УахатовБекмұрат 1932 жылы 29 қараша күні Павлодар облысы, Лебяжье ауданы, Қорт ауылында дүниеге келген.1949 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түседі, университетті бітірген соң аспирантурада оқуын жалғастырады.Әдебиетші, қазақтың халық әндерін, халық ауыз әдебиетін зерттеуші, ірі фольклоршысы.Филология ғылымдарының докторы (1975 ж.).Қазақ Мемлекеттік Университетін 1954жылы тәмәмдап, осы университеттің аспирантурасын 1957жылы бітірген. 1957-1958 жылдары «Қазақ әдебиеті»газетінде, 1958-1984 жылдарында ғылыми академиясында ғылым қызметкері, 1982-1984 жылдарында Қазақ әдебиет және өнер институтының текстология және қолжазба бөлімінің қызметкерін атқарған.Уахатовтың ғылыми мақалаларында қазіргі қазақ прозасының озық туындыларын теориялық тұрғыдан талдаушылық бар. Ол қазақ прозасын зерделей жүріп, 1967-1969 жылдары М.Әуезов шығармаларының 12 томдығын,1976 жылы 20 томдығын 1,2,3-томдықтарынқұрастырып, шығарды. 1961-1964 жылы «Батырлар жыры», 1963 жылы «Қазақ эпосы»3-томын, 1964 жылы «Қазақ ертегілері», 1965 жылы «Пернедегі термелер», 1978 жылы «Жар-жар» жинақтарын құрастырып шығарды. Уахатов Бекмұрат 1984 жылы 19 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды.«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Павлодар облысында бір мектепке Б.Уахатов есімі берілген.
Бекмұрат Уахатовтың есімі әдеби қауымға кеңінен танымал. Ол әдебиеттану ғылымда, әсіресе, оның фольклортану саласында тыңғылықты зерттеу жүргізіп, таңданарлық табыстарға ие болды. Сонымен қатар, Бекең – әдебиеттің басқа салаларында да еңбек еткен қарымды қалам иесі.
Қызыл сөзге қызықпай, нақты дерекке сүйеніп ғалым Б.Уахатовтың ғұмыры мен шығармашылығына аз-кем тоқталайық.
Бекмұрат Уахатұлы 1932 жылдың 29 қарашасында қазіргі Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Майқарағай кеңшарында дүниеге келген.
1945-1946 жылдары «Қызыл қоғам» ұжымшары мектебінде оқып, 1947-1949 жылдары Алматы қаласында № 18 қазақ орта мектебінің толық курсын аяқтап шығады. Сол жылы Қазақ мемлекеттік универитеті филология факультетінің қазақ бөлімшесіне оқуға түеді. Оқуды бітірген соң, осы жоғары оқу орнын үздік оқыған шәкірттерінің бірі ретінде аталған факультеттің қазақ филологиясы кафедрасының асперантурасына оқуға қалдырады. Ол 1954-1957 жылдары аспирантура курсын ойдағыдай аяқтап, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетіне қызметке кіріседі. Редакцияда істеген жылдары Бекең журналист ретінде қаламын ұштап үлгереді.
Ал, 1958-1962 жылдары бастаған ғылыми-зерттеу жұмысын түбегейлі аяқтау мақсатында Уахатов Қазақ ССР ҒА тіл және әдебиет институтына кіші ғылыми қызметкерлік жұмысқа ауысады. Бұл жылдары ол қазақ әдебиетінің мәселелері жөнінде болған әртүрлі ғылыми-теориялық конференция, конгрестерге қатысып, баяндама жасайды.
Б.У.Уахатов 1961 жылы академик М.О.Әуезовтің жетекшілігімен «Қазақ совет прозасындағы характер жасау шеберлігі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты аталады. Осы кезден бастап жас ғалым әдебиетті зерттеу ісіне біржола мойын бұрады. Әсіресе, қазақ ауыз әдебиетінің мәселелері төңірегіндегі ойларын ортаға салады. Мәселен, ол 1968 жылына Киев қаласында өткен «Фольклордағы сөз бен саз туралы» деген тақырыптағы Бүкілодақтық симпозиумға қатысады. Сол жылы қазан айында Душанбе қаласында өткізілген Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әдебиеті және олардың ауыз әдебиеттерінің бір-біріне ықпал» атты республика аралық ғылыми конференцияның делегаты болып барады. Ал, 1969 жылы ҚазССр ҒА әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Қазіргі кездің проблемалары және қазақ фольклорының перспективалдық дамуы» деген тақырыптағы ғылыми-теориялық конференция жұмысына белсене араласып, баяндама жасайды.
Рас, Бекең бұл секілді ғылыми конференцияларға, форумдар мен симпозиумдарға, үлкен жиындар мен басқосуларға өмірінің соңғы күндеріне дейін белсене араласып жүрді. Нақтырақ айтқанда, ол 1976 жылы Алматы қаласында өткен ІІ – Бүкілодақтық түркология конференциясына қатысады.
Ал, 1980 жылы ташкент қаласында болған ІІІ – Бүкілодақтық түркология конференциясына делегат болып, онда «Қазақтың халық өлеңдерінің типологиялық ерекшелігі» деген тақырыпта баяндама жасады. 1981 жылы өткізілген «Сібір халықтарының тұрмыс-салт жырлары» атты ғылыми-теориялық конференциясының делегаты болды. 1984 жылы болып өткен Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толу мерейтойының құрметті қонағы болды.
Әдебиет сыншысы Б.Уахатов халық өлеңдерінің мәселелері жөніндегі ғыдлыми-зерттеу жұмыстарының негізінде 1975 жылы «Қазақтың халық өлеңдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы деген атақты иемденді.
1958 жылдан өмірінің ақырына ақырына дейін (1984) Бекең Қазақ ССР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында әуелде кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып, қызмет етті және 1980-1984 жылдары институт жанындағы Орта Азия мамандандырылған Орталығының Ғылыми Кеңестің ғылыми хатшысы болды.
1984 жылы Б.Уахатов творчестволық толысқан шағында бұл дүниеден мәңгілік бақилыққа өтті.
Шынтуайтқа келгенде, көбіміз жерлес ғалым ағамыздың өмірі мен шығармашылық жолынан хабардар емеспіз. Сонықтан біз Бекеңнің ғұмырнамасы мен шығармашылығына қатысты дереек көздерін келтіруді жөн көрдік. Және оны Б.Уахатовқа арналған биобиблиографиялық көрсеткіштен алғанымызды жасырмаймыз.
Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер ғалымның өмірі мен шығармашылық еңбегін ғана сипаттап қоймайды, сонымен қатар, оның өзіндік қыр-сырын да айқындайды.Біріншіден, Бекмұрат Уахатұлылының заманымыздың заңғар жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің сүйікті шәкірті атануы – екінің бірі еншілей алмас биік дәреже. Олай дейтініміз, әлем таныған Әуезовтен дәріс тыңдағанын тамсана айтып, үлкен мақтаныш қылатын жазушы, ғалым ағаларымыздың қылығының жанында, Бекеңнің бұл қыры ауыз толтырып айтуға әбден тұрарлық.
Екіншіден, Б.Уахатов мұндай атақ абыройға оңай жеткен жоқ, мәселен, оның шығармашылық өмір жолына қарасақ үнемі өсу, толысу үстінде болғандығын байқаймыз. Сонау 1950-1960 жылдарында, асперантурада оқып жүріп, ол республикалық және облыстық басылымдарда өзінің тырнақалды туындыларын жариялады. Бұл – газет-журналдарда жарық көрген шығармалары балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгімелері мен пьесалары болатын.
Жас талапкер өз шығармаларында бүлдіршіндер мен жеткіншектердің көңіл-күй, тыныс-тіршіліктерін бейнелеп, өз кезеңінің көріністерін шынайы беруге тырысады. Атап айтқанда, «Сын» атты әңгімесінде автор әділеттілікті негізгі идея етіп алып, шығарма мазмұнын тартысқа құруға талпынады. «Жолда», «Қарақат»деген әңгімелері жас жеткіншектердің қызықты қылық іс-әрекеттерін суреттеуге арналған. Ал, «Күнге сапар» атты ұзақ әңгімесі – сюжеті күрделі әртүрлі типтегі кейіпкерлерді топтастырған шығарма.
1961 жылы Б.Уахатовтың осы секілді туындылары жинақталып «Амантай» деген атпен кітап болып шықты.
Жоғарыдағы келтіргеніміздей, Бекең жастардың өмір шындығын, тіршілік көріністерін бейнелейтін пьесалар да жазған. Олар – «Түтін», «Тыңайтқыш» атты шағын көріністі драмалық шығармалар.
Бекеңнің бұл туындыларын оқи отырып, оның көркем шығарма жазуға бейімі бар қаламы ұшталып келе жатқан қаламгер болғанын көруге болады.
Бірақ, Б.Уахатов ұстазы Мұқаңның ақыл-кеңесімен біржола ғылым жолына түседі. Әуезовтің жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғағаннан бастап, ол әдебиеттану саласына белсене араласты.
1969 жылы «Таланттар, туындылар» деген атпен көрген монографиялық еңбегінде қазақ әдебиетінің классигі М.О.Әуезовтен бастап, одан кейінгі толықынның ірі өкілдері С.Мәуленов, Т.Ахтанов, М.Әлімбаев, А.Шамкенов және т.б. қаламгерлердің шығармашылығы туралы түйінді ой-пікірлерін ортаға салады.
Б.У.Уахатов ауыз әдебиеттің негізі – халық өлеңдері туралы тыңғылықты зерттеу жұмыстарын – ғылыми мақалалар жазды. Ол еңбектерінде фольклоршы ғалым халық өлеңдерінің шығу тегін, поэтикалық құрылысын, жанрлық жүйесін айқындап берді және оны басқа халықтар әдебитеімен салыстырып қарастырды. Ғалым ағаның сол мақалалары жинақталып, «Қазақтың халық өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.
Білікті зерттеуші қазақ фольклорының осы жанрын тереңірек зерттей түседі. Сөйтіп, халық өлеңдеріндегі тұрмыс-салт жырларына айрықша көңіл бөліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосты. Бұл жөнінде профессор Ә.Ыдырысов былай дейді: «...Ғалым ауыз әдебиетінің тұрмыс-салт жырлары түрінің де түпқиян – генезисін қазақ фольклористикасы ғылымында алғашқылардың бірі болып ашты. Ғалым мұның қыр-сырын ашуды – қазақ халқының ықылым заманнан бергі ұлттық бейнесі түйінделген тұрмыс-салт жырларының мәнін ашуды кейінгі ғасырларда жасар ұрпақтарға аманат-сый деп ұқты».
Бірақ, Бекеңнің тұрмыс-салт жырлары туралы ғылыми-зерттеу еңбегі көзі тірісінде жарық көрмегенмен, кейін өз жоспарлаған күйінде кітап болып шықты.
Егер Б.Уахатұлының әдебиеттану ғылымына қосқан еңбегін саралап тізсек, ғалым 1960-1984 жылдары аралығында жиырма екі көлемді зерттеу мақала, сегіз монография жазған. Оған қоса, ол көптеген жинақ, кітап, томдар құрастырып, оларға алғы сөз жазған, бірнеше кітаптың жауапты сарапшысы болған. Сонымен қатар, Уахатов фольклорист ғалым ғана емес, қаламы төселген ұшталған журналист ретінде де көрінеді.
Қысқасы әдебиетші, ғалым зерделі зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Б.Уахатов артына бағалы да құнды әдеби зерттеу еңбектерін, тағылымы молкітаптар қалдырды. Әлбетте, Әуезов әлемінен нәр алған, Мұхтар мектебінің мақтанышы – Бекеңді біз де мақтан тұтамыз.
Биыл қараша айында жерлесіміз Б.У.Уахатовтың 70-жылдық торқалы тойы Республика көлемінде атап өтілмекші. Сондықтан, облыс басшылығы бұған мұрындық болып, торқалы тойдың дұрыс өтуі үлкен іс-шаралар жасайды деген ойдамыз.
Әдебиеттер:
1. Сәтбаева Ш. Сәулелі әулет - Алматы: Қазақстан, 1996. - 175 б.
2. Сәтбаева Ш. Уақыт шуағы / Сәтбаева - Алматы: Ғылым, 2000. - 656 б.
3. Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 1: Әдеби байланыстар. Өрнекті өріс . - Астана: Елорда, 2007. - 332 б.
4. Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 2: Казахстанско-европейские литературные связи ХІХ и первой половины ХХ века. Казахская литература и Восток. - Астана: Елорда, 2007. - 357 с.
5. Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 3: Шоқан Уәлиханов. Шәкәрім Құдайбердиев. – Астана: Елорда, 2011. - 320 б.
6. Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 4: Веяние времени: статьи. - Астана: Елорда, 2012. – 408 с.
Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 5: Уақыт шуағы; Шакарим Кудайбердиев. - Астана: Елорда, 2012. - 408 с.
Тілепов Ж. Өнегелі өмір кешкен: [Филолог-ғалым Ш.Сәтбаева жайлы материалдар] Түркістан.- 2002. - 25 шілде. -7 б.
Әбіш Асыл. Тұлғадан тарту..: [Қазақ халқының аяулы перзенті, ғұлама ғалым Қ.И.Сәтбаевтың қызы Шәмшиябану Сәтбаеваның қазыналы шарапаты туралы] //Сарыарқа самалы. - 2003. - 20 ақпан. – 3 б.
Тілепов Ж. Ұлының ұрпағы - ғылымның тұлғасы: [Ғалым, филология ғылымдарының докторы Ш.Қ.Сәтбаева туралы] // Сарыарқа самалы. - 2005. - 8 қырқүйек. – 6 б.
Кәкішұлы Т. Ұлтын сүйген ұлықтап: [Қазақ ғалымы, филология ғылымдарының докторы Ш.Сәтбаева туралы бірер сөз] // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 28 қаңтар.- 14 б.
Ментебаева А. Е. Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы: автореф. дис. ... филолог. ғыл. канд.: 10.01.02; М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.- Алматы, 2007.- 22 б.
Ергөбек Қ. Қазақтың білімдер қызы: (Шәмшиябану Сәтбаева) // Айқын. - 2009. - 10 қыркүйек. – 10 б.
Шамұратова Ж. Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған... [қазақ зиялыларының ұрпақтары туралы] // Тұмар.- 2014. - №5. - 66 - 73 б.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, , 1998, VI том.
Уахатов Б. Таланттар, туындылар: (сын мақалалар жинағы) - Алматы: жинағы,1969. - 169 б.
Уахатов Б. Жамбыл және Мұхтар -Лениншіл жас.- 1972. - 12 мамыр.
Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері - Алматы: Ғылым, 1974. - 288 б.
Уахатов Б. Көрнекті сыншы, ұлағатты ғалым: (Академик М. Қаратаев 70 жаста) Қызыл ту.- 1981. – 10 қантар.
Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы Қазақ ССР ғылым академиясы. М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. - Алматы: Ғылым, 1983.- 160 б.
Уахатов Б. Көркемдік ізденістер: (әдеби сын мақалалар жинағы). - Алматы: Жазушы, 1991.- 208 б.
Уахатов Б. Ізденіс жемісі // Лениншіл жас.- 1977. - 12 сәуір.
Уахатов Б. Бейбіт күндердің бедерлі бейнесі: (Төртінші мақала) // Лениншіл жас.- 1997. - 2 желтоқсан.
Төреқұлов Н. Асыл қазынамызды аралатқан:(Ғалым Б.Уахатов жайлы) // Лениншіл жас. - 1974. - 24 желтоқсан. - 10 қаңтар.
Жұртбаев Т. Халық өлеңдері қалай зерттелген?: (Жаңа кітаптар) // Қазақстан мұғалімі. - 1974. - 13 желтоқсан.
Қаржау Д. Әуезовтың шәкірті: (Көрнекті ғалым Б.Уахатовтың туғанына 70 жыл) // Сарыарқа самалы. - 2003. - 9 қаңтар. - 6 б.
Садырбаев С. Бекболат Уахатов – 70 жыл // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2008. – 246 б.
Нарымбетов Ә. Бекмұрат салған бедерлі із // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2008. – 232 - 236 б.
Боранбаев С. Ғылымда өшпес із қалдырған: (Ғалым Б.Уахатовтың 75-жылдығына орай) / С.Боранбаев, Е.Рахимов // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2008. – 247 - 254 б.
Сүтжанов С.Н. Мұхтар мектебінің мақтанышы: (Фольклорист-ғалым Бекмұрат Уахатовтың 70-жылдығына орай) / С.Н.Сүтжанов, Е.К.Рахимов // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2008. – 240 - 244 б.
Майтанов Б. Ғалымның жеткен шыңы: [Ғалым Б.Уахатовтың туғанына 70 жыл] // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2008. – 236 – 239 б.
Тойшанұлы А. Бекмұрат Уахатов – халық өлеңін зерттеуші // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Б. Б. Уахатов, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2010. – 345 – 353 б.
Дүйсембаева Ж.Т. Бекмұрат Уахатов – халық өлеңдерін зерттеуші // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Б. Б. Уахатов, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2010. – 301 – 310 б.
Сахариев Б. Қаламдастар туралы толғаныс: [Ғалым Б. Уахатов жайлы] // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Б. Б. Уахатов, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2010. – 341 – 345 б.
Төреқұлов Н. Асыл қазынамызды аралатқан: [Ғалым Б. Уахатов жайлы] // Аманат / құраст. Д. Н. Қазбекова, Б. Б. Уахатов, Ж. Т. Дүйсембаева. – Алматы, 2010. – 353 – 356 б.