10 сынып Географиялық зерттеу әдістері Географиялық мониторинг жүргізілетін деңгейлері: ғаламдық, аймақтық, жергілікті «Мониторинг»



бет5/19
Дата03.12.2023
өлшемі109,35 Kb.
#133069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
География ҰБТ 2023

10-11сынып
ГЕОЭКОЛОГИЯ
1. Экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары иерархиялық деңгейдегі географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерін зерттейтін сала: геоэкология
2. Геоэкология пайда болған уақыты: 20-ғасырдың 30-40 жылдары
3. Геоэкология саласы аса қарқынды дамыған ел: Германия
4. Геоэкология терминін ең алғаш ұсынған ғалым: неміс ғалымы К.Тролл 1939 жылы
5. Геоэкологияның маңызы: табиғат пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу мәселелерін шешеді
6. Геоэкологиялық зерттеулерге жатады: аумақты шаруашылық пайдалануға қатысты зерттеу, аумақтардың геоэкологиялық жағдайына баға беру, аумақтардың рекреациялық әлеуетін бағалау, геоэкологиялық жоспарлау, геоэкологиялық аудандастыру, геоэкологиялық болжаулар
7. Маңызды қорлардың едәуір азаюымен, ежелгі өнеркәсіпті аудандарда табиғат ресурстарының нашарлауымен және көпшілігінің қалпына келмеуімен байланысты анықталады: аумақты шаруашылық пайдалануға қатысты зерттеу
8. Туризм мен демалыс аудандарын оналастыру мен дамытуды негіздеуге бағытталатын зерттеулер: рекреациялық әлеуетті бағалауға қатысты зерттеулер
9. Шаруашылықтың жекелеген салаларының және табиғат кешендерінің дамуына, халықтың орналасуына, болжам жасаудың нәтижелеріне сүйенеті зерттеулер: геоэкологиялық болжамдар
10. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды негіздеу, оларды орындау көлемін уақыт интервалы мен аумақтар бойынша бөлу: геоэкологиялық жоспарлау (жобалау)
11. Табиғт ресурстарына экономиклық баға берудің басты көрсеткіштері: бағаланатын ресурстарды пайдалану нәтижесінде алынатын бастапқы өнімдердің экономикалық көрсеткіштері
12. Экологиялық жағдай қандай факторлар ықпалымен қалыптасады: қоршаған ортаның ластануы және оның өздігінен тазаруы
13. Ластану неге байланысты: өндірістік-экономикалық жағдайға
14. Өздігінен тазару неге байланысты: қоршаған ортадағы физикалық-географиялық жағдайларға
15. Ластану түрлері: орналасу, кеңістік қамтуы, мерзімі, жаратылысы
16. Ластаушы көздер орналасуына байланысты бөлінеді: тұрақты және мобильдік
17. Тұрақты ластаушы көздері: өндіріс орындары
18. Мобильдік ластаушы көздері: көлік құралдары
19. Кеңістік қамтуына байланысты ластанудың түрлері: 3-топқа бөлінеді нүктелік(зауыт), алаңдық (көмір карьері), сызықтық (транспорт магистральдары)
20. Ластану мерзіміне қарай бөлінеді: бастапқы (қоршаған ортаға тікелей түсуі) немесе екінші қайтара (қоршаған ортадағы ластағыштардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде)
21. Ластану жаратылысы бойынша қандай топтарға бөлінеді: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық немесе визуалдық
22. Химиялық ластау көздері: газ, химиялық элементтер, түтін және т.б
23. Физикалық ластану көздері: радиоактивті, электромагниттік, шу, жылу
24. Биологиялық ластану көздері: бактериологиялық, вирустық, арапшөптер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет