Байланысты: 1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org
22. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасының шынайы себептерін тұжырымдаңыз 1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. Тарихи әділдік пе әлде, кездейсоқтық па? Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болғаны сөзсіз. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебін еске түсіре кетсек артық болмас. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Діңмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты. Бірақ 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Биыл КСРО-ның ыдырауын жеделдеткен Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне тура 30 жыл. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Брежнев алаңына (қазіргі Республика) жиналған мыңдаған жас Д.Қонаевтың қызметтен кетуіне наразылықтарын білдіріп, ҚКОК-нің 1-хатшысы болған Колбиннің орнына қазақ азаматын тағайындауды талап еткен болатын. Жиналған топтың оңайлықпен тарамайтынын білген Кеңес билігі жастарды алаңнан күштеп қуды. Желтоқсан оқиғасында қанша адамның қаза тапқаны әлі күнге дейін нақты емес. Ресми деректерде қайтыс болған төрт адамның ғана аты айтылса, бейресми дереккөздер марқұм болғандар санының бұдан әлдеқайда көп екенін мәлімдеп келеді. Сондай-ақ, осы көтеріліске қатысқан 99 жас азамат сотталып, 264 студент оқудан шығарылған.Жалпы, Алматыдағы Желтоқсан көтерілісін посткеңестік елдердің сарапшылары КСРО-ны құлатуға бірден-бір түрткі болған оқиға екенін айтады. Өзге елдер мойындағанымен, Қазақстан билігі аталған оқиғаға әлі нақты бағасын берген емесі. Тәуелсіздік алғалы бері осынау көтеріліс жай ғана "Желтоқсан оқиғасы" деген ресми атауға ие. "Ұлт-азаттығын" айтпай-ақ қояйық, тіпті, "көтеріліс" деген баға да берілген жоқ.