ЕЛТАНУ ТАРАУЫ БОЙЫНША 1. Аймақтану ілімінің дамуына үлесін қосқан: Фридрих Ратцель 2. Жер бетінің беткі бөліктері табиғатының ортақ белгілері мен ерекшеліктеріне негізделе отырып, түрлі деңгейлердегі аумақтарға бөлу жүйесі: физикалық-географиялық аудандастыру 3. Физикалық-географиялық аудандастыру бірліктері: физикалық-географиялық аймақ, физикалық-географиялық облыс(провинция), физикалық-географиялық аудан, географиялық ландшафт 4. Ірі геологиялық құрылымға сәйкес келетін, орографиялық жағынан салыстырмалы түрде біртұтас өзіндік географиялық зоналар құрылымы бар ірі аумақ: физикалық-географиялық аймақ 5. Геоморфологиялық және геологиялық тұрғыда жер бедері біртектес болып келетін провинцияның ең ірі айқындалған бөлігі: физикалық-географиялық аудан 6. Жер бедері, климат, су, топырақ өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі өзара күрделі байланыста болатын, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен: географиялық ландшафт 7. Топтастыру негізінде аймақтарды үш сатылы жүктемеге ажыратқан ресейлік географ: Ю.И.Гладкий 8. Ю.И.Гладкий ажыратқан аймақтың үш түрі: жекелеген белгілері бойынша ажыратылған аймақтар, бірнеше белгілері бойынша ажыратылатн аймақтар, адам әрекеті мен табиғи факторлардың барлығы дерлік қамтылатын аймақтар 9. Физ-географиялық аймағы палеозойлық кристалды фундаменттегі орнымен, жер бедерінің ұсақ шоқылардан тұратын аласа, ескі тау жоталары жүйесімен ерекшеленетін аймақ: Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы
1. ХХ ғасырда адамзат тарихын жекелеген өркениеттерге жіктеп, олардың қалыптасуына табиғи және әлеуметтік фактор ықпал ететінін талдаған ағылшын ғалымы: А.Тойнби
2. Адамзаттың үдемелі дамуының бірыңғай үдерісі: дүниежүзілік өркениет 3. Мәдениеттің және оның құрамбөліктерінің аумақтық жіктелуін зерттейтін ғылым: мәдениет географиясы 4. Өзіндік даму тарихы мен мәдени ерекшеліктері бар аймақтарды Ратцель мен Тойнби не деп атады: тарихи-мәдени аймақтар 5. Ұлы Географиялық ашылулардан кейін еуропалықтар әлемді қандай дүниелерге бөлді: Ескі дүние (Еуропа, Азия, Африка) және Жаңа Дүние (Америка) 6. Ғалымдар жалпыәлемдік өркениет дамуына атап көрсететін үш кезең: индустриялануға дейінгі, индустриялық және постиндусриялық 7. БҰҰ ресми түре жіктеген тарихи-мәдени аймақтар саны: 7 8. 12 өркениеттік макроаймақты бөлік көрсеткен: В.В.Вольский 9. Батыс өркениетінің түпқазығы: Солтүстік Америка мен Еуропа 10. Қазіргі заманғы ғылымды және оның егізінде жоғары дамыған техинканы жасаған,нәтижесінде алғашқы ғылыми-техникалық өркениет болып саналды: Батыс өркениеті 11. Қытайда дәстүрлі конфуцийлік құндылықтар жүйесі коммунистік идеалогиямен үйлесе отырып, қытай халқының рухани бейнесін анықтап берген өркениет: Қытай өркениеті 12. Ислам елдерінде діни сана қоғамдық сананың басты формасы болып табылатынын көрсететін өркениет: Мұсылман өркениеті 13. Бейбіт, рухани спаты басым, касталық құрамның сақталуы байқалатын өркениет: Үнділік өркениет