63. Дүниежүзін саяси-географиялық аудандастыру. Геосаяси аудандар 1. Дүниежүізін саяси-географиялық тұрғыда аудандастырудың алғашқы үлгісін жасаған британдық ғалым, саясаткер: Хэлфорд Джон Маккиндер 2. Маккиндер саяси тұрғыда дүниежүзін қандай айқматарға жіктеген: орталық, ішкі жарты ай және сыртқы жарты ай 3. Геосаяси тұрғыдан басымдылық беретін маңызды аймақ: геостратегиялық облыс 4. Хартлендті қоршап жатқан Еуразияның жағалық бөліктері: ішкі жарты ай 5. Ішкі жарты айдан тысқары жатқан аймақтар: сыртқы жарты ай 6. Әлемдік тұрғыдан алғанда әлемнің орталығы: Еуразия (хартленд-Еуразия орталығы) 7. Еуразия құрлығының солтүстік-шығысын қамтитын, әлемнің орталығы болып саналатын аймақ: хартленд 8. Хартлендке жататын аймақтар: Ресей, Шығыс Еуропа, Қазақстан мен Орталық Азия 9. Маккиндердің «әлемдік арал» деген ұғымына жатады: Азия, Африка, Еуропа 10. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің «көпполюстілігі» туралы тұжырым жасап, әлемнің анағұрлым күрделі геосаяси үлгісін ұсынған америкалық геосаясатшы: С.Коэн 11. С.Коэн бүкіл әлемді қандай геостратегиялық облыстарға бөлген: сауда дамыған теңіз маңы және Еуропалық құрлық әлемі 12. С.Коэннің пікірінш, геостратегиялық облыстардың шегарасында жатқан аудандар: Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай жатқан бөлігі, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия
65. Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер 1. Кешенді елтанудың басты мақсаты: әртүрлі аумақтардың (елдер мен аудандар) біртұтас және кешенді сипаттамаларын беру 2. Елдерді кешенді түрде зерттейтін, олардың табиғаты, халқы, шаруашлығы, мәдениеті мен әлеуметтік ұйымдасуы туралы пән: елтану 3. Елтану бағытының негізін салған ресейлік ғалым: Н.Н.Баранский 4. Елдерге кешенді сипаттама қандай әдіс арқылы жүзеге асырылуы қажет: синергетикалық әдіс 5. Елдерді салыстырудағы негізгі көрсеткіштер: демографиялық көрсеткіш, экономикалық көрсеткіш, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы, жиынтық көрсеткіш 6. Халықтың жайлы өмір сүру және игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, өміріне керекті негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етілу көрсеткіші: өмір сүру деңгейі 7. Әлемдік банкінің анықтауы бойынша тәуліктік күнкөрісі 1,9 АҚШ долларынан төмен адамдар: кедей адамдар 8. АҚШ-тың Халық санағы жөніндегі бюросының анықтауы бойынша 4 адамнан тұратын отбасының жылдық табысы 24 563 АҚШ долларынан төмен болса, ондай отбасы: кедей отбасы 9. 2017 жылғы мәлімет ойынша АҚШ халқының қанша пайызын кедейлер құрайды: 12,7%