КМ 04/ ОН 4.3 Бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жүргізу 1. Бағалау дегеніміз не? Оқу үдерісі мен оның нәтижесі туралы ауқымды түсініктен тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол –білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білім,білік сапасын немесе олардың шығармашылық даму деңгейін анықтауға арттыруға және түзетуге көмектесетін тәсіл.
2.Бағалау үдерісінде пайда болған кедергілердің шешу жолдарын қандай бағыттарда қарастырған тиімді? Оқу бағдарламаларын құрастыру
Мұғалімдерді оқыту мен олардың құзыреттіліктерін арттыру
3.Бағалау үдерісі неше кезеңнен тұрады? Критериалды бағалау
Қалыптастырушы бағалау
4. Критериалды бағалау жүйесі дегеніміз? Оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес,ұжым ішінде өңделген ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген процесс.Бастауыш білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін,білім алушылардың оқу танымдық біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін айқын үдеріс.
5.Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты? Бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
6.Критериалды бағалау жүйесінің міндеті? Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту
Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау
Бірыңғай стандарттарды сапалы бағалау құралдарын механизмдерін қалыптастыруға көмектесу
7.Оқуды бағалау жүйесі? Белгілі бір уақытта оқушы жетістігін жинақтап көрсететін бағалау түрі.Ол оқу үдерісі аяқталған соң жүреді.Оқу үшін бағалау оқып үйрену үдерісі жүріп жатқан кезде мұғалімдер мен оқушыларға өздерінің оқытуы мен оқуынан хабар беріп отыру үшін қолданылады.