1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет109/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

«Жанғожа  батыр»  жыры.  Жанғожа  Нҧрмҧхаммедҧлының  бозбала 

шағынан  бастап,  ҿмірінің  ақырғы  сҽттеріне  дейін  елін  сыртқы  жаулардың 

зорлық-зомбылықтарынан  қорғаумен  ҿткен  аса  атақты  батыр  екені  жазбаша 

дереккҿздерінде  де,  халық  ауыз  ҽдебиеті  ҥлгілерінде  де  кеңінен  ашылып 

кҿрсетілген. «Жанғожа батыр» атты жыр нҧсқаларының бізге жеткен бірнеше 

нҧсқасын  оқи  отырып,    батырдың  ең  алғашқы  жауға  аттануынан  бастап, 

Қоқан,  Хиуа,  Бҧқар  хандықтарының  қазақ  жеріне  ҿз  ҥстемдіктерін  орнатуға 

бағытталған  басқыншылығына  жҽне  Ресей  патшалығының  елімізді 

отарлауына  қарсы  ҽр  жылдары  болған  халық  кҿтерілісінде  батырлығын  ҽрі 

ҧйымдастырушылық  дарынын  танытқан  айтулы  оқиғаларының  кҿрінісін 

толығымен кҿзге елестетуге болады. 

Жырдың Н.Қарабатыров қағазға тҥсірген,  «халық жыры» деп аталатын 

нҧсқасы  қарақалпақтан  шыққан  Тықы  деген  батырдың  Сыр  бойындағы 

қазақтарға кҿп уақыт бойы тізесін батырып келгенін  баяндаудан басталады. 

Оның Жылқыайдар бидің ауылын шабуы Кіші жҥздің айтулы батырларының 

ҧйымдасып,  жауға  аттануына  тҥрткі  болады.  Тықының  қаласына  таң  ата 

барып, лап қойған қазақ қолы қорғаннан ҿтіп, кіре алмай, қамалап тҧрғанда, 

Тықы  жекпе-жек  ҧрысуға  шығады.  Оған  ешкім  қарсы    шыға  алмай  тҧрған 

уақытта астында жабылау ғана тайы бар он жеті жастағы Жаңғожа майданға 

шығып,  Тықыны  ҿлтіріп,  қамалға  ат  қойып,  тосқан  қолға  тоқтамай,  , 

дарбазаны  талқандайды.  Оның  жеңісті  жалғыз  ҿзі  қамтамасыз  еткені 



 

493 


жырдың:  «Бір  қасқыр  қырды  мың  қойды.  Ҧрттап  ішіп,  қан  тҿгіп,  арандады, 

бір  тойды...  Қоралап  айдап  малдарын,  толтырды  батыр  Қараойды»,–  деп 

суреттелген.  Елге  қарай  келе  жатқанда  ер  Дабылдың  бҿркі  жауда  қалғаны 

білінгенде, Жанғожа кейін қайтып, аға  батырдың   жоғын тҥгендеуі Доспам-

беттің  қамшысын,  Тарас  Бульбаның  трубкасын  жауға  қалдыруды  намыс 

санап,  соны  қайтарамын  деп  жҥріп  мерт  болғанын  еске  тҥсіріп,  бҧндай 

мотивтің типологиялық сипатын аңдатады.  

Одан  кейін  Жанғожа  ҿз  елінің  ханы  –    Қылышбайды  жаудан  тҥскен 

олжаның  кҿбісін  кҥйеуі  мен  атасына  ҥлестіргені  ҥшін    балталайды.  Бҧны  

естіген  батырдың  ҽкесі  –  Нҧрымбет  пен  Ҿтеген  баласын  Қылышбайға  алып 

келіп,  соның  жолына  шалмақшы  болғанда,  Қылышбай:  «Балаға  азар 

бермеңдер...  Мен  кешемін  қанымды...  Қор  қылмайды  ешкімді,  дегеніне 

кҿнсеңдер...  Ҿзімнен  болды  білместік»,–  деп,  Жанғожаны  жеті  Ғайып 

берендер  қолдайтынын  білдіріп:  «Бетіне  келіп  жҥрмеңдер»,–  деп  ҿсиет 

айтып, ҿмірден ҿтеді.  

«Жанғожа батыр» жыры нҧсқаларында Орта Азия хандықтарының жҽне 

Ресей  патшалығының  қазақтарға  ҥстемдік  жасауына  қарсы  халық 

кҿтерілісінің  кҿріністерін  бейнеленуін  қарастырғанда,  бір  оқиғаның  ҿзі 

фольклор  заңдылығына  орай  ҽр  жыршының  ҿзгеріске  тҥсіруіне  ҧшырамай 

қоймайтынын аңғарамыз. 

Мысалы,  Сыр  ҿңірін  шулатқан  Бабажан  сарт  халық  жырында  Хиуа 

ханының, ҿзге нҧсқаларда Бҧқар ханының қазақ жеріне жіберген қызметшісі 

ретінде  кҿрінеді.  Халық  жырында  Жанғожа  елден  жырақ  жатқанда  Ақтан 

батыр  бастаған  қол  жау  қамалын  ойрандап,  қарсыласқан  ҽскерді  жеңіп, 

баласы  –  Майқарабекті  атына  мінгестіріп  алып,  жан  сауғалай  қашқан 

Бабажан-ды  ҧстап  алып,  ҿлтіреді.  Жырдың  ендігі  бір  нҧсқасында  екі  мың 

ҽскері бар Бабажанға  Жанғожа бастаған жеті батыр жҽне Ақтанға ерген  елу 

жігіт қосылып, шабуыл жасағанда, Бабажанның ҿзі де, оның ҧлы – Байқадам 

да елеулі қарсылық кҿрсетіп барып, ҿледі. Одан кейін жаудың сансыз ҽскерін 

шалғын  шҿптей  орған  Жанғожаның  қолынан  ҿлген  жаудың  саны  жоқ  екені 

айтылып,  батырдың  бҧл  ҽрекеті  «дҽудің  ісі  сықылды-ай»  деп  сипатталады. 

Сҧлтан  Қарманов  жинаған  нҧсқада  Ақтан,  Жанғожа  жҽне  ҿзге  батырлардан 

жеңіліп,  қашып  бара  жатып  қолға  тҥсіп,  ҿлім  қҧшқан  Бабажанның  қамалы 

дҽрменсіз екені: «Қҧр қорғаны болмаса, ішінде ҽскер жоқ екен. Босқа тҧрған 

қала екен»,– деген сҿздерден аңғарылады. 

Халық  жырында  Бабажанның  Хорезмнен  алдырылған  Ҽйімбет,  Нҧртай 

батырларға  сенім  артқаны,  бірақ  олардың  қастарына  ерген  алпыс  ҽскерімен 

қоса  жалғыз  Жанғожадан  ажал  тапқаны  айтылады.  Сҧлтан  Қарманов 

нҧсқасында Бабажан  ҿлгесін  Бҧқардың  ханы тҥрікмен  ханына адам жіберіп: 

«Біздің  Жанғожаға  баратын  адамымыз  жоқ.  Оған  қарсы  батырыңыз  бар 

ма?»–  деген  соң  тҥрікмен  ханы  Айымбетті  жібереді.  Жанғожа  ҿзімен  жеке 

ҧрысуға келе жатқан Айымбеттің ҥстінен шамшырақты кҿріп, аруақтылығын 

сезеді.  Одан  арғы  керемет  оқиға  жырда:  «Екі  жолбарыс    кҿк  тарлан  –  ер 

Жҽкеңнің  аруағы  иығына  барып  асылды.  Шамшырағы    басылды»,–  деп 

баяндалады. 



 

494 


Эпостағы  бас  кейіпкерді  жырдағы  ҿзге  кейіпкерлерден  артық  етіп 

кҿрсету дағдысы жыр нҧсқаларының барлығынан байқалады. Мысалы, Созақ 

қаласы  ҥшін  Қоқан  ҽскерімен  соғысты  суреттеуде  жеңіс  тек  Жанғожаның 

арқасында  ғана  мҥмкін  болғаны  аңғартылады.  Халық  жырында  Жанғожа 

бастаған  он  мерген  ҧрыс  тағдырын  шешсе,  жырдың  ендігі  бір  нҧсқасында 

Жанғожа  жаудың  ханы  жҽне  ең  алып  батыры  болып  табылатын,  қорғанның 

қақпасын  кҥзетіп  жататын  ерін  жалғыз  ҿзі  барып,  қолға  тҥсіреді.  Ҿзіне 

жалғыз  ҿзі  отыз  кісі  болып  кҿрінген  Жанғожаның  аруағы  зор  екенін  білген 

Созақтың  билеушісі  елін  бағынуға  кҿндіреді.  Соңғы  мысал  эпостың 

классикалық ҥлгілерінің бас қаһарманының қарсыласы ҥнемі жау елдің ханы 

немесе патшасы болып келетінін еске тҥсіреді. Осы ҥрдіс  «Жанғожа батыр» 

жырының  бір  нҧсқасында  батырға  қарасы  соғысқан  дҧшпан  ҽскерін  орыс 

патшасы  –  Николайдың  (жырда  ол  «Мекалай»  деп  аталады)  тікелей  ҿзі 

басқаруынан да байқалады. 

Жыр  нҧсқаларында  Жанғожаның  жалғыз  ҿзі  Ресей  патшасының  қалың 

ҽскерін  де  жалғыз  ҿзі  қырып,  беттетпегені  баяндалады.  Солардың  бірінде 

Мекалайдың  ҿзі  Жанғожадан  ҽлденеше  рет  қорлық  кҿргені,  сондай  бір 

ҧрыста  Жанғожа  орыс  ҽскерінің  он  жеті  адамын  ҿлтіргені,  батырдың  аты 

ҿліп,  жаяу  қалғандығынан  ғана  ҿлімнен  аман  қалған  Мекалайдың  ҿз  еліне 

кетіп,  елші  арқылы  тарту  беріп  жібергені  баяндалады.  Екінші  нҧсқада  жау 

ҽскеріне  ҥш  кҥн,  ҥш  тҥн  бойы  дамыл  кҿрместен  жалғыз  ҿзі  қырғын  салып 

жҥрген Жанғожаға Арынғазы мен Мҧса деген кісілер: «Кҿпке ҽлің жетпейді. 

Жалғыздың ісі бітпейді»,– деп, ақыл айтып, тоқтау салғаны айтылады. 

Жанғожаның  серіктерінің  де  аруақ  қолдаған  ерлер  екеніне  жыр 

нҧсқаларында  айрықша  назар  аударылады.  Мысалы,  Ақтанның  ҥстінде  бҧлт 

ілесіп  жҥретіні  айтылады.  Бір  нҧсқада  осындай  бҧлттың  Жанғожада  да  бар 

екені бейнеленеді. 

«Жанғожа батыр» жырының осы жҽне ҿзге де ерекшеліктері бҧл туынды 

нҧсқаларының  да  эпос  жанрының  қыр-сырын  жақсы  меңгерген  ҿнерпаздар 

қолынан шыққанын сездіреді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет