1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



бет38/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127
Этиологиялық ертегі. Бҧл топтағы ертегілердің жанрлық ерекшелігі
оның синкреттілік сипатында, яғни мҧнда кҿзбен кҿріп, қолмен ҧстап алатын 
жанрлық белгілер жоқ. Бҧларды даралап тҧратын нҽрсе – себепті-салдарлық
баяндау, бірақ соған қарамастан мҧнда тҧрақты композициялық қҧрылым 
жоқ. Бҧл тҧрғыдан алғанда, бҧл ертегілер этиологиялық мифке жақындайды.
Ал, кейіпкер-жануарларды суреттеу мен олардың мінез-қҧлқын бағалауда 
ертегіге жақындайды. Рас, қазақтың тҿрт тҥлік туралы кейбір тҿл
шығармаларында кейіпкер-жануар бейнесі тотемистік тҥсініктегі мифте 
кҿрінетін жануарлармен ҧқсас болып келеді. Мысалы, ботасын іздеп
боздаған бозінген жайындағы немесе иесінің қамын ойлайтын сырттан ит 
туралы шығармалар ҽлі шын мҽніндегі ертегіге айналып ҥлгермеген,
мҧндағы жануарлар мифтегі сияқты «қасиетті» деп есептелген. Бҧл – 
қазақтың жануарлар жайындағы этиологиялық ертегілерінің басты
ерекшелігі. 
Аталмыш ерекшелік – этиологиялық ертегінің мифпен жақындығы –
«Мҥшел», «Хайуандардың жыл басына таласуы», «Ҥркер» сияқты 
шығармаларда айқын сезіледі. Мҧнда аспан ҽлемінің сыры, жыл он екі айдың
болуы қазаққа жақсы таныс жануарлардың мінез-қҧлқымен, іс-ҽрекетімен 
байланысты тҥсіндіріледі. Қадым заманда ел шындық деп қабылдаған бҧл
мифтер келе-келе ертегілік сипат ала бастаған. Ҿмірді, ҽлемді практикалық 
тҥрде танып, тҽжірибесі толысқан кҿшпенділерге қыстың ҧзақ болатынына
сиырдың еш кінҽсі жоқ екені, сол сияқты он екі айдан тҧратын жыл басының 
тышқан аталуына ашықауыз тҥйенің еш қатысы жоқ екендігі белгілі болған.
Сҿйтіп, ел бҧл мифке сенбейтін болған. Бір кездерде дҥниенің жаратылысы 
туралы болжам жасаған мҧндай мифтер елді қанағаттандырған еді де, халық
сол арқылы ҽлем туралы ҿз тҥсінігін пайымдаған болатын. Сондықтан да 
«Ҥркер»,
«Жыл

басына
таласқан 


хайуандар»
сияқты

ертегілер


космогониялық мифке тҽн сипатын сақтай отырып, ҽлдеқашан ертегілер 
тобына қосылған жҽне олардың сипатты белгілеріне ие болған
1
. Олардың 

қҧрамына ертегілерде кең тараған мотив-жануарлар жарысы енгізілген жҽне


1
Мифтік сипатын ҽлі кҥнге дейін сақтаған мҧндай ертегілерді ғылымда «мифологический животный эпос» деп 

те атайды.





220


мҧнда тҥйенің аңқаулығы мен тышқанның қаптесер қулығы миф емес,
кҿркем ертегі тҧрғысынан бейнеленген. Олардағы жануарлар образынан адам 
бейнесі кҿрінеді, демек оларда хайуанаттар туралы ертегіге тҽн аллегориялық
сарын, ҥн бар. Міне, осындай себепке байланысты аталған шығармалар 
жануарлардың белгілі бір қасиетін, шығу тегін тҥсіндіре баяндамаса да,
этиологиялық ертегілер қатарына жатады. 
Таза этиологиялық ертегіде шарттылық басым, аллегория айқынырақ.
Сол себепті ондағы оқиғаға айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Сондықтан 
таза этиологиялық ертегілер кҥлдіргі болып келеді де, кҿбінесе балаларға
арналып айтылады. Екінші жағынан, олардың қҧрылымы драмалық 
оқиғаларды кіргізіп отыруға ыңғайлы болады.
Кҿптеген этиологиялық ертегілерде жануарларға берілетін мінездеме 
классикалық ертегілермен бірдей. Мҽселен, тҥлкі – ҿте қу ҽрі тақыс. Осындай
жылпостығымен ол қоянды қҧйрығынан айырады. («Қоянның қҧйрығы неге 
қысқа, тҥлкінің қҧйрығы неге ҧзын?»). Тҥйеге ҥнемі аңқау жҽне ақкҿңіл
деген мінездеме беріледі («Тҥйе су ішкенде неге артына қарайды?»). Бҧл 
сияқты этиологиялық ертегілер бҧрынғы ел сенген мифтік сипатынан
айрылған жҽне олар классикалық ертегімен қатар ҿмір сҥргендіктен соған 
жақындаған, тіпті, бір-біріне ҽсер де еткен. Кейбір жағдайларда классикалық
ертегінің аяқталуы этиологиялы (себепті) болып келуі 

осының айғағы. 

Мысалы, ҿте қу, залым тҥлкіні кішкентай ғана бҿдененің алдап кеткенін


баяндайтын классикалық ертегі бҿдененің қҧйрығының қысқарып қалу 
себебін тҥсіндірумен аяқталады.
Хайуанаттар туралы этиологиялық ертегілер кейде қиял-ғажайып 
ертегілердің де оқиғасын пайдаланады жҽне сол арқылы адамгершілік пен
адалдық проблемаларын кҿтереді. Айталық, қиял-ғажайып ертегісінің ҿте бір 
айшықты кейіпкері айдаһар этиологиялық ертегіде бҥкіл ҿзінің болмысын
кҿрсетеді: ҿлгелі жатса да, қан ішуді мақсат тҧтып, ол масаны дҥниеде кімнің 
қаны тҽтті екенін біліп келуге жҧмсайды. Бҽрінен де адам қаны тҽтті екен деп
айдаһарға хабар бергелі келе жатқан масаның тілін қарлығаш жҧлып алады. 
Қаһарланған айдаһар қарлығашты жеймін деп шап бергенде, аузында оның
қҧйрығы ғана қалады. Содан бастап маса тек ызыңдайтын болады да, ал, 
қарлығаштың қҧйрығы айыр болып қалады жҽне ол адамға ҥйір болып,
ҧясын ҥйдің ішіне немесе қораға салатын болады. Міне, мҧнда қарлығаш пен 
айдаһардың қақтығысы арқылы ҽділеттік пен зҧлымдықтың кҥресі
бейнеленіп, ҥш бірдей сҧраққа жауап берілген. 
Жануарлар жайындағы этиологиялық ертегілердің мазмҧны мен
композициясы бейнеленіп отырған жануар не себепті белгілі бір сипаттармен 
дараланады деген сҧраққа жауап беруге бағындырылады. Сырт қарағанда,
мҧнда классикалық жҽне мысал ертегілерде айқын кҿрінетін аллегория жоқ 
сияқты. Бірақ мҥйізінен айырылған тҥйе де, тҥнде ғана ҧшатын жарқанат та
адамды суреттейді, адам мінезін сипаттайды. Ендеше бҧлардың образы жаңа 
қасиетке ие болады, олардың қылықтарынан адамның іс-ҽрекеті аңғарылады.




221




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет