10-сынып І тоқсан


Рухани дүние мен жаңа технология құстың қос қанатындай



бет152/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   169
Рухани дүние мен жаңа технология құстың қос қанатындай

Оқылымалды тапсырма

Факт деген не? Көзқарас деген не? Факті мен көзқарастың айырмашылығын түсіну үшін ережесін шығару.

«Факт және көзқарас» мұғалім таныстырылымы.

Факт 1. Факт. Яғни, нақты дәлел.

Фактің өзін бірнешеге бөліп қарастыруға болады.

а) Нақты факт. Мұндай фактілер бүкіл әлем болып қабылданған, дәлелденгеніне көп болған деректер. Мысалы, Вакумдегі жарықтың жылдамдығы - 299 792 458 м/с. Бұл ғалымдардың есептеуімен табылған факт. "Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды" деген сөйлемге де сілтеме көрсетудің қажеті жоқ.

ә) Сілтемені қажет ететін фактілер. Кейбір деректер факт бола тұра, оны нақтылай түсетін деректер қажет етеді. Мысалы, "Қазақстанның халқы 17 миллион" деген фактіне алайық. Бұл - факт, алайда мұны нақтылау үшін соңғы жүргізілген халық санағына сілтеме көрсетілуі тиіс.

б) Әдеби фактілер. Бұл топқа әдеби кітаптағы деректерді жатқызуға болады. "Қожа Майқанова апайдың сөмкесіне бақа салып жіберді". Ойдан шығарылған дерек. Мұның әдеби факті болатын себебі Б.Соқпақбаевтің кітабында жазылған. Ал нақты факт ретінде қолдануға келмейтінінің себебі -ойдан шығарылған.

2. Пікір және сенім. "Әлемдегі ең сұлу қыз - Zarina Diyas". Бұл - менің пікірім. Кейбір адамдармен сәйкес келуі мүмкін менің ойым, бірақ бұл факт емес. Немесе "Англияның ауа райы жаман" деген де менің пікірім. Бір қызығы, бұл топқа субъектив пікірдің бәрін жатқызуға болады һәм ешқашан бұлар академиялық мақалада қолданылмайды. Сондай-ақ, "Иса пайғамбар әкесіз туған" деген сенім. Інжілде, Құранда бұл туралы айтылса да, академиялық мақалада мұндай деректер факт ретінде қарастырылмайды.

4. Өтірік. Ат айтып тұрғандай кез келген өтіріктер. Бұларды да академиялық артиклде дереккөз ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, "жер - теп-тегіс". Бұрынғы адамдар осыған сенген және айналаға қарасаң, жер теп-тегіс болып көрінеді. Алайда жердің шар (жарайды элипс) тәріздес екенін бәріміз білеміз. "Қытай қорғаны Айдан көрінетін адам жасаған жалғыз құрылыс нысаны". Бұл да өтірік дерек.

«Бұрыш» әдісінде тапсырмаға берілген тармақты шығарманың басқа жолдарымен ауыстыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет