деп, Алдыңа ән шырқауға біз де келдік,-дей бергенде, арғы жа-ғын айтқызбай, бәйбіше тұрып,: “Е, бұл өзімнің немере қайным екен ғой, оның домбырасы шаңырағыма шықса да көтеремін, самауырынды қой”,- деп бағанадан бері аузының суы құрып, ән тыңдап тұрған қызына бұйырады. Үй иесі бәйбішенің сөзінен кейін қонақасының басқа жөнін қарастыруға шығып кетеді. Құлтума шәйдің дайындалуын күтпей, түсінетін кісісі кездес-кенсін, әлгі сияқты дөкір еркекке жар болған ақылды бәйбішеге риза болып, бастағы әннің әуенімен шырқай, жалғастырып кетеді: Дауысым ал дегенде бір саңқылдар, Жел болса қатпа түйе үйге аңқылдар. Жігіттің алған жары жақсы болса, Алдыңнан аққу ұшып, қаз қаңқылдар. Бұл ән “Дөңбек” атанып кетеді. (А.Жұбанов.”Замана бұлбұлдары”кітабынан)
19-тапсырма. Өлең жолдарын буынға бөліп, қалай тасымалда-натынын түсіндіріңдер.
Үлгі: Жа-сым-да ғы-лым бар деп ес-кер-ме-дім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. (Абай)
Білдірдік елдің сырын, ердің құнын, Еліріп ерегеске екі-үш күндік. Кіреді тентек есі түстен кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік. (А.Байтұрсынов)