Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.
10. 2.3.1 - көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
10.3.1.1- ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу
Оқылым алдындағы тапсырма. С.Талқылау сұрақтары:
Сұхбат дегеніміз не?
Ол қалай жүргізіледі?
Оның құрылымы қандай?
Ол қай стильде жазылады?
Оқылым тапсырмасы Ж.Оқушыларға «Қоршаған ортаны қорғау табиғаттың өзінен бұрын адамға керек» тақырыбындағы,
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы Төлеубай Қожанмен болған сұхбат мәтіні ұсынылады.
Оқушылар мәтінді оқып, көтерілген мәселені жұпта анықтап, талқылайды.
1-тапсырма.
Сұхбатта көтерілген басты мәселелер қандай?
2-тапсырма.
Сұхбаттың құрылымына назар аударыңыз
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Қойылған сұрақтар немесе журналист пікірі (сұхбат неден басталды)
Жоғарыдағы сұхбат мәтіні қалай рәсімделген?
Ж. Жазылым тапсырмасы: Оқылым мәтінін негізге ала отырып интерью құрап жазыңыз.
Интерью жазуға ұсынылатын тақырыптар:
«Сізді ғаламдық экологиялық мәселелер ойландыра ма?»
«Қызыл кітап беттеріні неге қалыңдауда?»
«Экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау экологиялық құқықтық сана деңгейіне байланысты.»
Интервью жазу үшін оқушылар алдымен сұрақтар құрап алады
Ескеру: Оқушылар сұхбат алу барысын диктофонға жазып алады немесе сұхбаттың транскриптісін жасайды. Кейін оқушылар интерью мәтінін жазып болған соң, түпнұсқамен салыстырады. Мұғалім оқушылардың сұхбатты қаншалықты өңдеп, публицистикалық стильге сай жазғанынан баға береді.
Сұхбат – журналистиканың талдамалы жанрларының бірі. Ол қоғамда өзіндік орны бар, белгілі ортада танымал тұлғамен жүргізіледі. Сұхбат алуға дайындықты тұлғамен таныстықтан бастау қажет. Журналист бәрін білуге міндетті емес, бірақ сұхбаттасар адамы жайында толық ақпаратқа қанық болмаса, білімсіздігін танытады. Үлкен тұлға алдында ұятты болмас үшін, алдын ала кітапханаға барып (немесе интернет арқылы) сол кісі жайында жазылған газет-журнал, кітаптарды шолып шығыңыз. Қажетті жерлерін түртіп алып, қояр сұрақтарыңызды ойластырыңыз.
Аузынан шыққан сөзін қаймағын бұзбаған қалпында сөзбе-сөз жазып қоймаңыз. Ауызекі сөйлеу стилін публицистикалық стильге түсіріп, өңдеңіз. Бастауыш пен баяндауышын орнықтырып, сөйлемнің басы мен аяғын тұтастырыңыз. Сөйлем мағынасын өзгертіп алмайтындай етіп, өз сөзіңізді қосып, көркемдеуге де болады. Асығыстық болмас үшін, сұхбатты жариялардан бірнеше күн бұрын жүргізіп, сұхбат берген кісінің өзіне бір оқытып алған жөн.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/39119/
http://zanmedia.kz/2016/10/18/orshan-artane-orau-tabiati-seen-bryn-adama-kerek/
«Қоршаған ортаны қорғау табиғаттың өзінен бұрын адамға керек»