10-сынып І тоқсан


Ғ.Мұстафин «Қарағанды» романындағы өндіріс мәселесі



бет27/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   169
Байланысты:
3 Оқу жоспары Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 10 cынып

Ғ.Мұстафин «Қарағанды» романындағы өндіріс мәселесі

Тыңдалымалды тапсырма

Оқушыларға тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылады:



  1. «Қарағанды» романында қандай мәселе көтеріледі деп ойлайсың?

  2. Қарағандыдағы өндіріс орны туралы не білесің?

  3. Қарағанды қаласының тұрғындары неден зардап шегуі мүмкін?


Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар мәтінді тыңдап, бір-біріне тсіндіру арқылы негізгі мәселені анықтайды.

1-мәтін

Мейрам көмір құдығының түбіне жеткенде басқа бір дүниеге жеткендей болды. Тоғыз қанат киіз үйдің көлеміндей ғана қуыс, төбесінде кішкене шаңырақтай тесігі бар. Сол тесіктен жылтыраған көгілдір сәулені көмір тартқан екі шелек дамыл-дамыл түсіп шығып бүркей береді. Осы жолмен келіп, кетіп жатқан тәшкелердің дабыры, шиқылдаған тәшке, көтерілген көмір тозаңы тосын көзге жер астын алай-түлей, жат дүние көрсетіп тұр. Мейрам: Көмір құдығы қымбатқа түседі екен. Қаншама уақыт, күш, денсаулық ысырап болып жатыр, - деді.



2-мәтін

Кең далада суыр індері көрінбеді. Суыр өрбіп жүр. Өте сақ. Машинаны көрісімен мыртың-мыртың жүгіріп, қашып бара жатыр. Бес-алты күшігін ертіп басқадан бұрын қашып, ініне жетіп алады. Қарағанды көмірін осы суыр індерінен 1833 жылы қой бағып жүріп бала жігіт Апақ Байжанов тауыпты, -деді Чайков. Мейрам естімеген екен. Құмарта тыңдады. Бірақ не екенін білмеген. Ауылға көмірді әкеліп, ақсақалдарға көрсеткенде, олар да білмеген.



3-мәтін

Ермек жалаң инженерлерді емес, оқығандардың көбін ұнатпайды. Оның ойынша, оқығандар тек бай баласы. Инженерлер тек байдың қолшоқпары. Өзі оқымаған. Қарағандыдан шықпаған адам. Ескі Қарағандыдан көргенін мықтап ұстапты. Егер галстук тағып, ақ жағамен келсе, Мейрамның өзімен де сөйлеспес еді. Әңгімемен екеуі баракқа жетті. Қораштау барак. Ескі жұмысшылардың көбі осында тұрады. Монша, душ дегендер жоқ. Әр жұмысшы өз үйінде жуынады.


Сыныптағы оқушылардың деңгейіне сай «Қарағанды» романында көрініс табатын проблемалары бар тұстарын үзіп алып, тыңдалым ретінде ұсынуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет