Шапық Шөкіұлы Шөкин (1912-2003) – көрнекті қазақ энергетигі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). 1937 жылы Омбының С.М.Киров атындағы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Қазақ КСР ауыл шаруашылық электрлендіру мекемесінде бөлім бастығы, бас инженер (1937— 43), Қазақ КСР ҒА энергетика бөлімінің меңгерушісі (1943-44), Қазақ КСР ғылым академиясының энергетика институтының директоры (1944—63) әрі академик- секретарь (1955-62), Қазақ КСР ғылым академиясының президенті (1964—67) және президиум мүшесі (1955—68) қызметтерін атқарды. 1963 жылдан бері Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Ш.Шөкин—Г.М.Кржижановскийдің шәкірті. Ол 1944-50 жылдары Ӏле өзенінің суы мен энергетика қорын комплексті түрде пайдалану мәселесін шама тұрғыдан зерттеді, сөйтіп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-58 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мөселесімен Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды.
Ш.Шөкин - Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалды. Ш.Шөкин — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың, баланс проблемасына т. б. арналған.
Ол Белград (1957), Бангкок (1961), Будапешт (1965), Мәскеу (1968) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы мен су шаруашылығының дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасады. Ш.Шөкин — КСРО ғылым академиясының комплексті энергетика және су қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі, Республикалық энергетика және электротехника ғылыми қоғамы председателінің орынбасары Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). 6-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясының ХӀӀ-съезінде Қазақстан КП ОК мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.[3] Шапық Шөкіұлы Шөкин туралы көп нәрсе айтуға болады. Бір ауыз сөзбен жеткізер болсақ, Ш.Шөкин - Қазақстан энергетика ғылымының атасы.
Кезінде Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақстан ғылым академиясын құруға атсалысқан академик.
Ғалым Ертіс өзенін бұру арқылы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге болатындығын дәлелдеді. Ол кезде Орталық Қазақстанға еліміздегі барлық 2174 өзен-көлдің тек 5,5 пайызы ғана тиесілі болатын.
Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Сондай-ақ, Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі.
Ол 1944-50 жылдары Ӏле өзенінің суы мен энергетика қорын кешенді пайдалану мәселесін әбден зерттеп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты.
Шапық Шөкин бес ұл, үш қызы бар жарлы отбасында дүниеге келген. Әкесі Баймағамбетов Шоқы білімнің беделін ерте түсініп, отбасындағы материалдық қиыншылыққа қарамастан, үлкен ұлы Ризаны оқуға жібереді. Әкесінің бұл шешімі отбасына үлкен қайыр болып тиеді. 1918 жылы Шоқы Баймағамбетов қайтыс болғанда Риза аяққа тұрып, бүкіл отбасының ауыртпашылығын өз мойнына алып, асырап-бағады. Шапық Шөкин Ташкенттің Ортаазиялық инженер-техниктердің ирригация институтында студенттік өмірдің ащы-тұщысын тата жүріп, студенттік пролетарлық бюрода орынбасар қызметін атқарды. Омск қаласында оқып жүріп сол жердегі студент қазақтар жерлестігін басқарды.
Басқа да басқармалық, ғалымдық істері қазақ баспасөзінде жазылып жүр. Қазақ ССР Білім және ғылым академиясында Қаныш Сәтбаев директорлық қызмет атқарғанда қазақ жастарын ғылымға қызықтыра тәрбиеледі, академияда шығармашылық пен достық қарым-қатынас орнатып, өзара тәжірибе алмасу істерін ұйымдастырды. Шапық Шөкіұлы Қ.Сәтбаевқа қолдау бере отырып, Академияның тура жолда дамуына зор үлес қосты. Өзінің «Өмірдің төрт кезеңі» кітабында: «Қаныш Имантаев менің ғылымға құлай берілуіме жол ашты, халық үшін өмір сүруді үйретті. Оның арқасында ғылым тағдырдың сыйы екенін түсініп, жолына оңай түстім», - деп жазған.
Шапықтың ғылымға қызығушылығы жалпы энергетика, су энергетикасы, су шаруашылық-энергетикалық мәселелерден басталды. Осы салада Қазақстан энергетикасы дамуы ғылыми-техникалық болжамының кешенді жүйесін құрды. Сол арқылы елді жылу-энергетика кешенімен қамтудың негізін салды.
Әдебиеттер тізімі:
...........................
...............................
..............................