1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуін көрсетіңіз



бет23/74
Дата25.07.2023
өлшемі492,25 Kb.
#104783
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74
Байланысты:
1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org

25. Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуін көрсетіңіз
Түркістан автономиялық республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Т.Рысқұлов 1920 жылы түрік коммунистік партиясын құру туралы идея көтереді. Оның мақсаты түрік халықтарының басын біріктіріп, Кеңес үкіметіне қарсы қою еді. Түрік тектес халықтардың басының бірігуі Кеңес үкіметіне қауыпты еді. Сондықтан Коммунистік партия 1924 жылы Түркістан өлкесін межелеу саясатын бастады. Бүл саясат арқылы Кеңес үкіметі бір республикаға бірігіп отырған халықтарды бірнеше республикаға бөліп оларды ыдырату саясатын жүргізді. Өзбекстанды одақтас республика жасады, қалған үш халықты қырғыз, түрікмен, тәжік автономиялық республика, облыс жасап біреулерін Өзбек ССР-на, біреулерін РСФСРға қаратты. Кеңес үкіметі бұл саясатты жүргізгенде коммунистік партия әрбір ұлтқа өз мемлекеттігін құрып беріп отыр деп түсіндірді. Бұл мемлекеттер сол халықтардың шын мәніндегі тәуелсіз мемлекеті бола алмағаны, Кеңес үкіметінің межелеу саясатының мақсаты түрік тектес халықтардың басын біріктірмеу, керісінше оларды өз ара ажырату болғаны айқын. Межелеу кезінде бұрын Түркістан АССР-ның құрамында болған екі облыс-Жетісу мен Сырдария облысы Қазақ АССР-на қосылды. Экономикасы салыстырмалы түрде жоғары дамыған, халқының көпшілігі қазақтардан құрылатын екі облыстың қосылуы Қазақстанға тиімді болды. Ресей оның есесіне Қазақстанның біраз жерін өзіне қосып алды.
26. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз
Азамат соғысының салдарлары:1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты:Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет