1 тарау. Аудармашының шығармашылық шеберханасы


Зерттеудің мақсаты мен міндеті



бет2/12
Дата02.06.2022
өлшемі329 Kb.
#36181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
dip -q -qaramanuly-batys-adebietinin-audarmashysy

Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Жұмысымыздың басты мақсаты – Қ.Қараманұлының шығармашылық шеберханасын жан-жақты зерттеу.
Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы көпір әлі де болса салынып жатыр. Әлем әдебиетінің құнды шығармаларын қазақ жеріне, қазақ оқырманына жеткізуде орыс тілі маңызды рөл атқарып отыр. Себебі, осы күнге дейін шет ел көркем әдебиеті тікелей ана тіліміз қазақ тіліне аударылған жоқ. Сонымен, көркем прозадағы аударма шеберлігі мәселесін анықтауды мақсат еттік. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндет қойдық:
- Қазақ көркем аударма өнерінің дамуына ат салысып жүрген мықты аудармашылар қатарын толықтыратын аудармашыларымыздың бірі - Мұстафин-Құрманғазы Қараманұлының аудармашылық шеберханасына тән ерекшеліктерді пайымдау.
- Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романын аудару барысында аудармашының айшықты сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін, теңеулерді қолданудағы сырын ашу;
- романның көркемдік бояумен қазақшалануы үшін аудармашы пайдаланған әдіс-тәсілдердің қызметін анықтау;
- диалогтардың аударылуындағы шеберлік жолдарын анықтау.
- өлең жолдарының аударылуындағы ырғақ, интонацияның берілу жолдарын қарастыру.
- мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің семантикалық сәйкестіктерін қарастыру.
- аудармашымен сауалнама жүргізу арқылы аударма шеберлігінің «сырын» ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романының қазақ тіліндегі аудармасы ғылыми тұрғыда бірінші рет зерттеліп отыр. Диплом (бітіру) жұмысының басты ғылыми жаңалығы ретінде төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атауға болады:
- жеке аудармашы шеберлігі мәселесі, аудармашының шығармашылық шеберханасына байланысты жайттар анықталады.
- диалогтардың аударылуын, қанатты сөздердің, тұрақты сөз тіркестерінің, теңеулердің көркем аудармадағы қолданысын аудармашы сүйенген орыс тіліндегі нұсқа мен қазақша нұсқаны салыстыра отырып талдау жүргізілді.
- өлең жолдары мен мақал-мәтелдердің аударылу жолдарын қарастыра отырып талдау жүргізілді.
- аудармашымен сауалнама жүргізу арқылы аударманың қыр-сыры ашылды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Зерттеу материалдары – негізінен аудармашы Құрманғазы Қараманұлының қаламы арқылы қазақ тіліне аударылып, 1983 жылы жарыққа шыққан Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романының қазақша және орыс тіліндегі нұсқалары ғылыми жұмыстың негізгі материалдары болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде салыстырмалы әдебиеттану теориясы мен тарихына қатысты Ә.Сатыбалдиев, С.Талжанов, Қ.Нұрмаханов, Ш.Сәтбаева, Р.Нұрғали, М.Маданова, Н.Сағындықова, Қ.Мұсаев, М.Мырзахметұлы, Р.Қамысов, С.Абдрахманов, С.Тахан, Ф.Исмаилова, А.Ишанова т.б. еңбектеріне сүйендік.
Зерттеудің әдістері. Компаративтік салыстырмалы талдау барысында салыстырмалы әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар шығармашылық зертхананы, шығармашылық психологияны, шығармашылық тарихты, автордың түпнұсқа мен аударма мәтінін салыстыра отырып зерттеу әдіс-тәсілдеріне басымдық берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет