. Түпнұсқа мен аударма мәтіндегі көркемдік құралдарды салыстырмалы талдау
Жалпы шығарма сегіз кітаптан (тараудан) тұрып, әр біреуіне тақырыпша қойылады. Аудармашы осы тақырыпшаларды бұрмаламай дәл аударған. Ал екінші және үшінші кітапты аударуда шеберлік танытқан. Екінші кітап. « Греция — это возлюбленное чадо бога и земли-Греция —құт дарыған жер» Тікелей аударар болсақ, «Греция—құдай мен жер баласының сүйікті мекені». Сондай-ақ үшінші тарауда; «Түпнұсқа –не скоро дело делается-не нәрсені де бастау қиын.» Яғни, іс жақын арада жүзеге аспас деп тікелей аударылады. Аудармашының шеберлік танытып отырғанын көріп отырмыз.
Бірінші кітап. Ты должен верить! - Сенуің керек!
1-тарауша
Аударманың мән-жайы бірінші тараудан-ақ байқалып тұрады. Ондағы екінші абзацта «— Софья! Американец приехал! Твой поклонник, доктор Шлиман.- -Софья! Американ келді! Сені айттырып жүрген доктор Шлиман дейтін кісі келді.» Мұнда Қ.Қараманұлы «поклонник» сөзін- айттырып жүрген кісі деп роман барысын ашып дәл аударған. Әйтпесе, поклонник - табынушы деп аударылады ғой. Алайда, келесі мысалда кішігірім олқылықтың кеткенін байқауға болады. «Софья натянула на стройные ноги чулки. - Софья Сүйкімді ұзын сирағына шұлық киді.» Ал енді, бұл жерде аудармашы «сирақ» сөзінің орнына –«аяқ» сөзін алса дұрыс болар еді. Себебі сирақ cөзі бұл жерде мүлде үйлесімін тауып тұрған жоқ. «Сирақ» деп малға айтылады. Егер сыйдыйған аяқ болса, онда сирақ сөзін қолдануға болар еді. Ал мына жағдайда, сүйкімді, ұзын аяқ деп аударса аударма көркемдігін жоғалтпас еді. Ал келесі мысалға портрет аудармасын алайық: «- большие темные глаза- Бақыраштай қара көз». Мұнда аудармашы жәй «үлкен қара көз»-деп бермей, көркем әдебиет құралдарының бірі-теңеуді қолданып отыр. Бақыраштай қара көз-үлкен қара көз» . «Бақыраштай көз» - тым үлкен, әдемі емес көз. Оның орнына «Бота көз» деп аударса келер еді. Бақыраштай деген сөздің көркемдік сипаты аз, жағымсыз әсер қалдырады және әдеби тіл емес, диалект тәрізді. Тіпті болмаса «бақырайған деуге болар еді.»
2-ші тарауша
Мұнда да портрет аудармасына тоқталсам деп едім, «- Его худощавое тело венчала крупная голова- Денесі әлжуаз болғанымен, басы қазандай», «- иссиня-черные волосы- Көмірдей қара шашы». Қарап отырсаңыз, аудармашы екі мысалда да, үлкен басты-қазанға, қап-қара шашты-көмірге теңеп тұр. Жәнеде, «- Мисс Хариклей— слишком высокая, грустная, вялая- мисс Хариклей— ұзын бойлы, қабағынан қар жауған, болбыр біреу еді» Түпнұсқада «слишком» - «тым» деген екпін қалып қойған. Сондай-ақ, орысшада ешқандай әсірелеу жоқ, ал қазақша аудармасында «көңілсіз» деп аудармай, «қабағынан қар жаудыртып» қойған. Ал келесі мысалда «-мадам Виктория-Бибі Виктория»-деп жақсы балама тапқан. Мына мысалда; аудармашы өз шеберлігін тағы бір жаңа қырынан танытып отыр. «- Поразительной особенностью критян были щедрость и жадность одновременно, то есть они ради того и скряжничали, чтобы вдруг позволить себе быть щедрыми, сделать широкий жест.- Криттіктердің таңқаларлық ерекшелігі-мырзалығы мен сараңдығы еді. Басқаша сөзбен айтқанда, олар орайы келгенде ойламаған жерден мәрттік жасау үшін жұмыртқадан жүн қырыққан сараңға айналатын.». Яғни, скряжничать сөзін –жәй ғана сараңдану деп емес, жұмыртқадан жүн қырыққан сараң – деп әсірелеп, тұрақты сөз тіркесін қолданған.
Ал енді, мақал-мәтелдердің қалай аударылғанына көз жүгіртсек; «- Софья с детства впитала народную мудрость островитян: «Надеясь на бога, не ляжешь голодный, а если и ляжешь, поешь во сне», «У хорошей хозяйки и ложка прядет», «Поживешь да хлеба-соли пожуешь—молодым советов добрых наживешь- Софья арал халқының: «Құдай десең құрауыз жатпассың, құрауыз жата қалсаң түсіңде тоярсың», «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», «Өкінбестей өмір сүр, өмірің жұртқа өнеге болсын» деген сықылды мәтелдерін жастайынан құлағына құйып өскен-ді.»
1) Ең барабар аударма деуге толық негіз бар.
2) Екіншісіне, Қараманұлы мақалы мағына жағынан үйлесіп тұрған жоқ сияқты. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген біртұтас мақал.
«У хорошей хозяйки и ложка прядет» деген мақалға :
«Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» деген мақал дәл келеді. (6.17б)
3) үшіншісі де сәл келіңкіремейтін сияқты. Оның орнына мына нұсқалар сәйкесіп қалар:
1) Әр адам өз заманының баласы
2) Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің (7.21)
Тағы да портрет аудармасына кезек берсек; «- Стоявший перед нею незнакомец был невысокого роста, может, на дюйм повыше ее, и выглядел скучно, невыразительно. У него уже была порядочная лысина, жиденькие усы, впалые, бледные щеки, глаза устало щурились, волосы растрепались. Қарсы алдындағы бейтаныс көп болса, өзінен бір дюйм ғана биік, тапал адам екен. Түрі де қарын ашатындай ажарсыз. Басының қасқасы айқын тартып қалыпты. Бес тал мұрты бар. Қушықтау жақтары қан-сөлсіз. Көзі шаршаңқы кейіпте сығырайады. Шашы удар-дудар.-» Мұнда аудармашы Генри Шлиман портретін керемет аударып шығыпты. И выглядел скучно, невыразительно-дегенді Қараманұлы- Түрі де қарын ашатындай ажарсыз десе, жиденькие усы тіркесін- Бес тал мұрты бар, волосы растрепались- шашы удар-дудар.-деп берген. Сонымен, бірнеше портрет аудармасының куәгері болдық. Осыған қарап-ақ, Қ.Қараманұлыға -«Портрет аудармасының хас шебері»-деген ат берер едім.
«- В ее неискушенных глазах этот сорокасемилетний человек был глубоким стариком-Он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздың көзіне қырық жеті жастағы бұл адам сүйегі саудыраған кәрі боп көрінді.» В ее неискушенных глазах- Он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздың көзіне-керемет аударған. Ал, глубокий старикті- сүйегі саудыраған кәрі-деп тәржімалап тапқырлық танытқан.