10 сынып Географиялық зерттеу әдістері Географиялық мониторинг жүргізілетін деңгейлері: ғаламдық, аймақтық, жергілікті «Мониторинг»


және т.б 25. Эстетикалық немесе визуалдық ластану көздері: табиғи ландшафтының күрт өзгеруі, қайталанбас табиғат көрінісінің бұзылуы, құрылыс және т.б



бет6/19
Дата03.12.2023
өлшемі109,35 Kb.
#133069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
География ҰБТ 2023

және т.б
25. Эстетикалық немесе визуалдық ластану көздері: табиғи ландшафтының күрт өзгеруі, қайталанбас табиғат көрінісінің бұзылуы, құрылыс және т.б
26. Кез-келген аумақтың ластану деңгейін талдау үшін пайдаланады: ластаушы заттардың шекті мөлшердегі концентрациясы
27. Табиғи ортаның ластану көрсеткіші ретінде алынады: атмосфераның ластану индексі (АЛИ)
28. Қаақстанда қазіргі таңда анықталып отырған 5 экологиялық проблема: улы химиялық заттардың таралуы, өндірістік қалдықтармен ластану, Арал теңізіне қатысты мәселелер, Каспий теңізінің ластануы, шөлейттену, топырақтың ластануы
29. Қытайда әлі күнге дейін шешімін таппаған экологиялық мәселелер: ауаның көмірқышқыл газымен ластануы, қышқыл жаңбырдың жаууы, солтүстікте судың жетіспеуі,мелиорация әсерінен жер бедерінің бұзылуы, ормандардың жаппай кесілуі,катаклизмдердің көбеюі
30. Жыл сайын мұхитқа қанша мұнай түседі: 5-10 млн т
31. Адам әрекеті әсерінен өзгеріске ұшырау дәрежесін бағалау нәтижесінде адам тіршілігі тұрғысынан алғада қолайсыз деп саналатын қазіргі табиғи-антропогендік ландшафтылардың немесе геожүйелердің кешенді аудандастырылуы: геоэокологиялық аудандастыру
32. Қазақстандағы экологиялық жағдай шиеленісуіне қарай неше деңгейге бөлінеді: 5 деңгей
33. Апатты деңгейге кіретін аймақтар: Арал теңізінің акваториясы, Кенді Алтайдың өндірістік ареалы, Семей ядролық полигоны, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы
34. Апатты деңгейдің ластанудың қанша пайызымен сипатталады: 81-100 пайыз
35. Қауіпті деңгейге жатады: Балқаш, Жамбыл, Жезқазған, Қызылорда, Теміртау, Шымкент,Алматы,Қарағанды, Соколов-Сарыбай, Павлодар, Екібастұз, Жетібай-Өзен,Теңіз мұнай өндіру, Байқоңыр ғарыш полигоны, Возрождение полигоны, Ертіс, Сырдария, Нұра, Арыс өзендері, Балқаш көлі
36. Қауіпті деңгей ластанудың қанша пайызымен сипатталады: 61-80 пайыз
37. Шиеленіскен деңгейдегі аудандар: Ембі, Ақтөбе мұнай, Қарашығанақ газ, Ақшатау, Атасу-Қаражал, Жаңатас-Қаратау, Қашар, Саяқ, Текелі, Жетіқара, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Семей урбо-өндірістік кешендері, Қапшағай, Шардара су бөгендері, Іле, Шу өзендері
38. Шиеленіскен деңгейдегі аудандар ластанудың қанша пайызымен сипатталады: 41-80 пайыз
39. Қанағаттанарлық деңгейдегі аудандар: Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Талдықорған, Петропавл, Орал қалаларының урбо-өндірістік кешендері, Есіл, Талас,Тобыл, Сарысу, Жайық өзендері
40. Қанағаттанарлық деңгейдегі аудандар ластанудың қанша пайызымен сипатталады: 21-40%
41. Қолайлы деңгейдегі аудандар: Қазақстанның адам аз қоныстанған аймақтары, шөлейттер, шөлдер, таулы аймақтар
42. Қолайлы деігей ластанудың қанша пайызымен сипатталады: 0-20 пайыз
43. Қазақстан аумағын экологиялық шиеленіс деңгейі бойынша 5 деңгей 47 провинцияға бөлген: қазақстандық геоэколог А.В.Чигаркин
44. Табиғи ортаны сипаттайтын көрсеткіштер: тұрақтылық, икемділік, инерция, сыйымдылық және ортаның өзгеру шектері
45. Құрлықтың қанша пайызын ормандар алып жатыр: 26,8 пайызы (4 млрд га)
46. Дүниежүзінде ағаш сүрегінің қоры: 330 млрд м3
47. ФАО ұйымының деректері бойынша қазіргі кезде жыл сайын кемінде қанша орман жойылады: 6 млн га
48. Орман жойылуы көп байқалатын аймақтар: Амазония мен Индонезия
49. Жыл сайын тек эрозия әсерінен құнарлығын жоғалтып, айналымнаншығып қалатын жер ауданы: 6-7 млн га
50. Атропогендік шөлейттену көлеі қазіргі кездегі ауданы: 10 млн км2
51.Бүкіл әлемдік жер қорының қанша пайызы антропогендік шөлейттенуге ұшыраған: 8 пайызға жуығы
52. Атмосфераның төменгі қабаттарының жылынуынан болатын құбылыс: жылыжай эффектісі
53.Соңғы 10 жыл ішіндегі атмосфера құрамындағы озонның 40 пайызға азайғанын анықтаған: 1984 жылы Халли-Бей стансысында
54. Озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды шектеуге қол қойылған жыл: 1989 жылы (Монреаль хаттамасы) 1985 жылы (Вена конвенциясы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет