Жазылым тапсырмасы «Сәулет өнері туындылары мәңгілік елдің мәдени құндылығы бола ала ма?» тақырыбында аргументативті эссе жазу.
Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Автор орындығы» әдісі арқылы жазған аргументативті эссені топта оқып, үздік жұмысты «автор орындығына» ұсыну.
Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.
Кіріспеде қолданылатын сөз оралымдары /клише/
Барлығына белгілі, бұл тақырыптың маңыздылығы.., басты көтеріліп отырған мәселе, бұл жерде сөз болып отырған...
Мәселені құрылымдауда қолданылатын сөз оралымдары
жоғарыда көрсетілгендей, көпшілікті толғандыратын мәселе, менің ойымша, бұл көтерілген мәселе,
Өз пікіріңді көрсетуде қолданатын сөз оралымдары
Автормен келіспеу мүмкін емес, себебі.., бұл мәселе тұрғысында менің ойым автормен үндесіп жатыр, мен автордың...деген ойларымен келісемін, алайда..,
Аргумент келтіруде қолданатын сөз оралымдары
Көп жағдайда біз... мәселелерге тап боламыз , біздің заманда ... күнделікті жайт болып кетті, бұл жерде көтерілген мәселе көптеген адамдарды толғандырған, мысалы.., бұл тақырыптың өзектілігі...
Қорытындыда қолданатын сөз оралымдары
Осы жұмысты оқып шығып әр кім...ойланады, автордың ұстанымымен танысқан соң... түсінесің, ...автор өзінің ең басты/маңызды ойын айтады, шығарманың соңында автор бекерден-бекер...туралы жазбаған, автор...болғанын қалайды.
Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу