№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014


Әдістемелік  және  методологиялық  қамтамасыз  ету



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата06.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Әдістемелік  және  методологиялық  қамтамасыз  ету.  Үкіметтік  емес 
ұйымдардың өз қызметі барысында барынша мән берілуі тиіс өзекті мәселенің бірі – 
білім  беру  саласындағы  сан-саналы  қызметтің  әдістемелік  және  методологиялық 
қамтамасыз етілуі болып табылады. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
23 
Нақты  айтсақ,  Қазақстанның  қазіргі  жағдайдағы  білім  беру  жүйесінде  оқу 
үдерісінің  іс-тәжірибелік  жағына  жеткілікті  түрде  мән  берілмейтіні,  білім 
алушылардың  жеке-дара  ерекшеліктеріне  нашар  назар  аударылатыны  құпия  емес. 
Осыған орай, баланың қабілет, дарынын жас кезінен бастап анықтап, оның болашақ 
мамандығын  ертерек  айқындап  алуына  көмектесу  мақсатындағы  кәсіптік  бағыт-
бағдар беру жұмыстарын күшейтуіміз қажет. 
Мектеп  бітірушілердің  басым  көпшілігі  жоғары  оқу  орындарына  өздерінің 
жүрек  қалауларымен,  өз  таңдауларымен  түспейді.  Соның  салдарынан  олар 
студенттік  өмірдің  алғашқы  айларында-ақ  білім  алуға  деген  қызығушылықтары 
төмендеп,  сабақтар  барысында  үлгермеушілікке  жол  береді,  ақыр  соңында  оқудан 
шығып қалып жатады. 
Үкіметтік  емес  ұйымдар  жас  ұрпаққа  білім  және  тәрбие  беру  саласындағы 
осындай  олқылықтардың  алдын  алуға  үлес  қосу  мақсатында  кәсіптік  мектеп 
оқушылары  мен  бітірушілері  арасындағы  кәсіптік  бағыт-бағдар  жұмыстарын 
әдістемелік және методологиялық жағынан қамтамасыз ету үшін: 
-  баланың  қабілет,  дарынын  ерте  кезден  бағалаудың  тиімді  және  жүйелі 
тәсілдерін анықтау; 
-  осы  сала  бойынша  арнайы  оқу  құралдарын  жасау  ісіне  балалардың 
қызығушылықтарына талдау жасау саласының үздік сарапшыларын тарту; 
- отандық және халықаралық мамандардың қатысуымен ата-аналарға арналған 
арнайы оқу құралдарын жасау
-  баланың  қандай  салаға  және  қандай  бағытқа  бейім  екенін  бағалау  және  оған 
талдау  жасау  ісіндегі  жинақталған  әдіс-тәсілдер  бойынша  ата-аналарға  арналып 
түсінікті тілмен жазылған оқу құралдарын дайындау; 
-  балалардың  заңды  өкілдері  арасында  өскелең  ұрпақтың  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты  олардың  өмір  жолының  қалыптасу  кезеңдері  туралы  тиісті  түсінік 
жұмыстарын жүргізу; 
- балаларға кәсіптік бағыт-бағдар беру және олардың қабілеттері мен дарындық 
ерекшеліктерін,  қандай  мамандық  түріне  бейім  екенін  ерте  кезден  анықтау  ісінің 
үздік үлгілерін әдістемелік оқу құралы ретінде жазып, дайындау; 
-  балалар  мен жастардың барлық  жас ерекшеліктерін ескере отырып,  олардың 
арасында  кәсіптік  бағыт-бағдар  беру  жұмыстарын  жүзеге  асыру  бойынша  қажетті 
баспа материалдарын басып шығару; 
-  балалар  мен  жастарға  кәсіптік  бағыт-бағдар  беру  жөніндегі  әдістемелік  оқу 
құралдарын қоғамымыздың барлық мүшелері арасында кеңінен тарату жұмыстарын 
жүзеге асыруы тиіс. 
«Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл 
жоспарының»  жобасында  үкіметтік  емес  ұйымдардың  Елбасымыз  «Қазақстанның 
әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты 
бағдарламалық  мақаласында  ортаға  салған  ұсыныстарды  жүзеге  асыруға  үлес  қосу 
мақсатындағы  бастамаларын  одан  әрі  дамыту  үшін  2014-2020  жылдар  аралығында 
мынадай іс-шараларды жүзеге асыру көзделген: 
-  еңбек  адамының  жағымды  бейнесін  қалыптастыру  бойынша  тиісті 
насихаттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 
- «Табысқа жету – әр адамның ісі» атты Республикалық акция аясында жастар 
арасында  олардың  бойында  белсенді  өмірлік  ұстанымға  деген  ішкі  дайындығын 
қалыптастыру  бойынша  өз  күштерімен  жетістікке  жеткен  танымал  тұлғалардың 
тәжірибелерін  оқып-үйренуге  бағыт-бағдар  беретін  ақпараттық-насихаттық  науқан 
ұйымдастыру; 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
24 
-  еңбек  заңнамаларының,  оның  ішінде  зейнеткерлік  реформалардың  негіздері 
бойынша  ақпараттық-түсінік  беру,  жалпы  тұрғындардың  құқықтық  сауаттылығын 
арттыру жұмыстарын жүргізу; 
-  өнеркәсіп,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  құқықтану  салалары  бойынша 
«Адамның кәсіби өсу картасын» жасау және қолданысқа енгізу (мұндай «Картаны» 
жасау  арқылы  қызметкердің  жаңа  лауазымға  тағайындалу  шарттарын  көрсете 
отырып, кәсіптік саты бойынша көтерілу жолын танытуға мүмкіндік жасалар еді); 
-  қазіргі  еңбек  нарығының  жағдайына  талдау  жасау  және  оның  болашақтағы 
даму  мүмкіндіктеріне  болжам  жасау  бойынша  жыл  сайын  арнайы  зерттеу 
жұмыстарын жүргізу (мұндай зерттеулерде қайтадан білім алған, яғни екінші немесе 
одан  да  көп  кәсіптік  білім  алған  студенттердің  саны  туралы  мәліметтер 
жинақталады); 
- баланың қабілеті мен дарынын оның жас кезінен ерте анықтау және одан әрі 
оны  өзі  бейім  болашақ  мамандығына  баулу  жөніндегі  кәсіби  бағыт-бағдар 
жұмыстарын жүргізу; 
-  оқушылардың  арасында  кәсіптік  бағыт-бағдар  беру  жұмыстарын  жүргізуді 
әдістемелік және методологиялық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 
-  халықаралық  және  отандық  сарапшылардың  қатысуымен  ата-аналарға  арнап 
балалардың  белгілі  бір  кәсіпке  немесе  мамандыққа  бейімділігін  ертерек  анықтау 
және соған сәйкес тиісті бағыт-бағдар беру бойынша оқу құралдарын басып шығару; 

кәсіпорындардағы  еңбек  заңнамаларының  сақталуына  мониторинг 
ұйымдастыру; 
-  еңбек  саласындағы  қақтығыстар  мен  шиеленістерді  сотқа  жеткізбей  шешу 
жүйесін  дамыту,  яғни  медиаторлар  дайындау,  ұлттық  және  ірі  жеке  меншік 
компаниялардағы  қақтығыстар  мен  шиеленістерді  бейбіт  жолмен  шешу 
мақсатындағы орталықтарды ашу. 
 
ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, 
PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
  
«ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ 
САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ӘЛЕМДІК ҮЛГІЛЕРІНЕ САЙ КЕЛЕТІН ҒЫЛЫМИ 
КАДРЛАР, МАГИСТРЛЕР МЕН PHD ДОКТОРЛАРЫН ДАЯРЛАУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жұмыстың  мақсаты:  әлеуметтік  ғылымдардың  «Қоғамдық  байланыс» 
мамандығы бойынша білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, 
зияткерлік  меншік  пен  технологиялардың  өнімдерін  коммерцияландыру  үшін 
жағдай  жасау;  жоғары  білікті  ғылыми  және  ғылыми-педагог  кадрларды  даярлау; 
еліміздің  жетекші  жоо-лары  жанынан  жоғары  білікті  ғылыми-педагог  кадрларды 
даярлау  және  инновациялық  қызметті  дамыту  мақсатында  ғылыми  зерттеулер 
жүргізу;  әріптес  университеттермен  және  шетелдік  ғылыми  орталықтармен 
бірлесу. 
Жұмыстың  міндеттері:  әлеуметтік  ғылымдардың  «Қоғамдық  байланыс» 
мамандығы  бойынша  үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамудың  (одан  әрі  – 
ҮИИД)  басым  салаларының  салалық  біліктілік  шеңберіне  сәйкес  білім  беру 
бағдарламаларын  әзірлеу;  оқу-әдістемелік  құралдарды  (одан  әрі  –  ОӘҚ)  әзірлеу 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
25 
және  оларды  басып  шығару,  оқулықтарды  мемлекеттік  тілге  аудару,  жоо 
кітапханаларын  қажетті  оқу  әдебиетімен  толықтыру;  қазақстандық  оқулықтармен 
қатар таңдаулы шетелдік оқулықтарды оқу үдерісіне енгізу. 
Жұмыстың  тәжірибелік  маңыздылығы  мен  ғылыми  жаңалығы. 
Жұмысты дайындаудың алғы  шарттары.  Қазақстанның халықаралық  деңгейдегі 
сыртқы  жағымды  имиджін  қалыптастыру  тұрғысында,  еліміздің  тұрақты  даму 
стратегиясының негізгі элементі ретінде «Қоғамдық байланыс» саласы арнайы жүйе, 
әлеуметтік  құрылым  және  репутациялық  капитал  ретінде  қалыптасты.  Үкіметтік 
және  бизнес  құрылымдарының  «Қоғамдық  байланыс»  қызметтері  жұмыс  істейді. 
Қазақстандық  PR-агенттіктерінің  саны  өсіп  келеді.  «Қоғамдық  байланыс»  саласы 
қызметкерлерінің алғашқы қоғамдық бірлестіктері пайда болды. 
Сонымен  бірге,  қазіргі  заманғы  қазақстандық  «Қоғамдық  байланыс» 
нарығының дамуында шешілмеген мәселелер де бар. 2000 жылдан 2005 жылға дейін 
Қазақстан жоо-да «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша мамандар даярлау ісі 
үздіксіз  жүргізілді.  Дегенмен,  мұнан  соң,  ҚР  БжҒМ  жариялаған  білім  берудің 
мемлекеттік стандарттарына (одан әрі – ББМС) жарияланған конкурста жеке меншік 
жоо жасаған стандарт жеңімпаз деп танылды. Ереже бойынша жеңіске жеткен жоо 
типтік  оқу  бағдарламаларын  (одан  әрі  –  ТОБ)  дайындауға  міндетті  болатын,  бірақ 
«жеңімпаз»  жоо-ның  жабылып  қалуына,  сондай-ақ  ТОБ  болмауына  байланысты 
мамандықты жауып тастады, яғни ол ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім мамандықтары жіктеуішінен сызылып тасталды. 
Оқу-әдістемелік  қорды  дамытудың  нормативтік-құқықтық  мүмкіндіктері  жоқ 
болғанына  қарамастан,  «Қоғамдық  байланыс»  саласындағы  ғылыми  және 
әдістемелік  жұмыстар  жүргізіліп  келді:  ғылыми  еңбектер  жинақтары  мен  оқу 
құралдары  басып  шығарылды,  ғылыми-тәжірибелік  конференциялар  өткізілді, 
кандидаттық және докторлық диссертациялар дайындалып, қорғалды. Мысалы, осы 
уақытта  «Қазақстандағы  «Қоғамдық  байланыс»  және  БАҚ»  атты  мақалалар 
жинағының бесінші шығарылымы жарық көрді, әдістемелік құралдар жасалды, 2002 
жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік 
қызмет  жүйесіндегі  қоғамдық  байланыс:  әдістемесі,  өзекті  мәселелері  және 
қазақстандық  тәжірибе»  атты  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өткізілді.  2006 
жылы Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасы және 
қаржылай  қолдауы  бойынша  «Қазақстан  қоғамындағы  ақпараттық  үдерістер: 
менеджмент және маркетинг» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. 
2009  жылы  Қазақстан  жоо-да  «Қоғамдық  байланыс»  мамандығы  қалпына 
келтірілді.  ҚР  Индустрия  және  сауда  министрлігінің  Техникалық  реттеу  және 
метрология комитетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп, 
қолданысқа  енгізілген  (енгізілген  күні  2009.09.01)  ҚР  Жоғары  және  жоғары  оқу 
орнынан  кейінгі  білім  мамандықтары  жіктеуішіне  сәйкес  «Қоғамдық  байланыс» 
жоғары,  жоо-нан  кейінгі  білім  (бакалавриат,  магистратура,  PhD  докторантурасы) 
мамандығы  «Әлеуметтік  ғылымдар,  экономика  және  бизнес»  мамандықтарының 
тобына кіреді. Аталған жіктеуіштегі бойынша бакалавриат, магистратура және PhD 
докторантурасы бойынша МББС жасалды [12]. 
«Қоғамдық  байланыс»  мамандығының  бакалавриаты  мен  магистратурасы 
бойынша 2010 ж. ҚР МББС бойынша ТОБ құрастырылып, 2013 ж. басылып шыққан. 
ҚР  БжҒМ  16.08.2013  ж.  №343  бұйрығына  сәйкес  «Қоғамдық  байланыс» 
мамандығының  бакалавриаты, магистратурасы және  PhD докторантурасы бойынша 
ТОБ құрастырылып, ҚР БжҒМ бекітуіне жіберілді. 
ҚР  БжҒМ  04.07.2014  ж.  №262  бұйрығына  1-қосымшаға  сәйкес  2014-2015  оқу 
жылына  магистрлерді  даярлауға  арналған  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
26 
бойынша  «6М051400  –  Қоғамдық  байланыс»  магистратура  мамандығына  бөлінген 
орындар саны – 12. Алайда «6D051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша 
PhD докторларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылмаған. 
Жоба бойынша Қазақстанда тұңғыш рет білім беру саласындағы үздік әлемдік 
үлгілеріне сай келетін  әлеуметтік ғылымдар бағытындағы  пәнаралық зерттеулердің 
халықаралық  тәжірибелеріне  ғылыми  талдау  жасау  арқылы  «Қоғамдық  байланыс» 
мамандығы  бойынша  отандық  жоғары  білікті  ғылыми  кадрларды,  магистрлер  мен 
PhD докторларын даярлау мақсат етіледі. 
Жасалынған  ғылыми  жаңалықтың  негіздемесі.  Қазақстанда  «Қоғамдық 
байланыс»  мамандығы  бойынша  оқытуға  қажетті  материалдық-техникалық  жағдай 
мен  кәсіби  оқытушылар  құрамы  Л.Н.  Гумилев  ат.  ЕҰУ-де  және  әл-Фараби  ат. 
ҚазҰУ-де бар. 2014-2015 оқу жылында ҚР БжҒМ шешімімен «Қоғамдық байланыс» 
мамандығы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар 
даярлауға  арналған  мемлекеттік  тапсырыс,  міне,  осы  аталған  жоо-на 
орналастырылды. 
Сонымен бірге, бүгінде бұл сала одан әрі жетілдіріле түсуді қажет етеді, жұмыс 
берушілерге  барлық  білім  мен  дағдыны  меңгерген  мамандар  қажет.  «Қоғамдық 
байланыс»  –  өте  маңызды  және  болашағы  зор  сала.  ҚР  Президенті  қойған  әлемнің 
анағұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің құрамына кіру жөніндегі міндеттерді 
жүзеге  асыру  еліміздің  жетістіктерін  дүниежүзілік  қауымдастыққа  шынайы 
жеткізетін  білікті  мамандар  даярлауды  талап  етеді.  Қазақстандағы  «Қоғамдық 
байланыс»  саласын  одан  әрі  дамытуға  әлеуметтік  ғылымдардың  осы  саласындағы 
теория  зерттеушілері  мен  тәжірибе  мамандарын  біріктіру  арқылы  қол  жеткізуге 
болады. 
Зерттеліп  отырған  тақырыпқа  қатысты  дүниежүзінде  осы  күнге  дейін 
болған  ғылыми  зерттеулерге  міндетті  түрде  шолу.  «Қоғамдық  байланыс» 
әлеуметтік  құрылымы  дамуының  әлемдік  тәжірибесі  бұл  саланың  кешенді 
дайындықты  қажет  ететінін  ерекше  дәлелдеп  отыр.  Қазіргі  кезде  «Қоғамдық 
байланыс» мамандығы бойынша магистратура және PhD докторантура мамандарын 
даярлау  әлемнің  Австралия,  АҚШ,  Ұлыбритания,  Германия,  Канада,  Қытай,  Ресей, 
Түркия секілді мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып 
келеді. 
Дегенмен  «Қоғамдық  байланыс»  (паблик  рилейшнз  –  PR)  кәсіби  жүйесі 
қызметінің  жүз  жылға  жуық  уақыттан  бергі  тарихы  бар  АҚШ  және  Еуропаның 
жетекші  елдерінің  өзінде  бұл  мәселенің  іс  жүзіндегі  шешімі  толық  табылған  жоқ. 
«Қоғамдық  байланыстың»  тәжірибесі  мен  әдебі  мәселелері  бойынша  1923  жылы 
Эдвард Бернайздың Нью-Йорк университетінде оқыған алғашқы оқу курсынан кейін 
«Қоғамдық байланыс» саласы бойынша оқу бағдарламаларын үйлестірудің бірнеше 
қадамы  жасалды.  Мысалы,  АҚШ-та  «Қоғамдық  байланыс»  бойынша  тұңғыш 
стандарт  1975  жылы  қабылданды  және  1981  жылы  нақтыланды.  1987  жылы 
«Қоғамдық  байланыс»  бойынша  екінші  білім  түрінде  кәсіби  білім  беретін 
университеттерге  арналған  оқу  курсының  стандарты  қабылдануына  байланысты 
келесі  қадам  жасалды.  Бүгінде  АҚШ-та  200-ден  астам  университет  «Қоғамдық 
байланыс»  саласында  бакалаврлар  мен  магистрлер  даярлау  бойынша  толыққанды 
оқу  бағдарламаларын  ұсынып  отыр;  бұдан  басқа,  300-ге  жуық  университеттер  мен 
колледждерде «Қоғамдық байланыс» бойынша бір базалық арнайы курс оқытылады; 
20-дан  астам  университетте  «Қоғамдық  байланыс»  мамандығы  бойынша  PhD 
докторантуралары және арнайы мамандандырылған ғылыми кеңестер жұмыс істейді. 
Бұл саладағы жұмыс АҚШ-пен ғана шектелмейді. 1955 жылы құрылған «Қоғамдық 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
27 
байланыс»  Халықаралық  қауымдастығының  (IPRA)  бастамасымен  «Қоғамдық 
байланыс» бойынша қазіргі заманғы білім берудің деңгейін жасауға қадам жасалды. 
Сондай-ақ,  1980  жылы  IPRA  «Қоғамдық  байланыс»  саласында  жинақталған 
халықаралық  тәжірибелерді  жүйелеу  және  «Қоғамдық  байланыс»  бойынша  білім 
берудің  әдістері  мен  стандарттары  мәселесі  бойынша  ұсыныстар  жасау  жөнінде 
шешім қабылдады. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде 1982 жылы  IPRA  «Алтын 
беттері»  атты  жинағында  осы  мәселе  бойынша  есеп  жарияланып,  сол  жылы 
Бомбейде  өткізілген  «Қоғамдық  байланыс»  Халықаралық  қауымдастығының 
конгресінде  талқыланды.  Талқылаудың,  одан  әрі  нақтылау  мен  ұзақ  мерзімді 
толықтырулардың  нәтижесінде  1990  жылы  IPRA  «Алтын  хартиясы»  түрінде 
«Қоғамдық байланыс» бойынша «Білім беру шеңбері» бекітілді (авт. Сэм Блэк) [9]. 
Қытайдағы  PR  саласындағы  білім  беру  4  саладан  тұрады:  жалпы  дамуға 
арналған  курстар,  оның  ішінде  қысқа  мерзімді  оқу  бағдарламалары  негізінде; 
сырттай  оқу  курстары;  PR  мамандарын  оқытудың  танымал  түрі  болып  табылатын 
күндізгі  оқу;  тиісті  мамандық  бойынша  университеттік  білім  беру.  Қазіргі  кезде 
көптеген жоо, оның ішінде Фудань және Чжуншань университеттері PR мамандарын 
даярлауды  қолға  алып,  «Қоғамдық  байланыс»  мамандығы  бойынша  магистр 
бағдарламаларын  ұсына  бастады.  1997  жылғы  15  қарашада  Қытайдың  «Қоғамдық 
байланыс»  бойынша  халықаралық  қауымдастығы  «PR  сараптау  бойынша  кәсіби 
комитет»  құрып,  Пекин,  Шанхай,  Гуанчжоу  және  т.б.  ірі  қалаларда  PR 
мамандарының  кәсіби  біліктілігі,  олардың  қызметтерін  жүйелеу,  «Қоғамдық 
байланыс»  бойынша  сапалы  оқулықтар  дайындау  мәселелерін  талқылады.  2000 
жылы  аталған  комитет  PR  мамандарының  сапасын  тексеретін  алғашқы  сынақ 
өткізді.  Қытай  мамандарының  кәсіби  біліктілігі  артып  келе  жатқанын  олардың 
қызметін  Қытай  нарығына  келіп  жатқан  «Microsoft»,  «HP»,  «Nokia»,  «Motorola» 
және т.б. көптеген ірі компаниялар пайдалана бастағанынан байқауға болады [6]. 
Ресейде  «Қоғамдық  байланыс»  бойынша  алғашқы  мамандар  даярлау  ісі  1991 
жылы  Мәскеу  мемлекеттік  халықаралық  қатынастар  институтында  басталды;  1996 
жылы  «Қоғамдық  байланыс»  мамандығы  енгізілді;  2000  жылы  «Қоғамдық 
байланыс»  мамандығы бойынша ББМС мақұлданды. Бүгінде 40-тан астам ресейлік 
ЖОО-ның аталған мамандық  бойынша жоғары білімді  мамандар даярлауға құқығы 
бар [9]. 
Алдын-ала алынған нәтижелер. Ғылыми жобаның жетекшісі,  PhD, ф.ғ.к., of 
Associate  Professor,  доцент  Жақып  Мырзантай  Қожабайұлы  2010  жылдан  бастап 
«Қоғамдық  байланыс»  мамандығы  бойынша  мамандар  даярлаудың  ғылыми-
педагогикалық мәселелерімен шұғылданып келеді. Ол ҚР МЖБС 7.09.165-2010, ҚР 
МЖБС 5.04.033 – 2011, ҚР Үкіметінің 23.08.2012 ж. №1080 қаулысымен бекітілген 
Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  ББМС  мен  ТОЖ  сәйкес  «Қоғамдық 
байланыс»  мамандығының  бакалавриат  және  магистратурасы  бойынша  модульдік 
білім беру бағдарламалары (одан әрі – МББ) мен жұмыс оқу жоспарларын (одан әрі – 
ЖОЖ)  жасап  шыққан.  Кейінгі  3  жылдың  ішінде  ол  шетелдік  және  республикалық 
ғылыми журналдар мен ғылыми жинақтарда жоба тақырыбы бойынша 20-дан астам 
ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялады. 
Зерттеу тобының әлеуметтік ғылымдар бағытындағы пәнаралық зерттеулердің 
халықаралық  тәжірибелеріне  ғылыми  талдау  жасау  негізінде  Қазақстанда 
«Қоғамдық  байланыс»  мамандығы бойынша  білім беру  саласындағы үздік әлемдік 
үлгілеріне  сай  келетін  жоғары  білікті  ғылыми  кадрларды,  магистрлер  мен  PhD 
докторларын  даярлау  жөніндегі  әдістемелік  мәселелерді  шешу  жөнінде  үлкен 
ғылыми-зерттеу тәжірибесі жинақталған. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
28 
Зерттеу тобының мүшесі, ф.ғ.д., проф. Омашев Н.О. көптеген жылдардан бері 
журналистика  мамандарын  және  медиабілім  мамандарын  даярлаудың  ғылыми-
әдістемелік  өзекті  мәселелерімен  шұғылданып  келеді,  оның  тікелей  бастамасымен 
2011  ж.  Л.Н.  Гумилев  ат.  ЕҰУ-де  «Қоғамдық  байланыс»  мамандығы  ашылды, 
сондай-ақ  ол  ҚР  БжҒМ  Ғылым  комитетінің  «2012-2014  жж.  арналған  ғылыми-
техникалық  бағдарламалар  мен  жобаларды  гранттық  қаржыландыруы  бойынша 
«Қазақ журналистикасының өзекті мәселелері: бүгінгі мен тарихи тәжірибесі» атты 
№1521/ГФ,  2013-2015  жж.  арналған  ғылыми  зерттеулерді  гранттық  қаржыландыру 
жөніндегі  «Национальные  вопросы  в  казахской  печати  20-30-х  годов:  поиски  и 
противоречия» атты №0517/ГФ3 жобаларының ғылыми жетекшісі. 
Зерттеу  тобының  мүшесі,  ф.ғ.д.,  проф.  Шындалиева  М.Б.  шетелдердің 
бұқаралық  коммуникациясын  зерттеу  бойынша  мол  тәжірибеге  ие.  ҚР  БжҒМ  2011 
жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, ҚР 
Президентінің  «Болашақ»  халықаралық  стипендиясының  21.12.2011  ж.  иегері 
атанып, Ресейдің жетекші жоо-да ғылыми тағылымдамадан өтті, сонымен бірге 17-
27.12.2013 ж. Италия жетекші жоо мен БАҚ-тарында ғылыми тағылымдамадан өтті. 
Аталған  ғылыми  тағылымдамалардың  нәтижесінде  халықаралық  журналистика 
бойынша оқулық жариялады. 
Зерттеу тобының мүшесі, ф.ғ.к, доцент Бейсенқұлов А.А. 
ғылыми мақалалары 
журналистикадағы  жаңа  ақпараттық  технологиялар  мен  тележурналистиканың 
теориялық мәселелеріне арналған. 
Зерттеу тобының мүшесі, ф.ғ.к. Тұржан О.І. Түркияның Стамбул университеті 
профессорлары  Айдемир  Окай  және  Айла  Окаймен  бірге  жазылған  «Бұқарамен 
байланыс  (PR):  негізгі  ұғымдар,  стратегиялық  тұжырымдамалар  мен  тәжірибелер» 
атты  оқулықтың  авторларының  бірі.  2012  ж.  Тегеран  қ.  өткен  Қоғамдық  байланыс 
жөніндегі  мұсылман  өкілдерінің  Екінші  Бүкіләлемдік  Съезінде,  2013  ж. 
Ұлыбританияның  Борнмут  университетінде  өткен  «The  fifth  International  History  of 
Public Relations Conference (IHPRC)» атты V Халықаралық конференцияда баяндама 
жасады. 
Бұл 
баяндама 
Борнумт 
университетінің 
сайтында 
берілген 
(http://microsites.bournemouth.ac.uk/historyofpr/IHPRC-2013-CALL-FOR-PAPERS.pdf). 
Зерттеу  тобының  мүшесі,  филология  ғылымдарының  магистрі  Байболат  Л.Б. 
жоба  тақырыбы  бойынша  ОӘҚ  жазу  және  оқулықтарды  мемлекеттік  тілге  аудару 
бойынша  тәжірибесі  мол,  ҚР  Әділет  министрлігінің  Зияткерлік  меншік  құқығы 
комитетінің  Авторлық  құқық  объектісіне  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  2 
куәлігінің авторы. 
Зерттеу  тобының  мүшелері  PhD  докторанты  Жақсылық  А.,  саясаттану 
ғылымдарының  магистрі  Мұрат  Ә.  Иран  астанасы  Тегеран  қаласында  08–
09.12.2012ж. өткізілген Қоғамдық байланыс жөніндегі мұсылман өкілдерінің Екінші 
Бүкіләлемдік  Съезіне  қатысып,  съезд  қорытындысы  бойынша  зерттеу  тобының 
ғылыми  жетекшісі,  PhD,  ф.ғ.к.,  of  Associate  Professor,  доцент  Жақып  М.Қ.  бас 
редактор  болып  табылатын  ғылыми  журналдарда  өздерінің  ғылыми  мақалаларын 
жариялады. 
Зерттеу  тобының  мүшесі  саясаттану  ғылымдарының  магистрі  Алибаева  Л.М. 
РХДУ  салыстырмалы  саясаттану  кафедрасы  магистратурасының  «Саясаттану» 
мамандығы бойынша түлегі (Мәскеу қ. Ресей), автор саясат саласындағы «Қоғамдық 
байланыс» мәселелері бойынша бірнеше мақала жариялаған. 
Зерттеу  тобының  мүшелері:  «Қоғамдық  байланыс»  мамандығының  студенті 
Әбдрасул А. 11.04.2014 ж. Астана қ. өткізілген «Ғылым және білім – 2014» атты жас 
ғалымдар  мен  студенттердің  ІХ  Халықаралық  ғылыми  конференциясына  қатысып, 
«Қоғамдық  байланыс»  саласы,  яғни  біздің  жобамыздың  тақырыбы  бойынша 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
29 
баяндама жасады, сондай-ақ өз мақалаларын аталған Халықаралық конференцияның 
жинағында жариялады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет