Жаңылтпаш – барлық халықтың фольклорында кең таралған жанр.
Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi.
Оның тҧңғыш хатқа тҥскен ҥлгiлерiн Ҽ.Диваев, М.Ф.Гаврилов жазбаларынан
кезiктiремiз. Кейiнгi кезеңде жаңылтпаштар балаларға арналған мерзiмдi
басылымдарда жиi жарияланып, жеке кiтап болып та басылып шықты.
«Жаңылтпаш» деген ат жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта
шапшаң айтқанда, иҽ тiл келмейтiн, иҽ тiл басқа сҿз қылып бҧзып кететiн
сҿздердiң басын қҧрап, келiстiрген шығарма жаңылтпаш деп аталады»
1
,- деп
дҽйектейдi алғаш рет оның ғылыми анықтамасын А.Байтҧрсынов.
Жаңылтпаштардың ғылыми маңызына назар аударған алғашқы адамның
бiрi – С.Сейфуллин едi. «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-кҥлкi
«дҥкенiн» қҧрған орында айтылатын айтыстың бiрi – жаңылтпаш. Бҧл да –
ертек, ҿлең, жҧмбақ айтысу тҽрiздi жастардың, балалардың тiл
ҧстартуларына, ойнақы, қырлы сҿздердi қақпақылша атқылап, билеп еркiн
сҿйлеуге тҿселулерiне ҿз ҽлiнше ҽдемi сабақ, тҽжiрибе болатын ойын»
2
, - деп
жазады ол. Кiтапта зерттеушi жаңылтпаштың тҽрбиелiк мҽнi мен атқаратын
қызметiн айқын аша отырып оның ойындық сипатына да назар аударады.
Яғни, жаңылтпаш жеке баланың ермегi емес, ол – кҿбiнесе жҧрт жиналған
жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сҿйлеуiне
дағдылануына ҥйрететiн ҿлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бiр-
бiрiмен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр. Ол тiл жаттықтыру
1
Байтҧрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989. 235-б.
2
Сейфуллин С. Қазақ ҽдебиеті. Қызылорда, 1932. 253-б.
443
мақсатын ғана кҿздемейдi, жаңылтпаштағы сҿздер дҧрыс айтылмаса, қҧлаққа
мҥлде басқаша естiлiп, кҥлкi де туғызады.
Мҽселен:
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дҧрыс сақтамай, жылдамдата
айтса,
Ақ таяқ па?
Қара таяқ па?
болып мағыналық жағынан мҥлде ҿзгерiп кетедi.
Ертеректе, жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердiң де ермегi болған.
Бiрақ ол ҥлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған.
«Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты
болған. Жаңылтпаш жиналған жҧртты кҥлдiру, тiл ҧстартуды кҿздеумен
қатар, ол ҿлең, ҽн бiлмейтiн жастарға берiлетiн жаза есебiнде қолданылған»
1
-
деп жазады белгiлi фольклорист ғалым М.Ғабдуллин, жаңылтпаштың
ҥлкендер арасындағы қолданысы жҿнiнде. Дегенмен, жаңылтпаштар
негiзiнен балаларға тҽн мҧра. Ол жҿнiнде қазақ балалар ҽдебиетiнiң бiлгiрi
Ш.Ахметов: «Бҧл жанр тікелей балалар ҽдебиетiне арналған, кҿбiне мектеп
жасына дейiнгi балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты. Олай
дейтiнiмiз жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбiр сҿздердi дҧрыс сҿйлеуге
ҥйрету – кҿбiне балаға ғана тҽн нҽрсе. Мҧнда мiндеттi тҥрде оқыту арқылы
ғана емес, баланы талғамы кҥштi қызық та кҿркем сҿздерге ҽуестендiру,
соған елiктiру арқылы жаттығу жҧмысын жҥргiзу ҥшiн қолданылған
шеберлiк бар»
2
- дейдi.
Бҧл пiкiр жаңылтпаштың балалар фольклоры қҧрамындағы функциясын
толық ашады. Бiрақ жаңылтпаштың шығу тегi мен оның алғашқы функциясы
ғылымда жете тексерiле қойған жоқ. Егер жаңылтпаштың кҥрделi ҿлең
қҧрылысына назар аударсақ, оны шығарушылардың ересектер екенiне кҥмҽн
тумайды. Яғни, ерте заманда пайда болып, ҥлкендер репертуарында ҿмiр
сҥрген жаңылтпаш келе-келе балалар ортасына кҿшкен. Бҧлай ауысудың ҿзi
де жайдан-жай емес. Ертедегi халықтар баланың тiлiнiң тезiрек шығуы ҥшiн
ҽртҥрлi магиялық ҽдет-ғҧрыптарды пайдаланған. Ол туралы Д.Д.Фрэзер
кҿптеген мағлҧматтар келтiре отырып: «Орталық Азия тҥрiктерi кҿпке дейiн
тiлi
шықпаған
баланы,
ҽртҥрлi
сайрағыш
қҧстардың
тiлiмен
тамақтандырады»
3
, - деп жазады.
Бҧған ҧқсас ҽдет-ғҧрыптар қазақ халқында бертiнге дейiн сақталған.
Оның ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы бiр кҿрiнiсiн Х.Кустанаев былай
сипаттайды: «...дҽл осылай қазақтар балаларын ең алдымен сҿйлеуге
ҥйретедi, ол ҥшiн оларды шешен сҿйлейтiн адамдардың сарқытымен
1
Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1974. 43-б.
2
Ахметов Ш. Қазақ балалар ҽдебиеті тарихының очерктері. Алматы, 1965. 31-б.
3
Фрэзер Дж. Золотая ветвь. М., 1986. С.465.
444
тамақтандырады, олар сарқытпен бiрге шешендiк қасиеттiң балаларға
берiлетiндiгiне шек келтiрмейдi, одан соң бала жҥйелi сҿйлеуге жаттығу ҥшiн
тҥрлi тҥсiнiксiз сҿздердi тез айтуға асықтырады»
1
. Бҧдан жаңылтпаштың бала
тiлiн шығаруға байланысты функция атқарғандығын да байқаймыз.
Жаңылтпаштың бала тiлiн жаттықтыруға байланысты қызметi – оның
басты мiндетi. Бҧл орайда, жаңылтпаштың тiлге ауыр оралатын дыбыстардан
қҧралатынын ерекше ескерген жҿн. Ҽсiресе:
Ара, ара, аралар,
Орманның бойын аралар.
Гҥлдерден сорып бал алар,
Алысқа ҧшып бара алар,
Бал тҽттi ғой, балалар!-
деп келетiн «Р» дыбысына жаттығуға арналған жаңылтпаштар ҿте кҿп. Ендi
бiр жаңылтпаштарда:
Есiк алдындағы отынның,
Шырпылырағынан ала кел,
Томарлылығынан ала кел,
Тҥбiрлiрегiнен ала кел,-
сияқты айтуға ҿте ауыр кҿп буынды сҿздерден қҧралады.
Егер жаңылтпаштар тек тiл жаттықтыру ҥшiн ғана қолданылатын
жанрлық тҥр десек, бiржақты кеткен болар едiк. Жаңылтпаш бойында сҿз
ойнатып, балаларды қызықтыра тартатын эмоциялық реңк, қисынды ҧйқас
бар.
Шiлiктi шаптым,
Жiлiктi астым,
Шiлiктi жақтым,
Жiлiктi шақтым,-
дегендегi «шаптым, астым, жақтым, шақтым» сияқты толымды ҧйқаспен қоса
бҧл ҿлеңде сҿздердi мағыналық жағынан да ойнату бар, бала сҿздi тез айтуды
ғана емес, логикалық қисынды бҧзып алмауды да жадында сақтайды.
Жаңылтпаш мазмҧнында халық ҿмiрiнiң тҥрлi қырларын таныстыратын
танымдық детальдармен қатар, балаларды тағлымдық ҿнегеге баулитын
ғибраттық сарындар да мол кездеседi.
Қамаштан кҿрiп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бҿлiнсiн десең қалаш тең,
Таласпа, Жарас, Қамашпен, -
1
Кустанаев Х. Этнографические очерки. Киргизы Перовского и Казалинского уездов. Ташкент, 1894. С.52.
445
тҽрiздi кейiнiрек шыққан жаңылтпаштар бҧл ойымызға дҽлел бола алады.
Жаңылтпаштардың ҿлең қҧрылысы тым шағын, қарапайым болып
келедi. Дегенмен, iшiнара:
Жаңбыр жауып келедi қар аралас,
Бiр топ қатын келедi шал аралас.
Тауға қайың бiтедi тал аралас,
Бiр топ сиыр келедi тана аралас,-
сияқты қара ҿлең ҥлгiсiндегi шумақтар да кездеседi. Немесе:
Айыр атанды жҥк қартайтар,
Семiз қойды май қартайтар.
Кҥйгелек менiң атамды
Жас қартайтпас, ой қартайтар,-
тҽрiздi нақыл деуге келетiндей жаңылтпаштар да бар. Жалпы,
жаңылтпаштың ҧйқасты, ҥйлесiмдi тiлмен келетiн ҿлеңдiк ҿрнегi де
балаларға ҥлкен лҽззат бередi.
Жаңылтпаш – қазақ балалар ҿлең-ойындарының iшiнде салмақты орын
алатын тҽрбиелiк мҽнi жоғары, кҿркемдiк кестесi де кҥрделi жанрлық
тҥрлердiң бiрi.
Достарыңызбен бөлісу: |