407
жоқтығы айтылғаны анықталған, ал оны ханның қасындағылар тҥсіне
алмаған. Осылайша ҽлеуметтік жоғары тап адамдарының алдында ел
ішіндегі жетім бала ойының тереңдігімен, ақылдылығымен ҥстем кҿрінеді.
Ҽз-Жҽнібек хан уҽзірлеріне «Ҿтірік пен шынның арасы немен
айырылады, соны тауып беріп, қалағандарыңды алыңдар, таба алмасаңдар,
бастарыңды аламын, ойлануға қырық кҥн мҥмкіндік бердім» деген жарлық
бергендегі мақсаты оларды сынау екендігі белгілі. «Ақылды болсаңдар,
ҽрқайсыңнан бір-бір ақыл алғанымда менде 40 кісінің ақылы болар еді, -
дейді Жҽнібек хан. Сҧрағына жауап таба алмаған уҽзірлеріне «бастарыңды
аламын» деп, хан қаһар қылғанда Жиренше ақылымен 40 уҽзір бас-басына
бір кҥннен міллет алады. Хан сҧрағына жауап іздеп, 12 жасар Жиренше ел
кезеді. Ақырында, хан қызының ақылымен жауап табылып, сол жолда
Жиренше хан қызының сынынан да ҿтеді.
Сҿйтіп, Жиренше қалыңсыз хан қызын алды, Ҽз-Жҽнібектің бас уҽзірі
болды. Жаман (Аяз) да Уҽлібай қызының жҧмбағын шешіп, оған ҥйленгенде
ҽуелі сынақтан ҿткен. Олардың мҧндай нҽтижелерге қол жеткізуі дана атану
жолындағы сынақтардан ҿтуімен тікелей байланысты. Бҧл ертегі жҽне
қаһармандық жырлар жанрларында кейіпкерлердің алғашқы ерлігі – хан
қызын алу ҥшін мергендік, т.б. ер жігіттің жеке бас кҥш-қуатының
толықтығын дҽлелдейтін сынақтардан ҿтуімен ішкі мазмҧндық бірлігі бар.
Бҧл кҥйеу болуға ҥміткерлердің қадыр-қасиетін сынау мақсатында жасалған
кҿне некелік дҽстҥрдің қалдығы – тарихилық белгі. Мҧндай архаикалық
тарихи таңба – патша қызына қол жеткізу ҥшін ҽуелі оның жҧмбағын шешу
сарыны АТ сюжеттер каталогында 851 А ретімен белгіленген.
Тарихи таңба Едіге биліктерінде де сақталған. Едігенің қойшы болып
жҥргенінде жолыққан даугерлердің «қойшы билігі бҧзылмас» дегенді айтуы,
ҽрі сол сҿздің сақталуы, жауырыншылардың тек қана қойдың жауырынын
отқа кҥйдіріп, сонда тҥскен сызық, белгілер бойынша сҿйлеуі ертеде қой
малының киелі саналуынан қалған тарихи белгі.
Ш.Уҽлихановтың: «Би атану ҥшін қазақ халық алдында ҽлденеше
шешендік сайысқа тҥсіп, ҿзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін
танытатын болған»
1
, - дегенінде айтылған шешендік сайыс шын мҽнінде,
тарихта кҽмелеттік, моральдық инициацияның болғаны сияқты ҿз
ортасындағы алғашқы елшілерді анықтау ҥшін білімділер, сҿзге шешендер
арасында интеллектті байқайтын сынақтар болғанынан хабардар етеді.
Ҿйткені, ежелгі Қытай жазбаларынан табылған бір ҥзіндіде елші болып
бара жатқан патша баласына ҥгіт жазылған. Осы ҥзіндіден Л.Д.Позднеева
ерте дҽуірде елші қызметіне патшаның ҿзі немесе сарайдағы таңдаулы
адамдардың барғаны жҽне жас адам барса да, олар екінші жақтың алдында
ҿздерін лайықты дҽрежеде ҧстап, жоғары қҧрмет кҥтетіні, ол елдің
патшасымен немесе сарай адамдарымен шешендік ҿнерден сынға тҥскенін
1
Уҽлиханов Ш. Сот реформасы жайында хат // Таңдамалы. Алматы, 1985. 135-б.
408
байқауға болатынын жазған
1
.
Қазақта Жиреншенің, Қазыбектің, қырғызда Жейрен баланың,
башқҧртта Ерэнсэнің, жалпы шешендердің елші болуы фольклорлық сарын
ретінде орнығуы тарихи шындықтың жаңғырығы.
Шешендік сҿздер жанр ретіндегі қалыптасуына дейін ертегілердегі
ақылды жауаптар сарынынан бастап, фольклордың барлық мҥмкіндігін
творчестволықпен пайдалану нҽтижесінде дамыған.
Ақылды бала типі, негізінен, ертегі жанрына тҽн. Кей жағдайда ол жетім
жҽне ойын баласы болудан гҿрі жетімдіктен немесе кедейлік-жоқтықтан ҿмір
қиындығын кҿрген, ерте ақыл тоқтатқан бала.
Шешендік сҿздер ертегідегі ақылды бала типін бала би типімен
алмастырады. Бала би типі мынадай ерекшелікте танылады:
а) жетімдік кҿріп, жағдайсыз кҥйдегі бала емес, кейде ҽкесінің тізесінде
отырып дауға тоқтау сҿздер айтады. (Жалаңбас батыр мен Сапақ датқа);
ҽ) ойын баласы;
б) ҽкесінің немесе ханның дауға билік айта алмай, дағдарып отырғанын
байқап, оны шешуге бірінші болып ықылас танытады, жолын айтады.
(Қазыбектің ат дауын шешуі; Едіге Тоқтамыс ханның қасына барғаннан кейін
ақыл қосуы);
в) дауды дҧрыс шешетініне ҿте сенімді;
г) ҥлкендер тарапынан айтылған менсінбеушілік сҿздеріне қарсы тҧра
алады. Жас кҥнінде Досбол бидің найман Кҿкшолақ бидің алдындағы сҿзі, он
ҥш жасар Тайкелтірдің ҽкесі Айдаболдың дҧрыс билік жасамай отырғанын
кҿріп айтқан сҿздерінен бала би типін жасауда кей ретте жас батыр типінің
де ықпалы болатынын байқатады, дегенмен, идеализация тҽсілі қаһармандық
жырға қарағанда шектеулі ҽрі кейіннен қосылған.
Едігенің орта ғасырларда ҿмір сҥрген тарихи тҧлға екені белгілі. Соның
ҿзінде оның фольклорлық бейнесін жасауда Сҥлеймен (Соломон)
пайғамбарға байланысты айтылатын ерекшеліктер қолданылған. Атап
айтқанда:
Достарыңызбен бөлісу: