шад, тархан, бҧйрық, тоғыз оғыз бектеріне бағышталып, бір кездері Бумын,
280
хикаялаумен басталады.
Ілгері – кҥн шығысында,
Оң жақта – кҥн ортасында.
Кейін – кҥн батысында,
Сол жақта – тҥн ортасында
Соның ішіндегі халықтың бҽрі,
Маған қарайды.
Ілгеру – кҥн тоғсыққа,
Бергеру – кҥн ортусыңару.
Қурығару – кҥн батсыңыңа,
Йырғару – тҥн ортусыңару
Анта ічрекі будун қоп маңа,
Кҿрҥр.
Бумын, Істемі қағандардың тҥркі тайпаларын ірі тайпалық бірлестікке
айналдырғанын жырлаған тҧста, олардың артында інілері мен ҧлдары
қалғаны баяндалады. Мҽселен,
Ҧлдары ҽкесіндей болмады,
Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен.
Ҽміршілері де біліксіз екен,
Жалтақ болған екен.
Оғлу қануы тег қылынмадық ерініч
Білігсіз қаған олурмус ерінч,
йаблақ қаған олурмус ерінч.
Бҧйруқы ерміс ерінч,
йаблақ ерміс ерінч, -
дейді.
Тҥркі халқының елдігін жойып, қағандығынан айырылып, табғаш
халқына тҽуелді болуының басты себебін Йоллығ тегін осы оқиғалардан
іздеген. Жазбада Бумын, Істемі ҧрпақтарының «алып қағандар», «білге
қағандар» бола тҧрып, тҽуелсіздігінен айрылып, табғаштарға «елу жыл ісін-
кҥшін» бергені де баяндалған.
Кҥлтегін – тҥркі тайпаларының тҧтастығы, тҽуелсіздігі ҥшін кҥрескен
батыр. Оның ерлік іс-ҽрекеттерін суреттейтін жолдар жазбада аз емес. Кейде
батыр қалың жауға бір ҿзі тиеді:
Кҥлтегін жауға жалғыз ҧмтылды.
Оң тҧтықты қарулы басшылармен
қолға тҥсірді.
Кҥлтегін йадағын оплайу тегді.
Оң тҧтық йорчын йарақлығ
елігін тутды.
Жауға жалғыз шабу – хас батырға тҽн мінез. Оның небір кҿркем
ҥлгілерін біз кейінгі қаһармандық жырлардан кездестірсек, алғашқы
нышандарын Орхон жазбаларынан байқауға болады.
Тҥрік қағандарының жаратылысы тҧсында фольклор кейіпкерлерінің
туысына қатысты сарындарды да аңғаруға болады. Мысалы, «Кҥлтегіннің»
кіші жазуы былайша басталады:
Тҽңрідей, Тҽңірден жаралған
Тҥркі білге қаған.
Теңрі тег, теңрі йаратмыш
Тҥрк Білге қаған.
Тҽңірден, кҿктен, кҥн нҧрынан жаралу – кейінгі қазақ фольклорында
кездесіп отыратын сарын. Тҥркі жазбаларында «ҿлді» деген сҿздің «ҧшты»
281
болып жҥруі де соны аңғартады. Олардың ҧғымынша, адамды Тҽңірі
жаратып, Тҽңір алады. Ал кҥн нҧрынан жаралу сарынын кейінгі Шыңғыс
ханға қатысты фольклор сюжеттерінен де аңғарамыз. Орхон жазбалары
тҧсында соның кҿне бір кҿрінісін аңғарамыз.
Тҽңірге теңеу, сыйыну ҿз алдына, жазбада тҥркі тайпалары қасиет
тҧтқан табиғат қҧбылыстарына да тіл бітіп, сҿйлейді:
Кҿкте тҥркі Тҽңірісі
Тҥріктің қасиетті жері, суы
былай депті:
«Тҥркі халқы жойылмасын», – дейді.
«Ел болсын», - дейді.
Ҥзе тҥрк теңрісі
Тҥрк ыдуқ йері, субу
Анча тіміс:
Тҥрк будун йоқ болмазун тійін,
Будун болчун тійін.
Орхон жазбалардың келесі бір ерекшелігі – сюжеттің тайпа тарихымен
қатар батырдың ҿмір жолына негізделуі. Мысалы, «Кҥлтегін» жазбасының
соңғы жағында мынадай тарихи-ғҧмырбаяндық деректер бар.
Жиырма бір жаста
Чач Сеңҥңмен соғыстық.
Бір отуз йашыңа
Чача Сеңҥнке сҥңҥшдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: