1 тарау: Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістемелерініњ жалпы мєселелері



бет8/46
Дата02.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#71183
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
1 тарау Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістеме

Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық нұсқаға аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы бағдарламалар қолданылып келдi. Бұл бағдарламалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
SIN kaz «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы»-на талдау. «Sin kaz» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы «04» тамыздағы № 427 және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы «03» тамызда №317-ө және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы «09» тамыздағы № 02-01-02/112 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы» болып саналады. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулықта кездесетін жаңа термин сөздердің қазақша-орысша сөздігі (оқу-әдістемелік құралдың терминологиялық негізі ретінде Microsoft корпорациясы ұсынуымен Windows амалдық жүйесінің және Microsoft Office бағдарламалар дестесінің қазақ тіліндегі тілдесуінде қолданылған және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминологиялық сөздік алынды)
Бұл курстың өзінің мақсаты, сипаттамасы, мазмұны болады.
Курстың мақсаты - Курс қажетті «Компьютерлік сауаттылықтан» басқа, пайдаланушыны компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тартады. Тыңдаушыны Интернеттің әлемдік желісіндегі тиімді және қауіпсіздік жұмысын үйретеді. Алынған білімдер ғылымдық жұмыстарды (баяндамалар, рефераттар...) құруға, сондай-ақ басқа қалалар мен елдердегі әріптестермен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Курс қызметкерлерге түгелдей пайдалы ақпарат береді.
Бұл курс 12 модульден тұрады. Барлық модульдерге бөлінген сағат саны -40.

Кесте 1. Курста қарастырылған мәселелер





1-модуль Кіріспе және дербес компьютермен алғашқы танысу

  1. Компьютер деген не?

  2. Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда пайдаланылады?

  3. Күтім ережесі және техникалық қауіпсіздік

  4. Ақпараттың өлшем бірлігі

  5. Компьютер құрамындағының негізгі құрылымдары

  6. Клавиатура мен тышқанмен танысу

  7. Қандай компьютер сатып алу керек?

  8. Компьютерді өзің құрастыру үшін нені үйрену керек?

  9. Компьютерді қалай дұрыс қосу және сөндіру керек?

2-модуль Windows-ты меңгеру

  1. Операциондық жүйе деген не және ол ДК қалай басқарады?

  2. Операциондық жүйелерге қысқаша шолу

  3. Жұмыс столы және оның құрылымы

  4. Windows терезесінің құрылымы

  5. Терезелерді қалай басқару керек

  6. Стандарттық бағдарламаларды іске қосу

  7. Windows  жүйесінің анықтамалығы

3-модуль.  Папкалармен және файлдармен тиімді жұмыстар. Объектілерді орналастыру және көшіру

  1. Файлдар мен папкалар деген не?

  2. Файлдардың атауы

  3. Каталогтардың бұтағы

  4. "Жетектегіш" бағдарламасы

  5. Папкалар мен  файлдарды құру

  6. Папкалар мен  файлдардың атын өзгерту

  7. Папкалар мен  файлдарды жою

  8. Қалтадағы жойылған папкалар мен файлдарды орнына келтіру

  9. Алмастыру буфері мен тышқанның көмегімен папкалар мен файлдарды көшіру және орналастыру

  10. Дискетаға тез көшіру

  11. Өз компьютеріңдегі немесе жергілікті желідегі папкалар мен файлдарды іздеу

4-модуль.  Деректерді мұрағаттау

  1. Мұрағаттау деген не және олар не үшін керек?

  2. WinZIP, WinRAR мұрағаттарымен практикалық жұмыс

  3. Мұрағатты құру

  4. Мұрағаттан шығару

5-модуль. Жергілікті желі. Жергілікті желідегі электрондық поштамен тиімді жұмыс

  1. Негізгі ұғымдар

  2. Жергілікті желінің ресурстарын қарау

  3. Жергілікті желідегі өз компьютеріңнің ресурстарға қол жеткізуді қалай ұйымдастыру керек?

  4. Жергілікті желідегі электрондық пошта

6-модуль. Word-тағы жұмыс. Құжаттарды жасау және әдемілеп рәсімдеу

  1. Word терезесін шолу

  2. Құжаттарды құру тәсілдері

  3. Мәтіндік фрагменттерді бөлу ережесі

  4. Жазу ережесін тексеру

  5. Құжаттарды форматтау (шрифт, колонтитулы, бөлімдер, стилдер, абзац, тізбелер, колонкалар)

  6. Шетін және құюды рәсімдеу

7-модуль. Суреттерді қою. Мәтіндік кестелерді тез құру және рәсімдеу
Құжаттарды қағазға басып шығару

  1. Суреттерді қою

  2. «Суреттемені реттеу» құралдарының панелі

  3. Автобейнелерді және  WordArt объектілерін қою

  4. «Суреттерді салу» құралдарының панелі

  5. Кестелерді жасау және рәсімдеу

  6. «Кестелер және оның шегі» құралдарының панелі

  7. Құжаттарды қағазға шығаруға дайындау

8-модуль. Excel-дегі жұмыс. Электрондық кестелерді жасау

  1. Excel терезесін шолу

  2. Кестелердің құрылымы (бағандары, жолдары, ұяшықтар)

  3. Деректерді енгізу

  4. Бірыңғай деректермен кестені қалай автоматтауға болады? Автотолықтыру

  5. Ұяшықтарды форматтау

9-модуль. Диаграммаларды есептеу және құру

  1. Формулалар мен жәй есептеулерді пайдалану

  2. Автоқосынды

  3. Деректерді іріктеу

  4. Диаграммаларды құру

  5. Диаграммаларды әдемі рәсімдеу

10-модуль. PowerPointтегі жұмыс. Әдемі презентацияны құру.

  1. Презентацияны құрудың тиімді тәсілдері

  2. Конструктор мен шаблондарды пайдалану

  3. Слайдтарды рәсімдеу

  4. Анимацияны реттеу

  5. Презентацияның демонстрациясы

  6. Қорытынды жұмыс

11 модуль. Интернет бойынша кіріспе және алғашқы саяхат
Интернетке қалай қосылуға болады? Интернет мүмкіндігі.

  1. Интернет деген не және ол не үшін керек?

  2. Үйде Интернет желісіне қалай қосылуға болады?

  3. E-mail, ftp, www, ip-телефониясының мүмкіндігіне қысқаша шолу

  4. Internet Explorer браузерімен жұмфыс сітеу негіздері

  5. Google, Yandex, Rambler  ақпараттық-іздеу порталы

  6. Е-үкімет (қажетті ақпаратты іздеу, формулярды қағазға басып шығару)

  7. Интернет-қызмет (қонақ үйлерінде брондау, туристік сапарға тапсырыс, мәтіндерді аудару және т.с.с.)

  8. Интернет-банкингі

  9. Интернет-дүкендер

  10. Чаттар, форумдар

  11. Интернет арқылы шығу, Итнтернет арқылы ұялы телефондарға хабарлама жіберу

  12. Ip-телефониясы (skipe бағдарламасы)

  13. Қашықтықтан оқыту

12 модуль. Электрондық поштамен жұмыс. Outlook Express бағдарламасымен тиімді жұмыс. Web-пошта

  1. Электрондық пошта қалай жұмыс істейді?

  2. Үйде поштаның жүйесін реттеу

  3. Хаттарды құру, жіберу және қабылдау

  4. Хаттарды жазу кезіндегі тонының жақсы ережесі

  5. Хабарламаға жауап және оны жіберу

  6. Әдемі хаттарды құру

  7. Хаттарға файлдарды бекіту

  8. Жеке ақысыз пошталық адресті алу

  9. Web-поштамен жұмыс

Осы курс кез келген компьютерлік бағдарламаларды одан әрі үйренуге негіз болып табылады.


Сондай-ақ курс бағдарлама көлемінде білімі бар, бірақ оларды жүйелендіргісі келетіндерге пайдалы, сондай-ақ жұмыстардың жаңа тәсілдері мен әдістері есебінен өзінің тиімділігін арттырады.
Қазіргі кезде “ақпараттандыру”, “білім беруді ақпараттандыру” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдіс.
Білім берудің кез-келген саласында “Электрондық курстарды” пайдалану студенттер мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет