Оқылым тапсырмасы
Оқушылар топта мәтіннің рейтингін анықтап, жауаптарымен бөліседі.
1. Көлемді мәтін / қысқа мәтін
2. Маңызды оқиға / маңызы төмен оқиға
3. Дәлелі көп мәтін /дәлелі аз мәтін
4. Өте қызықты мәтін / қызықсыз мәтін
5. Көп адам саны қамтылған/ аз адам қамтылған
6. Менің өміріме қатысы бар/ өміріме байланысы жоқ
7. Түсінуге жеңіл /тілі ауыр
8. Соңғы ақпарат/ескі ақпарат
9. Позитив оқиға/ жағымсыз оқиға
10. Елдегі жағдай/ тыс жердегі жағдай
Оқушылар Балғабек Қыдырбекұлының «Қырық құрақ» фельетонын оқиды, сұрақтарға жауап береді:
Мәтіндегі жұмысшылар немен айналысады?
Фельетондағы оқиға қай мезгілде және қайда болды?
Тігіншілер қандай қиындыққа тап болды?
Басымбек туралы қандай ойдасыз?
Достарыңызбен бөлісу: |