Сөйлемдерді оқып сын есімдерді тауып астын сызыңдар.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. Айсыз , бұлтсыз түнде масайраған көп жұлдызды күндегендей шоқая отырған төрт көз төбет көкке қарап ұлуда. Алдынан кесірлі жылқышы шығып , егінге түскенін білсе де , түгі кетпей сүйсінгендей болып, малын түгендеді. Саудагер жігіттің жейрен бешпент жағасын жырта жаздап керіп бара жатқан қызыл қоңыр мойнына көзі түсті. Ақ киімді , денелі , ақ сақалды , Соқыр , мылқау , танымас тірі жанды. Үсті –басы ақ қырау , түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.
-
№ 6
Етістік түбірінен жасалған сын есімдерді бір бөлек, есім түбірден жасалған сын есімдерді бір бөлек топтап жаз.
Озбыр, сүзеген, тапалтақ, түнемел, жазғыш, абыройлы, ауыспалы, сезгіш, айлалы, күлдіргі, еріншек, аудандық, қуақы, түпкілікті, сұраншақ, жершіл, ойшыл, сүттей, дөңгелек, ерттеулі, тершең, басыңқы, ұғымтал, күзгі.
|
-
Достарыңызбен бөлісу: |