11сынып ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 1. Географиялық сараптаманың жұмыс бағыттары: өзара байланыстарды зерттеу, аудандастыру, талдамалық жұмыс, географиялық болжау 2. Табиғат пен қоғамның өзара əрекеттесуі, көрсеткіштердің өзара байланысы, табиғи кешеннің аумақтық ерекшеліктері анықталатын бағыт: өзара байланыстарды зерттеу 3. Аумақтағы табиғи жəне қоғамдық жүйелердің иерархиялық құрылымын зерттеу негізінде жүргізілетін географиялық сараптаманың жұмыс бағыты: аудандастыру 4. Көрсеткіштер талданып, жобалар, бағдарламалар сызбалар мен тұжырымдамаларды бағалауда жаңа нысандарды орналастыру нұсқалары ұсынылатын географиялық сараптаманың жұмыс бағыты: талдамалық жұмыс 5. Географиялық сараптама сипатына қарай жіктеледі: 2-ге экологиялық-географиялық сараптама, экономикалық-географиялық сараптама 6. Экологиялық географиялық сараптаманың нысандарына жатады: аумақтық шаруашылық даму жоспарлары, ірі шаруашылық нысандарын орналастыру жобалары 7. Бастапқы берілген мəліметтермен нəтиже алу үшін қай амалды қандай ретпен орындау қажеттілігін белгілейтін шешімдер ережесінің сипаттамасы: алгоритм 8. Халықтың тіршілік салаларын түгел қамтитын кешенді талдау, бағалау жəне болжам жасау: кешенді географиялық сараптама 9. Аудандық жоспарлау жəне экономикалық нысандарды жобалау негіздемесін жасау мақсатында аумақтық жобаларды сараптауды қамтиды: экономикалық-географиялық сараптама 10. Əлемдегі ең ірі су электрстансасы: Санься (Үш шатқал, Қытай) 11. Қазақстанда қала құрылысын жоспарлау, аумақтарды дамыту, əлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инфрақұрылымдық нысандардың жобаларын кешенді сараптамадан өткізеді: «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кəсіпорны 12. Шешім қабылдау мақсатында сарапшылардың пікірлері негізінде проблемаға баға беру процедурасы: эксперттік бағалау 13. Эксперттік бағалау жүргізілу аумағына қарай жіктеледі: халықаралық, мемлекеттік бағдарламалар, ірі жобалар 14. Эксперттік бағалау бөлінеді: жеке жəне топтық 15. Жеке эксперттік бағалауда қолданылатын əдістер: интервью алу, талдамалық жəне сценарийлік əдістер 16. Ресейлік географ Бабуриннің анықтауы бойынша, сарапшылар тобының түрлері: аса ірі, үлкен, орташа, шағын 17. «635» əдісінің ерекшелігі: 6 сарапшы 5 минутта 3 жаңа идеяны жазбаша ұсынуы тиіс 18. Географиялық модельдеу əдістерінің топтары: заттық модельдеу, баламалы модельдеу, таңбалық модельдеу, логикалық модельдеу 19. Географиялық нысанның немесе үдерістің пішінін, қасиеттері мен өзгерістерін бейнелейтін модель: заттық модельдеу 20. Зерттелетін нысанды талдаудың сандық қана емес, сапалық та критерийлері ескерілетін модель: баламалық модель 21. Блок-сызбалар, кестелер мен графиктер қолданыла отырып жасалатын модель: таңбалық модель 22. Модельді құрастыру кезеңдерін түгел қамтитын үдеріс: модельдеу 23. Географиялық қабықтың зат, энергия жне ақпарат тасымалымен біріккен, өзара байланысқан құрамбөліктерінің жиынтығы: геожүйе 24. Зерттеу нысанының болашақ дамуы мен жай-күйіне қатысты сипаттама: сценарий 25. Адамның миында ойлау ққабілеті нəтижесінде құрылатын модельдер: логикалық модельдер 26. Адамның зерттелетін нысан, құблыс немесе үдеріс туралы білімдері негізінде жасалатын ақыл-ой модельдері: логикалық модельдер 27. Табиғи,əлеуметтік жəне экономикалық жүйелерді үйлестірудің аса маңызды əдістерінің бірі: аудандастыру 28. Географиядағы адандастырудың құрылымдық сызбасын жасаған ғалымдар: Ю.Н.Гладкий, А.И.Чистобаев 29. Аудандастырудың маңызды принциптеріне жатады: үздіксіздігі, біртектілігі мақсаттылығы 30. Экономикалық ауданадстыру теориясының негізін салғандар: И.Г.Александров, Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский