1-ТАРАУ. ХVIII-ХIХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФОЛЬКЛОР
§ 1. Новеллалық ертегі
Қазақ фольклорында ҿзінің сюжеттік қҧрамы мен мазмҧны,
композициялық қҧрылымы мен стилі жағынан оқшауланып тҧратын бірталай
ертегі бар. Алайда, ҧлттық фольклортану ғылымымызда олар жеке
зерттелмей, «тҧрмыс-салт ертегілердің» тобында қарастырылып жҥр. Ал, бҧл
ертегілер ҿзінің сипатты белгілері бойынша таза «тҧрмыс-салт» ертегі емес.
Біріншіден, онда тҧрмыс-салт ертегіге тҽн емес қиял-ғажайыптық элементтер
кҿп, оқиғалар ҿте таңғажайыпты, шытырман болып келеді; екіншіден, мҧнда
сюжет ҿте кҥрделі, ол бірі-бірінен асқан қым-қиғаш оқиғалар тізбегінен
тҧрады. Ҥшіншіден, кейіпкерлер ҿз мҧратына қулықпен емес, ақылмен
жетеді, дҧшпандарын да ақылмен жеңеді.
Ҽрине, бҧл ертегілердің ерекшелігі осымен ғана шектелмейді. Қолдағы
материалды саралап, зерттеп қарағанда, бҧл топтағы мҽтіндер – қиял-
ғажайып пен тҧрмыс-салт ертегілердің аралығында тҧрған шығармалар екені
байқалады. Біздіңше, оларды «новеллалық ертегі» деп атаған жҿн сияқты.
Ҿйткені, мҧнда новеллаға тҽн хикаялық, яғни шытырман оқиғалық сипат
басым. Рас, бҧл ертегілер кҿлемі жағынан новелла сияқты шағын емес, бірақ
бҧл жерде біз ҽдеби емес, фольклорлық жанрды атап отырмыз жҽне бҧл
атауымыз шартты тҥрде алынып отыр. Қоғамның дамыған кезінде, сауда-
саттықтың, қолҿнер мен ҿндірістің ҿскен шағында қиял-ғажайып ертегі
тыңдаушысын баурап ҽкететін ҿзінің бҧрынғы қасиетінен айырыла бастайды.
Енді оның негізінде ҽрі онымен таласа, кҥресе отырып, басқа ертегілік
жанрлар пайда болып, қалыптаса бастайды. Сҿйтіп, бҧл дҽуірде новеллалық,
ал, кейінірек сатиралық ертегілер ҿмірге келеді. Ҽрине, бҧл бір ғана дҽуірде
пайда болған жоқ. Профессор Мҽлік Ғабдуллин дҧрыс айтады:
«Халықтың тҧрмыс – тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері
452
бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол талай ғасырдың жемісі. Бҧл ертегілердің
ішінде кҿне заманда, феодалдық қарым-қатынастар кезінде жҽне соңғы
дҽуірде туғандары да бар. Олардың бҽрі ауызша айтылып, ауызша
тарағандықтан кҿптеген тарихи кезеңдер, талай таптық, қоғамдық орта
тудырған ҽртҥрлі кҿзқарастарды, сан алуан ҧғым тҥсініктерді бойына
жинастыра келгендері де белгілі. Бірақ солай бола тҧрса да, халықтық ортада
туған ертегілер ҿзінің халықтық сипатын жойған жоқ. Қайта, оны ҽрбір жаңа
дҽуір, жаңа кезең жағдайларына қарай ҿзгертіп, шыңдап, жетілдіріп
отырғанын, ҿткірлеп мҽнерлегенін де байқаймыз»
1
.
Сырттай қарағанда новеллалық ертегілерде ҽдеттегіден тыс қҧбылыстар,
яғни ертегіге тҽн ғажайыптық белгілер жоқ сияқты. Бірақ шындығында олай
емес: мҧнда айырықша ҿмір ағымы, шындық ҿмірде болмайтын жағдайлар
бар. Новеллалық ертегілердегі нҽрсенің кҿбі тосын, ерекше, мҧнда
фантастика да (ғажайып) бар, бірақ оның сапасы қиял-ғажайып ертегіден
басқаша. Мҧндағы қиял (вымысел) ҿте кҿркемделіп кеткендіктен кҿне
мифтік ҧғымдармен, діни нанымдармен тектік байланысын ҥзген. Сол
себепті бҧл ертегілердегі сиқырлық, қҧбылушылық сияқты нҽрселер
кейіпкерлердің тек ҿз басының ғана қасиеттері деп саналады.
Мҧндағы баяндаудың барысы ҥнемі ҽділдік пен ақылдың жеңісіне
бағытталып отырады, ал, кҥнделікті тҧрмыста кездесетін қарапайым шындық
моральдық уағыз арқылы емес, уақиғаның табиғи дамытылуы арқылы
дҽлелденеді. Рас, кейде, ертекші баяндауды афоризммен тҥйеді. Бірақ
ертегіде айтылып отырған шындық былай да кҿрініп тҧратындықтан ҥнемі
мҧндай ҽдіс қолданыла бермейді.
Новеллалық ертегіде ҿте қызғылықты, қорқынышты сапарлар, шым-
шытырық жағдаяттар, адамның қым-қиғаш тағдыры, отбасы ҿмірі, ерлі-
зайыптылардың басынан кешкен оқиғалары, тағы да басқа небір керемет те
сҧмдық уақиғалар туралы баяндалады. Тақырыбы жағынан бҧл жанрдағы
шығармалар ҽралуан. Бір топ ертегі, мысалы, қарапайым қыздың ҿзінің
тапқырлығы арқасында ханға, яғни хан баласына тҧрмысқа шыққаны
жайында ҽңгімелейді. Ал, енді бірқанша ертегіде ерлі-зайыптылардың тағдыр
тҽлкегіне тҥсіп, ҿмірдің небір тауқыметін тартқаны, ҽйелдің ақылдылығы мен
сабырлылығы арқасында ері таққа отырып, бақытқа кенелгені туралы
айтылады. Кҿптеген ертегілерде ақымақ еркекті ақылды ҽйелдің адам
қылғаны жайлы баяндалады.
Кҿлемі жағынан ҧзын-сонар, мазмҧны шытырман оқиғалы кҿптеген
новеллалық ертегілерді «фольклорлық» немесе «халықтық роман» десе де
болады. Олардың сюжеттері тек қазақта ғана емес, сондай-ақ бҥкіл шығыс
елдерінде кең тараған ондаған мотивтерді қамтиды. Мҽселен, мҧндай
шығармаларға сотты билеп-тҿстеген жҽне бидің берген жҧмбақтарын лезде
«қағып тастайтын» ақылды ағайындылардың хикаясы, патшаны ғажайып дҽу
улы жыланнан қҧтқарған уҽзір туралы ҽңгіме, ҿлім жазасына кесілсе де,
сабырлылық сақтаған уҽзірдің тарихы, патшаның қолындағы уға толы
1
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1974. 126-127-б.
453
тостағанды тарпып тҥсірген бҥркіт туралы жҽне тағы басқа кҿптеген
ертегілер жатады.
Новеллалық ертегілердің ішінде жеке топ қҧрайтындары – отбасы
туралылары, ерлі-зайыптылардың бір-біріне адалдығы, я болмаса бірін-бірі
алдайтындығы жайында баяндайтын ертегілер. Осылардың ішінде ҽйелдің
кҥйеуінің кҿзіне шҿп салып, оны ақымақ қылатынын ҽңгімелейтін ертегілер
де бар. Сонымен бірге басқа ҽйелге кҿңілі ауып, неше тҥрлі қолайсыз
жағдайға тҥсіп, ҽлек болатын еркектер жайлы да ертектер бар. Ертегі адам
бойындағы қызғаныш пен кҥдік сияқты сезімдерді ҽшкерелеп, болашақтан
кҥдіктенушілік пен қорқушылықтың негізсіз екенін де кҿрсетеді. Мысалы,
ҽйелдердің кҿзге шҿп салушылығы туралы ҽңгімені естіген хан ҿзінің жаңа
ғана ҥйленген жас жҧбайын сынамақ мақсатында ҥйінен аттанып, ҿзі
келгенше ҽйеліне ҧл тауып қоюды бҧйырады. Ҽйелі еркекше киініп, ханның
соңынан барады да, біресе ханның жақын жолдасы, біресе оның қарындасы
болып, екі жеп, биге шығады. Сҿйтіп, ханның тапсырмасы орындалып,
шынайы махаббат пен тазалық кҥдік пен сенімсіздікті жеңіп шығады
(«Уҽзірдің қызы»).
Отбасы жайында баяндайтын новеллалық ертегілер сан жағынан
бірталай. Олардың басты ерекшелігі – қиял-ғажайып ертегілермен
байланысын ҥзбегендігі
1
. Осындай ертегінің бір ҥлгісін талдап кҿрейік. Оның
фабуласы мынадай:
Ертеде Жҥніс деген кісі қажыға кетеді, ҥйінде сҧлулығы елден асқан
Мархҧма деген ҽйелі қалады. Бірақ кҥйеуі кеткен соң Мархҧмаға қайнысы
сҿз салып, мазасын алады. Жеңгесі кҿнбеген соң қайнысы оған жала жауып,
қазыға барып: «Жеңгем бҧзылды. Ағам кеткелі ҥйінде кҥндіз-тҥні ойнақ!» –
деп, ҿтірік айтады. Қазы шариғат бойынша Мархҧманы таспен атқылап
ҿлтіруге ҥкім қылады. Жендеттер таспен ҧрып, ҽбден мыжғылап, Мархҧманы
ит пен қҧсқа жем болсын деп, далаға тастап кетеді.
Ыңырсып жатқан Мархҧманың дауысын Ағраби деген жолаушы естіп,
оны ҥйіне ҽкеліп емдейді. Мархҧмаға Ағрабидің қҧлы ғашық болады, ҽйелді
кҿндіре алмаған соң ол иесінің баласын Мархҧманың бҿлмесіне ҽкеп ҿлтіріп,
қанын Мархҧманың киіміне жағып кетеді. Ағраби баласының ҿлгенін
Мархҧмадан кҿрмейді, бірақ ҽйелім зияндық қылар деп, 400 дирхем беріп,
Мархҧманы шығарып салады.
Мархҧма басқа шаһарға келеді. Келсе, алаңда бір жігітті патшаға қарыз
400 дирхемін тҿлемегені ҥшін дарға аспақ болып жатыр екен. Мархҧма жаны
ашып кетіп, ҽлгі жігіттің қарызын тҿлеп, босатып алады. Бірақ жігіт
Мархҧмаға ғашық болып, соңынан қалмайды. Мархҧма қашып береді, анау
қуып береді. Мархҧма қашқан бойда бір дарияның жағасында тҧрған кемеге
келеді, жігіт артынан қуып жетіп, Мархҧманы саудагерге сатып жібереді.
Енді оған керуенбасы ғашық болып, маған ти дейді. Осы кезде Мархҧма
дҽрет алып, намаз оқып, Аллаға сиынып: «Мені қияметте қара жҥзді қыла
1
Мҧндай жағдай орыс ертегілерінен де байқалады // Қараңыз: Аникин В. П. Русская народная сказка. М.,
1977. С. 170-178.
454
кҿрме! Я, Алла, бҧл залымдардан қҧтылатын бір керемет кҿрсет!» - деп
жалбарынады. Осы сҽтте дауыл тҧрып, бҥкіл кеменің бҽрі суға кетеді, тек
Мархҧма отырған кеме аман-есен жағаға келіп тоқтайды. Мархҧма кеме толы
алтын мен кҥмісті кҿріп, еркекше киініп, кҿрініп тҧрған шаһарға барады.
Шаһардың патшасына ҿзінің басынан ҿткен істің бҽрін айтып береді.
Патша оған сарай салдырып береді, Мархҧма дария жағасында тҧрып,
тҽуіптік жасайды, дҧғагҿйлікпен елді емдейді.
Мархҧма мҧнда жҥргенде, кҥйеуі Жҥніс қажылықтан ҥйіне келеді. Ҽйелі
туралы інісінің айтқанына сенеді. Арада біраз уақыт ҿткен соң, інісі
айықпайтын ауруға шалдығады. Дария жағасында тҧратын ҽулие ҽйел
туралы естіп, інісін соған апаруға алып шығады.
Жол бойы баяғы Мархҧманы аман алып қалған Ағрабидің ҥйіне соғады,
оның (Мархҧмаға қастандық істеген) қҧлы да ауруға шалдыққан екен. Соны
да Ағрабимен ертіп жҥреді. Жолаушылар баяғы Мархҧма босатқан, бірақ оны
сатып жіберген жігіттің ҥйіне қонады, ол да ауру екен, оны да ертіп жҥреді.
Бҽрі тҽуіп ҽйелге келеді. Оларды таныған Мархҧма ҿзінің шаһарының
патшасына елді жинатып, қалың жҧрттың алдында ҥш ауруға ҿзіне жасаған
қылмыстарын айтқызады. Оларды кешіріп, кҥйеуіне қосылады
1
.
Осындай жарына адал ҽйелдер туралы новеллалық ертегілердің ҿзі бір
топ. Ҽйелдер жаланың кесірінен қаншалықты азап шегіп, адам айтқысыз
қорлық кҿрсе де, адамгершілік, имандылық қасиеттерін жоғалтпайды,
барлық ауыртпалыққа тҿзе біледі, ақыл мен сабырлық арқасында
қиыншылықтың бҽрін жеңіп, мҧратына жетеді.
Ал, олардың қастары нағыз зҧлым, екіжҥзді болып кҿрсетіледі, алайда –
жағымсыз кейіпкерлердің қылықтары ашық мінелмейді, ащы сынға да
алынбайды. Оларды новеллалық ертегі ҿзінің бас кейіпкерінің байыптылық,
кеңпейілділік сияқты қасиеттері, ҿнегелі ҿмірі арқылы ҽшкерелейді.
Сондықтан да ертегіде жҽбірленген кейіпкер ол жауыздардан кек алмайды,
оларды аяп, мҥсіркейді, кешірім қылады. Мҧның бҽрі новеллалық ертегіні
жанрлық тҧрғыдан сипаттайды.
Новеллалық ертегілердің қаһармандары батыр да, мерген де емес. Ол –
хан мен қолҿнерші, уҽзір мен кедей, би мен ҧста. Ҿздерінің ҽлеуметтік тегіне
қарамастан қаһармандар қайырымдылық пен ҽділеттілік идеясын қорғайды.
Кей жағдайларда қаһарман қателесіп те жҥреді, бірақ ертегінің соңында ол
ҿзінің аяғын шалыс басқанын тҥсініп, ақырында, адалдық пен ҽділеттілік
жолына тҥседі. Бақыт, ҽдетте, ақылды да тапқыр, адал ҽрі ҿзінің кемшілігін
мойындап, одан арыла алатын адамның басына ғана қонады. Мҧратқа
ҧмтылу – қазақ новеллалық ертегілерінің кҿпшілігіне тҽн қасиет. Мҧнда не
туралы айтылса да – кездейсоқ, я ақыл кҥшімен табылған бақыт болсын, дана
би туралы немесе ҽдеттен тыс қаһармандық болсын – жеңіп шығатын білгір
де байыпты, ҽділ де ақылды адам болып келеді. Оның басты қасиеті –
тапқырлық, ақылдылық жҽне сабырлық. Сондықтан да бҧл жанрдағы
1
Мархҧма // ҼҾИ қолжазба қоры. № 114-бума. Осы сюжеттес ертегілерді қараңыз: Сонда. № 109, 114, 119,
320-бумалар.
455
шығармаларда ылғи ақыл мен адамгершілік жеңеді, ал, арамзалық арқылы
ҿзіне бақыт ҽкелгісі келгендер ҥнемі жеңіліске душар болған.
Бҧл жанрдың функциялық нысанасы – ғибрат айту, тҽрбие беру. Ҿмірде
тек ақылмен, еңбекпен ғана бҽріне жетуге болады деген идея – негізгі айтар
ойы. Тіршіліктің кҿлеңкелі жағын ащы мысқылмен емес, ҿнегелі ҿмірмен
кҿрсетеді. Ол ҿмір – бас кейіпкердің ғҧмыры.
Қазақ новеллалық ертегілерінің енді бір тобы пайдалы кеңес, данышпан
адам, ақылды қыз жайлы болып келеді. Ертегінің айтуынша, қиындықтарды
жеңуге кҿмектесетін ақылды да, қайырымды кеңестерден бас тартуға
болмайды. Пайдалы кеңес туралы бір топ ертегілерде («Ҥш ҿсиет», «Ҽке
ҿсиеті», «Ақылды кеңес», т. б.) тапқырлық пен алғырлық сияқты қасиет
айрықша дҽріптеледі. Ҽділ патша базардан «бір нҽрсені жасау ҥшін ҽуелі
ойланып ал, ойланбай жасасаң, кҥйесің», – деген ақыл сатып алады.
Жауыздыққа тартылған шаштараз қабырғада жазулы тҧрған кеңесті оқып,
патшаға уҽзірінің сатқындық ҽрекеті туралы айтады. Сатқын олардың қҧрған
торына тҥсіп, мерт болады («Ҽділ патша туралы ертегі»).
Қазақтардың аса қастерлейтін фольклорлық ҥлгілерінің бірі – даналық
пен алғырлықты дҽріптейтін новеллалық ертегілер болып келеді. Дҥниедегі
қҧстың, шҿптің, адамның ең жаманын тауып ҽкеліңдер деп уҽзірлеріне
берілген хан жарлығына дҧрыс жауап табатын адам – сіңірі шыққан кедей
мен біреудің босағасында жҥрген жалшы болып шығады. Даналығына дҽн
риза болған хан тапқыр жарлыны ҿзінің басты уҽзірі етіп тағайындап, оның
ақылдылығын сынау ҥшін басқа уҽзірлері жауап бере алмайтындай сҧрақтар
беріп отырады. Қастарының жасаған қысасына шыдамаған дана уҽзірдің кей
жағдайларда ханға қызмет етуден бас тартатын кездері де болады, бірақ
кейіннен оның адалдығы анықталып, ҿз ханына қайтадан абыроймен қызмет
ететін болады
1
.
Новеллалық ертегілердің қҧрамында бҥкіл Шығысқа тараған сюжеттер
де кездеседі. Олар қазақ ҿмірінің шындығы мен ерекшеліктерін бейнелейді.
Сан ғасыр қазақ фольклорының жанрларымен аралас ҿмір сҥрген бҧл
сюжеттер қазақ ертегілерінің айрылмас бҿліктерінің біріне айналып кеткен.
Оның ҥстіне ондағы дҽріптелінетін адамдық қасиеттер қазақ халқының
мораліне ҿте жақын-тын. Қазақ топырағына тҥскен бҧл сюжеттер, ҽрине,
ҿзгеріске ҧшыраған. Мысалы, ертегілердегі қала тҧрмысының кҿптеген
сырлары мен детальдары жойылып, шығармалар барынша шымыр ҽрі
жинақы баяндалады. Шығыстағы кҿптеген новеллалық ертегілер белгілі бір
қаламен байланысты болса, мҧнда ол міндетті деп саналмайды, қаланың аты
аталмауы да мҥмкін. Ертекші оқиғаны кҿбіне қазақ елінде, қазақ қаласында
ҿрбітеді, оны кҿрнекілей тҥседі. Мҧның ҿзі қазақ ертегілеріне тҽн сипатты
белгілердің бірі.
Жалпы алғанда, қазақ новеллалық ертегілерінде ауысып келген
сюжеттер ҿзінің бояуын жоғалтып, қазақ халқының талғамы мен кҿзқарасына
1
Отыншы уҽзір // Труды общества изучения Киргизского края. Оренбург, 1922. Вып. III. С. 175-177; Аяз би
// Қазақ ертегілері. Алматы, 1957. 1-т. 405-423-б.
456
сай ҿзгертіліп баяндалады. Олар ҽдеби шығармаларға тҽн уақиғаны нақтылай
тҥсу қасиетінен айрылып (кҿптеген шығыстық сюжеттердің Қазақстанға
ҽдеби ҿңдеуден ҿтіп, жинақтар қҧрамында келгенін де ҧмытпаған жҿн),
қайтадан фольклор шығармасына айналады.
Новеллалық ертегіде композициялық қҧрылым ҿте кҥрделі болып
келеді, бір эпизодтың ҥстіне екінші эпизод тіркеледі, ол эпизодтың ҽр
қайсысы кейіпкердің басынан кешкен бір оқиға болады. Оқиға кҿбінесе
шаһарда, хан сарайында ҿтеді, оған сырттан ешбір керемет кҥш араласпайды.
Ал, кейіпкер қайырымды, сҿзі мен ісіне берік, сҥйгеніне адал болып
суреттеледі.
Кейде
кейіпкер
бейнесінде
ғашықтық
дастанның
қаһармандарына тҽн мінез-қҧлық кездеседі. Сол себепті кейбір жағдайларда
кітаби стиль кҿрініс беріп қалады. Кейіпкерлер жҧмсақ мінезді болып
кҿрінеді. Олардың сҿйлеу мҽнері де ҿзгеше, ойын ҽрлеп, ҽсемдеп айтады.
Міне, мҧның бҽрі новеллалық ертегінің жанрлық белгілеріне жатады.
Новеллалық ертегіде ғҧмырнамалық (биографиялық) тҧтастану
болмайды, онда кейіпкердің туғанынан бастап, тірлігінің соңына дейін
айтылмайды, кейіпкер ҿмірінің бір, яки бірнеше кезеңі ғана кҿрсетіледі.
Сондықтан новеллалық ертегідегі оқиғалар кейіпкердің азамат ретінде
қалыптасу тарихымен, я болмаса соның бір маңызды кезеңімен байланысты
болмайды. Мҧның бҽрі бҧл жанрдың табиғаты мен кҿркемдік нысанасынан
туған деп ойлау керек, ҿйткені, егер бҧрынғы батырлық жҽне қиял-ғажайып
ертегілерде басты мақсат – кейіпкерді мадақтау болса, новеллалық ертегіде
кейіпкер арқылы ҿмірдегі кемшіліктерді сынау – негізгі шарт болып отыр.
Егер бҧрын халық идеалы дҽріптеліп, ал, ҽлеуметтік мҽселе кҿп қозғалмаса,
енді ол бірінші орынға қойылады.
Осы айтылғанның бҽрі новеллалық ертегінің айтылу мҽнерін де, яғни
стилін де ҿзгертеді. Енді бҧрынғы эпикалык пафостың орнына жай баяндау,
ғажайыпты тҥрде ҽсірелеудің орнына кҿркем тҥрде сынау пайда болады.
Ертегінің шыншылдығымен бірге сыншылдығы да артады: ежелгі діни
нанымдар мен тҥсінік-пайымдар жоғалады, я болмаса кҥлкіге айналады.
Бҧрынғы хайуанаттар жайындағы ертегілерде де осындай кҿне тҥсініктерді
кҥлкі ету бар-ды, бірақ ондағы сын (сатира) кҿркем шарттылықпен шектеулі
еді, сондықтан шындықты бейнелеу толық болмайтын. Ол ертегілер
шыққаннан бергі уақытта ҿмірде сан алуан ҿзгерістер болды, соған сҽйкес
тіршілік, іс-ҽрекеттер, адамдар пайда болды. Оларды сынап кҿрсету қажет
болған кезде бҧрынғы стиль мен тҽсіл жеткіліксіз болды. Сҿйтіп, кҥнделікті
болмыста ҿзінен ҽлсіздер мен кедей-кепшіктерге ҥстемдік жҥргізіп, оларға
зорлық жасаушылардың жҽне ҿмірде кездесетін алдау, ҿтірік айту, ҧрлау
тҽрізді жағымсыз қылықтарды сынап-мінеу ҥшін жаңа жанрда жаңа тҽсілдер
пайда болды, ертегінің стилі жаңа тақырыптар мен дҥниетанымға
сҽйкестенді.
Достарыңызбен бөлісу: |