10-дәріс тақырыбы: Жерлес жазушылар Қалмұхан Исабаев, Ахат Жақсыбаев және Рамазан Тоқтаров творчествосы турасында


- дәріс тақырыбы: Тіл және әдебиеттану ілімінің ғалымдары -



бет13/15
Дата05.06.2023
өлшемі100,43 Kb.
#98873
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дәрістер. Аймақ.тұлға тану

16 - дәріс тақырыбы: Тіл және әдебиеттану ілімінің ғалымдары -
Белгібай Шалабаев, Қуандық Жүсіпов пен Нұржамал Оралбаева 
Шалабаев Белгібай Шалабайұлы 1911 жылы сәуір айының 14 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бесінші ауылда туған. Ол 1933 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін, 1937 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1937-38 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы әрі Қазақ педагогика институтында оқытушы қызметтерінде болған.
1944 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғыров творчествосы қазақ романының тарихында» деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 1970 жылы «Қазақ прозасының тарихы (сюжет және характер)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1944 жылы ҚазПИ-дің тарих-филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, 1949-51 жылдары ҚазГУ-дің филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1951-73 жылдары доцент, 1973-80 жылдар аралығында профессор, 1980 жылы кафедраның кеңесші профессоры. «Қызыл жұлдыз» орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім.
1990 жылы «Жазушы» баспасынан Белгібай Шалабаевтың ұзақ жылдар бойғы еңбегінің қорытындысы ретіндегі «Қазақ романының тууы мен қалыптасуы» атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбек негізінен қазақ романының тууы мен қалыптасуына арналған монография. Мұнда қазақ прозасындағы сюжет пен характер қарастырылады. Бұл кітаптың басты мақсаты - қазақ романындағы сюжет пен характер проблемасын бір қырынан қарастыру.
Осы еңбегін жазу үшін В.Белинскийдің, Н.Чернышевскийдің, Н.Добролюбовтың теориялық еңбектерін, В.Шекспирдің, А.С.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, Л.Толстойдың, К.Фединнің, М.Шолоховтың, С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтың, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың пікірлерін, сондай-ақ басқа да көптеген қосымша еңбектерді пайдаланады.
Бұл монография 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан кейінгі
кезеңдегі қазақ прозасының үздік шығармаларындағы сюжет пен характерлердің өзара қатысын көрсетеді. Қазақ романдарының таңдаулы үлгілерін халық өміріндегі ұлы өзгерістердің көркем энциклопедиясы десе де болғандай.
Қазіргі қазақ прозасының ойдағыдай дамуын жазушыларымыздың өз ізденістерінде Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, С. Көбеев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты ұлы ақын-жазушылардың дәстүрлеріне ұдайы сүйенумен түсіндіруге болады. Сонымен қатар кітапта сюжетке баса назар аударылған. Сюжет пен характердің өзіндік ерекшеліктері, түптеп келгенде, шығарманың мазмұнын ашады.
Сондықтан да мазмұнды баяндауға бұл еңбекте елеулі орын берілген. «Мазмұн мен форма компоненттерінің өзара байланысын дәлелдеу онша қиын емес, - дейді автор. Ы.Алтынсариннің мазмұны қарапайым және оқиғасы шағын шығармаларында қыр-сыры мол характерлер жоққа тән болса, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы картина мүлде бөлек. Онда өмірлік материалдың мол қамтылуы сюжеттік желілердің сан алуан түрімен астаса келіп, өте күрделі характерлер жасауға мүмкіндік берген».
Еңбекте характерлерді белгілі бір тарихи дәуірде бейнелеудің нақты әдістері сөз болады. Әрбір шығарма қазақ романының тарихында белгілі бір саты ретінде талданады. Мәселеге бұлайша келу аса көрнекті қазақ жазушыларының шығармаларындағы сюжеттің даму ерекшеліктеріне, характер жасаудың әдістері мен тәсілдеріне арналған кейбір тарауларды монографиялық сипатта баяндауға мәжбүр еткен.
Шолудың бірінші бөлімінде сыншыл реализмнің таңдаулы өкілдерінің, ал екіншісінде қазақ әдебиетінің аға ұрпақ жазушыларының прозасы қарастырылған. Сонымен қатар кейбір айтулы шығармалар арнайы талданбай, аталып қана қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет