10-СЫНЫП БАЗА. ДҮНИЕЖҮЗІ ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 1. Жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құны: Жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) 2. Жыл ішінде белгілі бір аумақта шетелдік кәсіпорындарды есептемегенде өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құны: Жиынтық Ұлттық Өнім (ЖҰО) 3. Ел экономикасының ауқымы ненің көлемімен анықталады: жалпы жиынтық өнім көлемімен 4. Жиынтық өнімнің екі түрі: жиынтық ішкі өнім және жиынтық ұлттық өнім 5. Бір елдің ақшалай бірліктерінің санын бірдей тауарлар мен қызметер жиынтығын алуға болатын басқа елдердің ақшалай бірліктерінің санына қатысты есептеу әдісі: сатып алу қабілетінің паритеті (САҚП) 6. Елдің экономикалық даму деңшейін анықтауда екерілетін көрсеткіш: жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші 7. Қазақстанда 2017 жылы сатып алу қабілетін ескергенде ЖІӨ көлемі ресми бағам бағам бойынша қанша: 478 млрд доллар 8. Қазақстанда 2017 жылы сатып алу қабілетін ескергенде ЖІӨ көлемі жан басына шаққанда: 26 252 доллар 9. Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне қарай неше түре бөледі: экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер 10. Әлемдік нарық пен халықаралық еңбек бөлінісінде жетекші рөл атқаратын елдер: дамыған елдер 11. Барлық халықаралық ұйымдар нарықтық экономикасы дамыған елдер саны: 40 шақты ел 12. Әлемнің дамыған 35 елі мүше ұйым: экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 13. Қазіргі кезде дамыған елдер экономикасының басты қозғаушы күші: ғылыми-техникалық прогресс 14. Ғылыми техникалық ілгерілеудің басты көрсеткішінің бірі: ғылымға негізделген өндірістің дамуы 15. Қазіргі дүниеде ғылымға негізделген өндіріс шоғырлан елдер: АҚШ, Жапония. Германия 16. Әлемдік экономикаға тікелей ықпал ететін қаржы орталықтары: Лондон, Нью-Йорк, Чикаго, Токио 17. Әлемдегі ең ірі ұлтаралық құрылымдардың саны: 20 18. Халықаралық нарықтағы несиелік қаржынық қанша пайызы дамыған елдердің өз ішінде айналымға түседі: 90 пайызы 19. Дамыған елдерді әлеуметтік-экономикалық көрсткіштері негізінде қандай топтарға жіктейді: жоғары дамыған елдер, батыс еуропаның шағын капиталистік елдері, қоныс аударған капитализм елдері, азиядағы жаңа индустриялық елдер 20. «Үлкен Жетілік» деп аталатын жоғары деңгейде дамыған басты капиталистік
елдерді басқаша қалай атайды: «өркениет локомотивтері» 21. «Үлкен Жетілік» елдері: АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония 22. Әлемде ЖІӨ көлемі жөінен АҚШ нешінші орынды алаады: 2-орын 23. АҚШ-тың ЖІӨ көлемі 2017 жылғы мәлімет бойынша: 19,48 трлн 24. Әлемдегі ең ірі Нью-Йорк қор биржасының 2017 жылғы айналымы: 21 трлн доллар 25. Жоғары дамыған елдерде орналасқан ірі қаржы орталықтары: Нью-Йорк, Токио, Лондон, Торонто, Франкфурт, Милан 26. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне жатады: Бельгия, Дания, Норвегия, Нидерланд, Исландия, Испания, Португалия, Швеция, Аустрия, Швейцари, Грекия, Ирландия, Финляндия (шағын елдер Монако, Люксембрг, Лихтенштейн, Сан-Марино, Андорра, Мальта) 27. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде ерекшеленетін елдер: Бельгия мен Нидерланд 28. Порт шаруашылығымен ерекшеленетін: Роттердам, Антверпен 29. Халықаралық теңіз танысамылан мамандануымен ерекшеленетін ел: Норвегия 30. Станок шығарумен және қаржы орталықтарымен ререкшленетін: Швейцария 31. Целлюлоза-қағаз өндірісімен ерекшеленетін ел : Финляндия 32. Машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленетін ел: Швеция 33. Гүл өсіруге маманданған ел: Нидерланды 34. Нидерландтағы жылыжайлар ауадны: 15 мың га 35. НАТО мен Еуропалық Одақтың орталықтары: Брюссель қаласы 36. АЭХА және ОПЕК сияқты ұйымдардың орталғы: Вена қаласы 37. Дамыған капиталистік елдердегі капиталистік қатынастардың дайын үлгісінің бұрын капиталистік жүйе тән болаған елдерге енгізілуі: капитализмнің қоныс аударуы 38. Қоныс аударған капитализм елдері: Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зландия, Оңүстік Африка Республикасы 39. Азиядағы жаңа индустриялық елдердің алғашқы легіне жататын елдер: Корея Республикасы, Сингапур, Қытайдың бөліктері деп аталатын Сянган мен Тайвань 40. Мемлекеттік меншік үлесі төмен болуы және өндіріс саласында, сауда, инвестиция, жұмыс күшін пайдалануда нарықтық бәсекелестіктің үстемдігі, күрделі әлеуметтік жіктелу тән модель: либеральды (америкалық) модель 41. Либеральдық модельдің қалыптасқан уақыты: 20-ғасырдың бастапқы онжылдықтарында АҚШ-та 42. Қай елдер либеральдық модельге жақын болып келеді: Ұлыбритания, Канада, Италия, Бельгия 43. Табыстарды кеңінен бөлісу және қоғамдағы топтардың өзара келісімдеріне қол жеткізу арқылы әлеуметтік кепілдіктерінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін модель: әлеуметтік бағдарланған (шведтік) модель 44. Ең алғаш Швецияда пайда болған модель: шведтік модель 45. Қазіргі таңда шведтік модель тән елдер: Аустралия, Жаңа Зеландия, Скандинавиялық елдер 46. Нарық бәсекелестігі жағдайында дамитын қоғамды айрықша әлеуметтік инфрақұрылым толықтырып тұратын модель: әлеуметтік-нарықтық (германдық) модель 47. Мемлекет бірлескен капитализмді белсенді түрде реттейтін және конфуцийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика: иерархиялық-бірлестік (жапондық) модель 48. Ең сапалы жұмысшы күші шоғырлан аймақ: Шығыс Азия 49. «Өтпелі экономика» елдерінің ерекшелігі: экономикалық жүйелерінің жоспарлы сипаты болмағанымен, әлі де болса нағыз нарықтық экономикаға тән барлық элементтерге ие болмауында 50. Өтпелі экономика елдеріне қанша ел жатады: 28 ел 51. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер: Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Польша, Эстония 52. Балтық бойы республикалары: Латвия, Литва, Эстония 53. Нарықтық экономикаға өтудің басты шарттарының бірі: мемлекеттің экономикаға тікелей араласуын шектеу 54. Аса қажетті қадамдардың бірі болып саналатын, мемлекеттік бюджет дефицитін азайту, айналымға артық ақша массасын шығармау жатады: Макроэкономикалық тұрақтандыру 55. Мемлекет тарапынан бағаларды реттеуден толығымен немесе ішінара бас тарту, бағалардың нарықтағы тауарларға сұраныс пен ұсыныс негізінде, тауар өндірушілер арасындағы еркін бәсекелестікке сәйкес қалыптасуына көшу: бағаларды либералдандыру 56. Қайта құрулар қандай бағытта жүріп отырған: екі түрлі бағытта эволюциялық және радикалды 57. Нарықтық экономикаға көшудің эволюциялық жолын таңдаған елдер: Венгрия, Словакия, Чехия 58. Радикалды қайта құрулар жүрген елдер: посткеңестік елдер 59. ТМД елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық бастау алған жыл: 1992 жылдың күзінде 60. 2009 жылы 18 тамызда өз өтініші бойынша ТМД құрамынан ресми түрде шыққан ел: Грузия 61. Мемлекеттік бюджет дефициті: шамадан тыс инфлюция жүріп, ұлттық валюта бағамының күрт төмендеуі 62. Дамушы елдерег жатады: Азия, Африка, Мұхиттық аралдар, Латын Америкасындағы елдер 63. Ұзақ жылдар бойы экономикалық құлдырауды бастан кешірген және дамыған елдерге экономикалық тәуелділікте болған кедей елдер: мешеу елдер 64. Дамыған елдерде 15 жасқа дейінгі балалардың үлесі: 16 пайыз 65. Даму деңгейі өте төмен елдерде 15 жасқа дейінгі балалар үлесі: 40 пайыз 66. Дамушы елдер ішкі айырмашылықтарына қарай қандай топтарға бөлінеді: жетекші дамушы елдер, жаңа индустриялық елдер, мұнай экспорттаушы елдер, плантациялық шаруашылық елдері жалға пәтер беруші елдер, даму деңгейі төмен елдер 67. Жетекші дамушы едерге жатады: Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика 68. Халық санының көптігі, осыған байланысты елдер арзан еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген елдер: жетекші дамушы елдер 69. Шетелдік компаниялар үшін кәсіпкерлікті жүргізудің айрықша жағдайлары бар ел немесе аумақ: оффшор 70. 2017 жылғы мәліметтер бойынша Қытай жан басына шаққандағы жиынтық
ұлттық табыс өнімі бойынша әлем елдері арасында алатын орны: 78-орын (Үндістан 123-орын) 71. Өте қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша
сапалық секіріске қол жеткізген елдер: жаңа индустриялық елер 72. Жаңа индустриялық елдер ЖІӨ көлеміндегі үлесі: 1,7 пайыз