1 тарау. Аудармашының шығармашылық шеберханасы



бет10/12
Дата02.06.2022
өлшемі329 Kb.
#36181
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
dip -q -qaramanuly-batys-adebietinin-audarmashysy

Өлең жолдарының аударылуы:
…Колон белоснежный, где
Звонкий жалобно песнь свою
День и ночь соловей свистит
В чаще дебри зеленой,
В темнолистных ютясь плющах,
Аудармасы:
Ақша қардай ақ Колонда,
Жасыл нуда жайқалған,
Қызыл барқын жапырақты жамылып
Күндіз-түні бір тынбай,
Қайғылы әнін боздатады бұлбұл құс, -
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген кемеңгер Абайдың ғажайып пайымдауынша, поэзия – адамзат өміріндегі биік өнер, әрі сөз өнерінің асылы. [15,17] Аудармашы өлеңге үйлесімді баламалық тауып, мағынасын беріп қана қоймай, ұйқасын да шеберлікпен келтірген.
3- тарауша
«- Obiter dicta (Случайные замечания (лат.) профессора моментально стали известны в Арсакейоне, где учителя с похвальным благоразумием верили университету на слово.- Профессорлар Obiter dicta (Ат үсті айтылған пікірлер) қас қаққанша Арсакейонға да жетіп үлгерді. Мұндағы мұғалімдер мақтауға тұрарлық тұрақтылық танытып, университеттің аузынан шыққан әр сөзге сенетін.» Бұл жерде, учителя с похвальным благоразумием верили университету на слово-метонимия. Қазақша аудармасында да университеттің аузынан шыққан әр сөзге сенетін-демек, көркем әдебиет тілдік құралы-метонимия сақталып тұр. Сонымен қатар, «Obiter dicta - орысша аудармасында-Случайные замечания (лат.)-деп берілсе, ал, қазақша аудармасында- Ат үсті айтылған пікірлер». Мұнда енді түсінік нұсқалғаннан кейін, «ат үсті айтылған пікірлер»-деп емес, тұрақты сөз тіркесімен бұрмаламай, жәй ғана тікелей аударғаны дұрыс болар еді. Яғни, «Кенеттен айтылған ескертпе (пікір)»-деп бергені жөн болатын еді деп санаймын. Себебі бүл сілтеме аудармасы. Сондай-ақ, «- Троя заснула- Троя ұйқтап қалады.»- бұл сөйлемде де метонимия сақталып отыр.
4-тарауша
«-Софья тоже подержала в руках монеты.- Теңгелерді Софья да ұстап көрді». Қ.Қараманұлы «монета» сөзінің аудармасы ретінде қазіргі біз қолданып жүрген «тиын» сөзін алмай, «тиын» сөзімен синонимдес болған көнерген «теңге» сөзін қолданған. Себебі, қазақта бұрын домалақ, темір ақшаны – теңге деген. Сондай-ақ, келесі мысалда да, жалпы бүкіл аударма романының барысында осы архаизм сөз орналып отыр: «- Мадам Виктория надорвала конверт и вынула пригоршню золотых монет, завернутых в гостиничный бланк.- Бибі Виктория конвертті жыртып, ішінен қонақ үй бланкісіне оралған бір уыс алтын теңге алып шықты.»
«- Софья внесла жареных цыплят, а следом баранью ногу с рисовым пловом, фасоль с помидорами в масле и лимонном соке.-» Софья қуырылған балапан, одан соң күріштен жасалған палау мен қойдың сан етін, майға жүздірілген помидор мен лимон шырынына шыланған жасымық алып кірді. Қарап отырсаңыз, орысшасында да-«рисовый плов» , соған орай, қазақша аудармасында да «күріштен жасалған палау»-деп қате аударылған. Себебі, палау тек қана күріштен жасалады емес пе? Онымен қоса, бұл-белгілі бір ұлттың дәстүрлі тағамының аты. Ал мұнда, Түпнұсқада күрішпен қой саны дегенді білдіреді.(демек, гарниріне күріш)
5-тарауша
«- Медовый месяц- Шырын ай». «Медовый месяц»- қазіргі кезде «бал айы» деп аударылып жүр. Деседе, бал не, шырын не?
Екінші кітап. «- Греция — это возлюбленное чадо бога и земли-Греция —құт дарыған жер»
1-тарауша
Аудармашы әр тараушада тұрақты сөз тіркестерін жиі қолданады.
«-«Что до моего здоровья, то мы здоровы оба и ни в чем себе не отказываем.- «Менің денсаулығыма келетін болсаңдар, біздің екуіміз де аманбыз. Тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк.»
3-тарауша
«— Твой господин Шлиман не выполнил ни одного своего обещания. Мы приняли его с открытой душой, а он плюнул в нее.- Сенің Шлиман мырзаң бірде-бір уәдесін орындамады. Біз оны жатып жастық, жайылып төсек боп қарсы алып ек, онымызға түкірген де жоқ.»
«- И все равно ты не должна была допускать, чтобы меня на людях смешивали с грязью- Сонда да сен бәрібір мені жұрттың көзінше жерден алып, жерге салуға жол бермеуің керек-ті.»
«- Отравителю источника нет прощения- Құдыққа түкірушіге құрмет жоқ.»
«- Неподалеку высился холм Ареопага- Ареопаг жотасы таяқ тастам жерде»
4-тарауша
«- На константинопольском базаре он купил для нее серебряный филигранный браслет- Константинополь базарынан ол Софьяға арнап әшекейлі күміс білезік сатып алыпты.» Бұл жерде, филигранный браслет- әшекейлі білезік- деп аударылған. Және оның да жөні бар. Себебі, сөздікте солай тұр. Ал енді, ойланып қарасақ, білезік онсыз да әшекей бұйымдарына жатады емес пе? Демек, «әшекейлі білезік»-деген. Бұл «киімді көйлек» деген сияқты ғой. Сондықтан бұл қате. филигранный браслет-өрнектелген білезік – деп аударылады. Сөздікті жөндеу керек.
5-тарауша
«- Нижнюю часть лица доктора Мильтиада Веницелоса скрывала роскошная борода, опознавательный знак его профессии, верхнюю—тяжелые очки, буквально приплюснувшие его рачьи внимательные глаза.- Доктор Мельтиад Веницелостың бетінің төменгі бөлегін өз мамандығының айырым белгісі-қаба сақалы, ал жоғарғы бөлегін-бақырайған зейінді көздерін өз салмағымен жаншып жіберердей әсер қалдыратын қомақты көзілдірігі жауып тұрған-ды.» Тяжелые очки- қомақты көзілдірік –деген. Бұл жерде қомақты сөзі өз орнын тауып тұрған жоқ дер едім. «Ауыр» сөзімен алмастыруды қажет ететін сияқты.
«— Госпожа Шлиман, напомните вашему супругу: добрая лоза приносит богатый урожай.- -Шлиман ханым, жұбайыңызға ескертіп қойыңыз: мәпелі ағаш мәуелі келеді,-деді» Жақсы аударған.
6-шы тарауша
«- Софья сидела бледная. Епископ рассеянно гладил бороду.- Софьяның өңі қуқыл тартып кеткенді. Епископ та дағдарып, сақалын сауумен отырған.» Керемет келтірген.
Аудармада қазақ оқырмандарына түсініксіз сөздер жиілеп кездеседі. Аудармашы бұндай сөздерге сілтеме беріп отыруға, балама табуға тырысқан, әйтсе де, сол күінде аударылмай, жәй ғана қазақ тіліне ыңғайластырып берген сөздері көп кездеседі. Мысал ретінде, келесі сөйлемге көз жеткізсек;
«- Мне очень неприятно бросать тебя в твоем положении, но я уверен, что привезу тебе фирман в качестве подарка на крещение. У меня есть почти два месяца.- Аяғың ауыр кезде жалғыз қалдырғаным өзіме де онша жағып тұрған жоқ, бірақ шоқыну мейрамына тарту ретінде пәрмен әкеп берем ғой деген сенімдемін» ( Фирман-пәрмен?)
Үшінші кітап. «- Не скоро дело делается- Не нәрсені де бастау қиын»
1-тарауша
«— Совершенно верно, миссис Шлиман. Начнутся проливные дожди-Дәл солай, миссис Шлиман. Көз аштырмайтын қалың жаңбыр басталады.» Мұнда енді, аудармашы «қалың жаңбыр» орнына «нөсер» деп бергенде дұрыс болатын еді. Қалың қар болады да, ал жаңбырмен бұл сөз аздап тіркеспейтін сияқты.
Сондай-ақ, келесі мысалда аудармашы «ночной колпак» аудармасын «жатарда киетін телпек» - деп анықтап беріп тұр;
«- Драмали, в полосатой шерстяной рубахе ниже колен и ночном колпаке.- Үстінде етегі тізесінен астын жүн көйлегі, басында жатарда киетін телпегі бар.»
«— Ты попираешь останки давно умершего города.- Сен әлдеқашан құрыған қаланың жұрнағын аяққа басып тұрсың» Останки – қалдық. Дегенмен, мұнда аудармашының айтқысы келіп отырғанын ұққандаймын. Жұрнақ деп отырғаны- сол қаладан қалған мұра болса керек.
2-тарауша
«- Троя заснула- Троя ұйқтап қалады.» Аудармашы мұнда Троя қаласы ұйқтап қалады- деп «қала» сөзін қоспай, түпнұсқадағы метонимияны сақтап аударған.
«- Старейшина снял видавшую виды шляпу и черными обломанными ногтями поскреб редкую растительность на голове.- Отағасы көне тоз қалпағын шешіп, кір-кір кетік тырнақтарымен басындағы бес тал шашын ұйпалап қойды.»
«черные обломанные ногти» - «кір-кір кетік тырнақтар» - аударма тамаша шыққан. Егер «қара сынық тырнақтар» деп сөзбе-сөз аударса аударма көркемдігі кемитін еді. Сондай-ақ, келесі тіркесте де солай.
«редкая растительность на голове» - «басындағы бес тал шаш »
Ал, мына мысалда, «- Генри вынул бумажник, отсчитал пиастры и вручил их распорядителю.- Генри шиланын шығарып, тиісті пиастрларын санап алды да, әкімнің қолына тапсырды.» ерекше жағдай орналып отыр.
«распорядитель»-басқарушы, реттеуші. Ал Қ.Қараманұлы «әкім» деп сөздің өзін емес, жалпы сөйлем мағынасын аударып беріп тұр. Бұл – көркем аударманың тағы бір сыры.
3-ші тарауша
«- Из инструментов у них было восемь французских тачек, пять кирок, полдюжины деревянных лопат и пятьдесят две плетеные корзины. – Бұларда сегіз француз қол арбасы, бес қайла, он шақты ағаш күрек пен елу екі себет бар еді.» Қарап отырсаңыз, түпнұсқада «плетенные корзины» деп берілген. Ал аудармада, жәй «себет» деп берілген. Яғни, «плетенные-тоқылған» сөзі түсіп қалған. Аудармашы трансформация тәсілінің «түсіру» түрін қолданған. Өйткені, мұнда, «себет» «тоқылған» тіркесін қажет етіп тұрған жоқ. Себебі, себет онсыз да тоқылған болатыны баршаға мәлім.
Шығармада фразеологиялық құбылыстар, яғни идиомалар, мақалдар, нақылдар, фразеологиялық тіркестер кездеседі;
«- Я кое-что захватила из Чанаккала. Тут тебе только-только заморить червячка, но хоть желудок не расстроишь.-Шанаққаладан ала шыққан азын-аулақ бірдеңем бар еді. Тек өзек жалғап алам демесең жұмырыңа жұқ бола қоймас.»
«Поражаясь, как сама кротость умудрилась заполучить столь свирепое обличье. Генри спросил:...- Қой аузынан шөп алмайтын момынның қалайша қасқыр кейіпін киіп жүргеніне таңырқаған Генри:..»
«— Не повезло человеку, — посочувствовал Генри. — Сняли с теплого, обжитого места в Чанаккале и сослали в богом забытую дыру.- Жігіттің жолы болмағаны көрініп-ақ тұр. Шанаққаладағы жанға жайлы, бауыр басқан орнынан айырып, ит байласа тұрмайтын түкпірге жібергендерін қарасайшы, - деді Генри оған жаны ашып.» Осындай тұрақты сөз тіркестерін қолдану арқылы аудармашы аударманың шырайын келтірірген.
4-тарауша
«Я как-то на базаре видел верблюда, у него рекою хлестала из носу кровь.-Бірде базардан тұмсығынан қан шүмектеп тұрған түйені көрдім.» Шүмектеп ағып тұрған деу керек еді.
«Генри повертел вещицу, вгляделся в рисунок.-Генри бұйымды алып, аударып-төңкере қарап, суретіне үңілді» Аудармашы мұнда тағы да шеберлік танытып, «повертел»-«айналдырып», демей, «аударып-төңкере» деген. Мұнда тавтология орналып тұр. Не «аудару» не «төңкеру» сөзін қолдану керек еді.

Төртінші кітап. « Священное место-Қасиетті мекен»

1-тарауша


«В австрийском посольстве Шлиманы купили роскошную люстру для гостиной, хрусталь. – Австрия елшілігінен Шлимандар қонақ бөлмелеріне арнап әдемі люстра, хрусталь сатып алды.» Бұл жерде «хрусталь люстра» дегенді білдірсе керек.
«Кириакос выстроил красивую ратушу, заменил старые полуслепые фонари, замостил улицы в центре города, развернул строительство городского театра на площади против Национального банка. – Кириакос әдемі ратуша» тұрғызды, көшенің өлусіреген ескі шамдарын жаңартып, қаланың орталық бөлегіне тас төседі. «өлусіреген» дегеннен гөрі «өлімсіреген» деген дұрыс.
«Впервые за последние два года у Энгастроменосов появились свободные деньги — обновить гардероб, приобрести кое-что. – Соңғы екі жылдың ішінде тұңғыш рет Энгастроменостар үйінде киім-кешек жаңартуға, басқа да көр-жер алуға ақша ауысты» Мұнда, «Көр-жер» деген дөрекілеу естілетін сияқты. «Кое-что» дегенді «анау-мынау», «бірдеңелер» немесе, «тағы басқа нәрселер» не болмаса, «майда-шүйде» деу керек еді.
«Георгиосу купили трость с золотым набалдашником – Георгиосқа алтын балдағы бар таяқ сатып алды.» Балдақ пен таяқ мағынасы бір-біріне жуық синонимдес сөздер. Екі сөздің біреуін қолдану қажет еді. Сонда, аударма: «Георгиосқа ұстағышы алтын таяқ сатып алды» болады.
«Его пепельно-серых волос не знала оскорбления расческой или щеткой.- күл түстес қоңыр шашы да тарақ пен шөткеге шырқын бұздырып көрмеген». Мұнда, «пепельно-серые волосы» - «күл түстес сұр» болып аударылады.
«Пиа понимающе кивнул кудлатой головой – Пиа жүн-жүн басын шұлғып қойды.» Бұл жерде, «кудлатая голова» - қалың шашты дегенді білдірсе керек. Сонда, аудармашы «жүн-жүн» деп емес, «шашы ұйпа-тұйпа» деп аудару керек еді.
«Черты его лица вообще несли печать случайного набора и так же непродуманно были свалены в одну кучу. – Оның бет пішіні құрап-сұрап жинап, қалай болса солай қиыстыра салғандай әсер қалдыратын.» Жақсы келтірген.
2-тарауша
Софья тяжело переносила беременность: кровотечения, боли в пояснице, тяжесть внизу живота. Ноги разламывались при ходьбе. После двух недель отсутствия вернулся Генри и сразу забил тревогу.
— Когда ты носила Андромаху, у тебя ничего такого не было?
— Нет.
— Значит, нужен полный покой. Отправляйся в постель и не смей вставать. Спине и ногам нужно дать отдых.
Жүкті болғалы Софья жиі ауыратынды шығарды: қан кетіп, белі ұйып, қарнының төменгі жағы ауыр тартатын болды. Көп жүрсе аяғы сырқырайтын. Екі аптадан кейін қайтып оралған Генри бұны біліп қатты абыржыды.
— Андромаханы көтергеніңде бұндай ештеңе байқалмап па еді?
— Жоқ.
— Ендеше, саған тынығу керек. Төсекке бар да, тыпыр етпей жатып ал. Жақсылап демал.
Осы диалог аудармасын аудармашы «— Значит, нужен полный покой. Отправляйся в постель и не смей вставать. Спине и ногам нужно дать отдых» дегенді «— Ендеше, саған тынығу керек. Төсекке бар да, тыпыр етпей жатып ал. Жақсылап демал» деп аударады. Және сәтті шыққан. Себебі, Софьяның аяғы мен арқасы ауыратындығы жайлы айтылады. Аудармашыға бұны қайталай берудің қажеті жоқ.
«Я уже послал Яннакису деньги и велел купить лес» - « Яннакиске ақша жіберіп, ағаш сатып алып қоюға әмір еттім» Бұл аударма аудармашының шығармаға әбден бойлағанын көрсетіп тұр. Мұнда «Лес» -«көп ағаш» ұғымында.
Н. В. Гоголь айтпақшы, «аудармада бәрінен көбірек ойға жүгіну керек те, бәрінен шамалы сөзге зер салу керек». [16,27] Бұл ұйғарымды аудармашы ұстанғандай. « Капризы природы» - «Тағдырдың тәлкегі»
«Доктор Веницелос осторожно заправил ее волосы с висков за уши» - «Доктор Веницелос оның самай шашын саусағымен іліп, еппенен құлағына апарып қыстырып қойды» Мұнда, «саусағымен іліп» - дегенді аудармашы өзі қосқан. Трансформацияның қосу тәсілін қолданып отыр.
«— Но ведь это выйдет дорого, — наморщила Софья лоб, — зафрахтовать пароход со всем экипажем» - «Бірақ, бүкіл экипажымен қосып пароход жалдау қымбатқа түседі ғой, - деп Софья маңдайын тыржитты» Бұл жерде, жәй «түрін тыржитты» деу керек еді.
«Он двадцать пять лет отказывал себе во всем, зато теперь имел свой пароходик и был независим» - «Қарт жиырма бес жыл бойы ішпей-жемей ақша жинапты, есесіне қазір өз пароходы бар және ешкімге бағынышты емес» Шебер тәржімалаған.
3 тарауша
«Перемены на Гиссарлыке поразили ее: расползшийся лабиринт траншей, новые террасы, обнажившиеся каменные кладки, а главное — маленький поселок из трех домиков на северозападном краю холма, у самого начала раскопок, и еще несколько строений теснилось на равнине, под восточным склоном» - «Ғыссарлықтағы өзгерістер Софьяны қатты таңырқатты. Қайда қараса да тарам-тарам боп жүгірген траншеялар шытырманы, жаңа террасалар, топырақ жамылғысынан жалаңашталған қаланған тастар қатарлары. Ал, ең басты жаңалық – жотаның солтүстік батыс шетіндегі қазбалар басталатын жердегі үш үйден тұратын кішкентай поселок еді. Шығыс беткейдің етегіндегі жазықтан тағы да бірнеше құрылыс бой көтеріпті.» Мұнда,
Біріншіден, Ал аударма төрт сөйлемге бөлінген.
Екіншіден, «Қайда қараса да» дегенді аудармашы өз тарапынан қосқан.
Үшіншіден, «расползшийся лабиринт траншей» дегенді «тарам-тарам боп жүгірген траншеялар шытырманы» деп оқырманға түсініксіз етіп аударған.
Төртіншіден, «обнажившиеся каменные кладки» аудармасын «топырақ жамылғысынан жалаңашталған қаланған тастар қатарлары» деп тағы да шұбалаңқы берген.
Келесі мысалда «қосу» тәсілі орналып отыр.
«Взяв ее за руку, он спустился к широкой траншее и представил ей Фотидиса. Тот снял свой шлем, приложил руку к сердцу и склонился в низком поклоне» - «Софьяны қолынан ұстаған Генри кең қазылған траншеяға түсіп, оған Фотидисті таныстырды. Анау темір телпегін шешіп, қолын жүрегіне қойып тәжім етті»
«— Плита. — гордясь собою, объявил он, — она работает. Сделал муссаку, рисовый плов, отбивные в вине. Печь работает, испек буханку греческого хлеба» - «— Плита. —деді ол мақтанып,— жұмыс істеп тұр. Муссаку, күріш палау, шараппен шыланған қуырылған ет әзірледім. Пеш – ол да жұмыс істеп тұр. Бір бөлке грек нанын пісірдім» «Палау» емес, тек қана «күріш» деп беру ерек еді. Себебі, «күріш» - қуырылған еттің гарниріне.

  1. тарауша

«Малышка, у меня ни на что нет сил. Пойдем домой.» - «Ақылдым, әлгі оқиға мені әбден діңкелетіп кетті. Жүрші, үйге барайық» «Малышканы» «балақай» деп бермей, «ақылдым» деп қазақ менталитетіне сәйкестіріп келтірген.
«Софья видела, как с каждым днем изменяются очертания холма. Прежде она не задумывалась над тем, что горы могут расти, а могут и уменьшаться в росте, что они не существуют неизменными от века: на них действуют природные силы, из которых самая могущественная — человек» - «Софья жотаның кескіні күн өткен сайын өзгеріп бара жатқанын байқап жүрді. Бұрын ол таулардың өсуі де, өшуі де мүмкін екендігі, әйтеуір мәңгі бақи бір қалып пен күйде қалмайтындығы, оларға түрлі табиғи күштер әсер ететіндігі, оның ішіндегі ең құдыреттісі адам екендігі жайлы мүлдем ойланбаған» Бұл жерде, тавтология. 1) аудармадағы «мәңгі бақи» сөз тіркесі «мәңгі» және «өмір бақи» деген екі синонимдес сөздерді білдіреді. Аудармашы не «мәңгі», не «өмір бақи» деп беру керек еді. 2) «бір қалып пен күйде» мұнда да «бір қалыпта» немесе «сол күйде (күйінше)» деп екуін қатар алмай, біреуін беру керек еді.
Келесі мысалда аудармашы пейзажды шебер суреттеген:
«В теплые вечера они обедали на воздухе, смотрели, как солнце опускается в Эгейское море. Чудно менялись краски! Сначала море переливалось нежно-розовым перламутром, потом загоралось рдяным пламенем и перегорало в пурпурные угольки: высыпали звезды, свет ушел». «Тымық кештерде олар таза ауада тамақтанып, күннің Эгей теңізіне батқанын тамашалайтын. Бояулар қандай ғажап құбылушы еді десеңізші! Әуелі теңіз беті қызғылтым шұғылаға шыланатын, сосын өрттей лаулап алқызыл тартып шыға келетін, артынан ол сөніп, күлгін-көктеніп сала беретін де, жарық жоғалып, аспанда жұлдыздар жана бастайтын». Аудармаға жалпылама талдау:
Аудармашы сатылы аударма түрін пайдаланған. Әйтсе де, С. В. Шервинскийдің «Греческое сокровищесі» Құрманғазы Қараманұлының «Грек қазыналары» бір туындының көшірмесі болғанымен, екеуі екі басқа оқылады. Мәселен, орысша аударма өте қарапайым, жәй қара сөзбен аударылып шығарылған. Ал қазақ аудармашысының еңбегі орыс аудармасына қарағанда едәуір сәтті әрі көркем шыққан. Аудармашының осы туындыны қазақшаландыруына бір жарым жыл көлемінде уақыт жұмсалған. Соған байланысты болса керек, аударма өте жемісті шыққан. Оған қоса, Қ.Қараманұлының сөздік қоры өте бай. Ол қарапайым сөйлемдерді көркем әдебиет тіліне сала білген. Мәселен, орыс аудармасындағы жәй ғана «скряга» сөзін жәй сараң деп қоймай, «жұмыртқадан жүн қырыққан сараң»-деп трансформация ішіндегі қосу тәсілін пайдаланған. «-Поразительной особенностью критян были щедрость и жадность одновременно, то есть они ради того и скряжничали, чтобы вдруг позволить себе быть щедрыми, сделать широкий жест.- Криттіктердің таңқаларлық ерекшелігі-мырзалығы мен сараңдығы еді. Басқаша айтқанда, олар орайы келгенде ойламаған жерден мәрттік жасау үшін жұмыртқадан жүн қырыққан сараңға айналатын».
Аудармашы аударма теориясындағы түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап-айтқанда, лексикалық-семантиқалық трансформациялар:

  • Жіктеу (дифференциация) - бір сөзді бірнеше сөз арқылы көпқырлылығын көрсету.

  • Нақтылау (конкретизация) – аудару барысында сөздің толық және тура мағынасын беретін сөзді табу (анықтау).

  • Ұлғайту (Генерализация) – қысқа мағыналы сөздердің мағынасын (жалпылау) ұлғайтып көрсету.

  • Мағыналық даму (смыславое развитие) – түпнұсқадағы немесе аударма тіліндегі сөзді немесе сөз тіркесін аударғанда бірліктерге айналдыру, т.б.

Аудармашы міндеті жазушыға қарағанда анағұрлым үлкен. Мұны аударма зерттеушісі, әдебиетші ғалым А. Курелла үш түрге бөліп қарастырған: «Біріншіден, аудармашы әртүлі жазушыларды аударады, бұл дегеніміз түрлі мазмұн, түрлі материал, түрлі дәуірлер, түрлі дүниетанымдар, түрлі стильдер. Екіншіден, аудармашы - әртүрлі мәдениет аралығындағы дәнекер. Үшіншіден, аудармашы мен жазушы арасындағы айырмашылық мынада, жазушы өзінің түйсік танымы мен шабытына сүйеніп, бүкіл шығармашылық еңбекті орындайды, ал аудармашыға бір мезгілде талдап, әрі біріктіріп, жүйелеу аса қажет, сөйтіп ол бір өзі әрі ғалым, әрі суреткер міндетін тоғыстырады. Аударма үдерісінің сипаты бір мезгілде талдамалы және біріктіруші, ғылыми әрі көркем». [2,94]
Көркем шындықты өзінің еркіндігімен өзгертуге, түрлендіруге де болмайды. Көркем шындықтың құрылымдық негізін дұрыс әрі, толық қалпында жеткізе білу – аударма шынайылығына жету кепілі. Қ.Қараманұлы түпнұсқаның көркем шындығын дәл, баламалы сөзбен, дұрыс стилистикалық сәйкестікте бейнелей білуімен қатар, аудармаға өз «менін» жолатпаған. Аударманың түпнұсқаға баламалы, сәйкес, барлық қырынан үйлесімді, үндестікте жасалуы – табыстылығы, сапалық сипаты.
Аудармашы әсіресе,

  • Түпнұсқадағы мақал-мәтел, фразеологизмдердің қазақ тілінен семантикалық сәйкестіктерін сәтті тапқан.

  • Өлең жолдарын шеберлікпен аударып шыққан.

Сондай-ақ, аудармада:

  • диалект сөздер: Бақыраш, ауыш, аз-маз, т.б.

  • көнерген сөздер: теңге және т.б.

  • тавтология: мәңгі бақи, бір қалып пен күйде, аударып-төңкере және т.б.жиілеп кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет