О1. Мәтіндегі ақпаратты анықтау
|
10.О3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау
|
Балғабек Қыдырбекұлы «Қырық құрақ» фельетоны
Мұғалім ой шақыру мақсатында сыныпқа сұрақтар қояды:
Ауыр өнеркәсіпке не жатады?
Неге оны ауыр өнеркәсіп деп атайды?
Ауыр өнеркәсіп біздің өмірімізде қандай орын алады? Мысал келтіріңдер.
Оқылымалды тапсырмасы
Мәтінде кездесетін сөз және сөз тіркестерімен жұмыс жасалады. Мұғалім берілген сөздерді тақтаға жазып, оқушылардан баламасын не мағынасын сұрауға болады. Білмеген жағдайда мұғалім өзі түсінік беріп, тақтаға жаза алады.
үздік-создықпен – үзіліспен, арасында демалып
ардақты міндет – абыройлы
елтірі - туғаннан кейін 2 – 3 күн ішінде сойылған қозы терісі.
үлкен-үлкен теңдер – «тюк»
жылбысқа - шала туған жас төлдің жетілмеген терісі.
салаба-салаба – ескі, тозығы жеткен
сеңсең – 6 айлық қозының терісі
теңбіл – дақ
|